Шешендік сөздер

Шешендік сөздер

Құрметті «Алаш айнасы» сайтының оқырманы! Біздің сайт бұдан былай «Шешендік сөздер» айдары арқылы қазақтың бояуы қанық, бейнелі шебер тілмен айтылған шешендік сөздерінен үзінділер беріп отыратын болады. Шешендік сөздер мазмұны мен құрылысы жағынан мақал-мәтел, аңыз әңгімелер, толғаулар мен айтыстарға жақын келеді.
Махамбет Өтемісүлы 1804 жылы осы күнгі Орал облысының Орда ауданында, Нарындағы Бөкетай кұмында туған. Өтемістің он баласы болған; солардың ең үлкені Бекмағамбеттен кейінгісі Махамбет екен.
"Менің атым Махамбет" деген өлеңінде: "Өтемістен туған он едік, онымыз атқа мінгенде, жер қайысқан кол едік",— дейді, Өтемістің үлкен баласы Бекмағамбеттен баскалары көтеріліс кезінде түгелдей халық жағында болып, оған белсене қатысқан.
Махамбет жас кезінде хан ордасында болады. Арабша да, орысша да хат білген. Оның ордада, Орынборда болуы туралы Жәңгір хан өзінің губернаторға жазған хатында: "Исатайдың ең жақын досы, ең бірінші кеңесшісі, ол сойканның ең бірінші жәрдемшісі болған Махамбет Өтемісұы деген киргиз (қазақ) менің Зұқайнарнайын атты ұлымның жас кезінде Орынборда қасында болды, бірак ол мүлде бұзылған адам болғандықтан, мен оны қуып жібердім"',— деп сипаттады.
Махамбеттің жас кезінде хан ордасында болуына екі түрлі себеп бар. Бірінші Махамбеттің ағасы Бекмағамбет — Жәңгірдің 12 биінің бірі. Сондықтан Махамбет балалық шағын ағасының қолында, Ордада өткізуі мүмкін. Екінші, ол кезде хан сұлтандар ескі дәстүр бойынша, қолдарына өзін мақтап өлең айтатын ақындар ұстаған. Байток, Жанұзақ — Жәңгірдің белгілі сарай ақыны атанған адамдар.
Жасынан-ақ шешендігімен, ақындығымен көзге түскен Махамбетті хан өзіне баулып, әлгілер тәрізді өзінің сөзін сөйлеп, сойылып соғатын, ханды мадақтап, даңқын жайып, беделін көтеретін сарай ақыны өтуді ойлаған. Бірақ Махамбет Жәңгірдің бұл ойынан шықпайды. Халықтың болашақ жалынды ақыны өмір шындығын суреттеуге жасынан-ақ бет түзейді. Орда айналасындағы әр алуан әділетсіздікті, жауыздықты өз көзімен көргеннен кейін, ол жалпы ел басындағы ауыр халді де ұғына бастайды.
Хан емессің, қысқарсың,                      Хан емессің, ылаңсың,
Қасталбасты басқырсын,                     Қара шұбар жылансың
Достардың келіп табалап,                   Хан емессің, аярсың,
Дұшпанның сені басқа ұрсын!            Айыр кұйрык шаянсьш!...—
деп шындыкты бетке айтады сөзі осы оқиғаны меңзейді. Ханмен ат кұйрығын кесісіп, Махамбет түгелдей халық жағына шығады да, онымен ашык күреске бел буып, серт байлайды, Ханның кара халыкты езіп отырғанын, халықтың басында ерік, билік жоғьш түсіндіріп, ел арасьшда да ханға қарсы үгіт жүргізіп, өзінің жалынды жырьш осы жолға жұмсайды.

Махамбет көтеріліс кезінде
Исатайдың айнымас серігі, "қабағын шытпас ер", "дініне берік" жауынгер де абзал досы, еліне өміріне қызмет етуді бүкіл ғұмыр-тіршілігінің мазмұны деп білген, "қолына коңыраулы найза альш" асқақ әуенімен Исатай басшының
соңынан ерген, ереуіл ақьшы Махамбет болды. Махамбет жалынды жырымен, шешендік үнімен Исатайға дем берді. Соны сезген хан ақынды старшындықтан тайдырды. Исатай мен Махамбетті ұстап алмаққа бекінді. Ел тілегі ерлерде екенін, қара халытың соларға жақтастының сезген хан олардың көзін жойғысы келді. Жаппаған жаласы қалмады. Махамбетті кісі өлтірді деп өтірік жала жауьш, оны ұстату үшін қол жасақтап, аттандырады да.
Махамбеттің Исатай атынан шығарған "Өй, Махамбет жолдасым" деген өлеңінде көркемдік көрініс тапқан. "Батыр аңғал дейді" ғой халық. Исатай залым ханның жалған сөзіне сеніп, арбауына түсіп қалады. Орданы
коршап алған кекті жігіттердің сұсынан хан да, оның төңірегіндегілер де катты үрейленеді.
Махамбеттің "соғыс" өлеңі де сол замандағы ұрыс құралымен қаруланған патша үкіметінің Геке баскарған патша әскерімен канды шайкаска түскен шешуші айқасты бейнелейді. Соғыс Бекетай күмында болған. Исатайдың қалың колы осы жерде топтаскан. Айбарлы жасақ жауына ок болып атылуға әзір. Сол бір сәтті ақын:
Әскер жиып аттандық,                    Ағатай, Беріш ұраным
Бекетай еді тұрағым.                       Бекетай кұмға ел коньш,
Айқанйлап жауға тигенде.              Байбакты Жүніс аттанды, -
деп бейнелейді. Бекетай кұмындағы ұрысты Махамбет барынша реалистікпен көрсеткен. Көз алдында қанды майдан, қырғын өлім. Өрттей лаулаған жау. Ол мейірімсіз. Мылтығын қардай боратып, қамалды бұзып жауар бұлттай түйіле, найзағайдай атыла сөйлейді, ерлік мінезінен қайтпайды.
Геке баскарған орыс армиясымен соғыста 1838 жылы шілденің 12-сі күні Исатай қаза табады. Махамбет бірнеше жолдастарымен әскердің шебін бұзып шығып кұтылады.
Махамбет бұл жолы патша әскерімен табан тіреп соғыса алмайды. Өйткені Гекенің соғыс техникасын жаксы білетін, күшті "қаруланған 500-ден аса әскерімен белдесіп соғысуға тірі қалған аз адаммен шамасы келмейді.
Исатай қазасынан кейін Махамбет түңілушілікке, жалғыздыққа сәл көтеріліс басылғаннан бой алдырады. Жау бейбіт халыққа қысым-қиянатын бұрынғыдан да үдетіп, Махамбеттің ізіне шам ала түседі.
Қуғын-сүргінге түсіп, жалғыз калғанын білген сабаз акынның:
Жалғыз калдым...
Адасып қалған үйректей.
Немесе:
Бұл фанидің жүзінде
Махамбеттей зарығып
Мұңды болған кайда бар, деуі де содан. Ол тіпті: "қаумалаған қасымда қарындастың кемі үшін",— деп те,
Махамбеттің ойлағаны өз қара басының "тіршілігі емес". Ол елінен кеткенде, олжа іздеп те бара жатқан жоқ, бас сауғалау да еш ойында болған емес. Ол атаңа нәлет Жәңгірдің халықты "қан жылатқан заңынан" құтқарудың жолын іздейді, қол жинап, "Ана Нарында жатқан, жас баланың қамы үшін" хан сұлтандармен кайтадан айқасып, кек алуды ойлайды.
- Қандай қиын-қыстау күндерді басынан кешірсе де, "Әділ жаннан түңілген" кездерінде де Махамбет күрес жолынан, үстаған бағытынан айныған емес; Бірақ Хиуа сапары сәтсіз аяқталады. Хан әскер бере алмайды. Сонан соң Махамбет елге оралады. Әлім, Шөмен, Адай елдері ішінен жігіт жинап "Дұшпанға қарсы келгенде, дініне берік" ер азаматтарды топтастыра бастайды. Сол елдерде жүргенде жазған хатында Махамбет: "Ардақты ағаларымыз: Бабайға, Надыркүлға, Сөлиге, Жармұғанбет және Жамантайға— барлығына сәлем! Өздерің сықылды достардың дұғасымен, аллаға шүкір, есенмін. Мен Хиуадан аман-есен қайттым. Сіздерді сағындым, осынша-ақ көргім келеді, бірақ қиьшшылыкка түсіп түр.
Әскер шығардың алдында ханға (Хиуа ханы) тағы бір жолығып шығам. Әрілегенде әскер осы алдымыздағы жазда шығады. Егер жағдай көтерсе, қалайда старшын Сәлиді жіберіңдер, ол жаққа (Хиуаға), барардың алдында мен сіздердің қандай халде екендіктеріңді білуім керек қой"— деп жазады. Осы хат ақынның қас жауларының қолына түседі. Олар: "Махамбет елдің тынышын алуда, дегенмен ел әлі күнге оны үстап бермей жүр",— деп, оның үстінен шекара комиссиясына шағым түсіреді.
Махамбет тағы қуғын-сүргінге үшырайды. Жөңгір де, Орынбор генерал-губернаторы да оның соңынан қуғыншылар жібереді. Ақыры, үйінде қаннен-қаперсіз отырған ақынды ойда жоқта патша жендеттері қамап алады. Махамбет жалғыз екен. Сонда да өліспей беріспеске бел байлады. Тек, әттең, ататын қаруы болмаған, қолында тек канжары ғана. Батыр үйге кіріп келген солдаттардың біреуін ғана жарақаттай алған. Жендеттер жабыла бас салып, оның қол-аяғьш байлап алады да, Орынбор түрмесіне айдайды. Сондағы жолдау қағазда "Жасы 37-де, бойы екі аршын және 5 вершок, шашы, қасы мұрты, сақалы қара, бетінде дағы жок, қара торы, қой көзді",— деп сипаттайды ақынның түр-түрпатын. Махамбетті түрмеге қамайды, тергеуге алады. Ақын ағайын-туғандарын, үй ішін сағынады. Соларды бір көруге зар болады. Тұтқын азабын, ауыртпалығын тартқан қапастағы ақын:
Кеше біз зынданда жатып кұбылдык?
Қамалаған көп дұшпанға кор болдык.
Терезеден телміріп,
Ағайын мен туғанды
Бір көруге зар болдык,—
деп, іштей сағынышын, қайғы-қапасын өлеңмен сыртқа шығарады. Махамбеттің ісі әскери сотка беріледі. Бірақ мұнан да ақталып шығады. Оған негізгі себеп — 1837 жылы соғыс кезінде Исатайдың үй іші патша әскерінің колына түседі. Тап сол кезде патша офицері Шустиков өзінің солдаттарымен батыр Есет Көтібаровтың қолында екен. Осы екі арадағы келіссөзге Махамбет араласьш, патша әкімдерін босатуға кызмет көрсетсе керек. Махамбет сотта соны тілге тиек еткен. Сондыктан Орынбордың генерал-губернаторы: "Орал сыртындағы Ордада болған кезде, үкіметке жаксылык еткенін ескеріп, сотка тартылған Махамбет Өтемісұлы жазадан кұткарылып, шекарадан өткізіп салынсын, бірақ оның бұдан былай шекараға жакындауына тьйым жасалсын, егер де бұл тыйымды бұзса немесе Ішкі Ордаға өтсе, ол катал жазаға тартылсын",— деп үкім шығарады.
Шекара комиссиясы бүйрығымен Махамбетті Кіші жүздің сұлтаны Арыстан Жаңтөриннің карауына, бакылауына жібереді.
Жауыз Жөңгір Махамбеттің кыр соңынан калмайды. Көзін кұрткысы келеді. Генерал-губернаторға да арыз-шағым жасайды, соттатпак та болады, талай айлашарғы жасап көреді. Бірак "атадан туған аруакты ерді" елім деп еңіреген ерін, жалынды акынын халкы жауға ұстап бермейді, ол ел ішінде бой тасалап жүреді. Сонда да, сондай жағдайда да ханға, төрелерге, сұлтандарға патша әкімдеріне карсылығын қоймайды.
Баймағамбет сұлтан Махамбетті ұстап бермек боп, талай топ құрады, алдап та, арбап та көреді. Шақырта кісі де жібереді. Бірақ Баймағамбет сияқты ата жауларының сырына қанық Махамбет оның алдауына түсе қоймайды. Сөйтіп жүрген шақтарының бірінде ақын ойламаған жерден Баймағамбетпен ұшырасып қалады. Ақынның өмірін білетін ескі көздер бұл кездесудің қалай болғанын былай деп баяндайды: "Махамбет бір күні өзінің көбірек түсетін ауылына барса, Баймағамоеттің үстінен шығады. Баймағамбет бір жұмыспен осы ауылға келген екен. Қасында жасағы жоқ, бірнеше билері, жақын төре-төлеңгіттері ғана болса керек. Қару-жарақ асынған Махамбет келіп қалды дегенді естиді де, Баймағамбет өзін қолпаштаушы ауыл байлары мен билеріне: "Мұнда алып келіңдер, сөйлесейік, бірақ оғаш сөз сөйлемеңдер, не десе, көне беріңдер, біз бұл ауылға қонақпыз, жай отырғанда бізге тиісе алмайды. Ал шалыс келсек, қару-жарағы бар, өлтіріп кетуі мүмкін, дегенмен сактанып отырыңдар"— дейді.
Әрі арыстан жүректі батыр, әрі жалынды ақын Махамбет үйге кіріп келгенде, сұлтан да, оның нөкерлері де сескеніп қалады, бірақ сыр білдірмеуге тырысады. Ал Махамбет Баймағамбетке де, оның маңындағыларға да амандаспай отыра кетеді. Екі жағы да сақ, арбасып отыр. Әңгіме үстінде Баймағамбет: "Исатай екеуің не істемекші едіңдер, соны айтшы?" — дейді. Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны дейтін әйгілі өлеңі табан астында, осы арада шығарылған екен. Төрелер бірдеме дегісі келіп, бұған Баймағамбет қалай қарар екен деп жарамсақтана оған қарайды. Бірак Баймағамбеттің батылы бармайды. Біреу бірдеңе десе, қан төгіс боларын сезеді де: "Бұлай айтпаса, ол Махамбет бола ма, ондай сөзді көтермесем, мен хан боламын ба?"— деп көлгірсіп, жалтақтай сөйлейді.
Қайар батырдың сүсы басып кетеді.
Ақын Баймағамбетпен оңашада кездеспегеніне өкінеді, сыйлас досьшың үйінде кездескеніне "әттең-ай" деп қала береді. Махамбет ауылдан кетіп, Баймағамбеттердің жолын тосады, әккі залым сұлтан мұны сезіп, басқа жолмен кетеді. Махамбет кездеспей қалғанына өкінеді. Баймағамбет сұлтан мұнан кейін бұрынғысынан да ызалана кектенеді. Махамбетті ұстап берген жанға 1000 сом беремін деп жар салады. Хальщ хан баласьша адал үлын сатпаған. Дүние боқтығына қызықпағаң, еріне опасыздық жасауға елі бармаған. "Жер ала, бұлт шола" дегендейін, "күн ашықта мойнында, күн жауғанда койнында" деп Абай айткандайын, тек опасыз, сатылған, екі жүзді жандар ғана асыл ерді қапыда өлтіруге барған. Ол ақынның алыс туысы әрі "досы" боп жүрген Ықылас деген опасыз, қанішер. Ғазиз ақын, айбарлы, каһарлы батыр, елінің ары, қорғаны ардагер акының ол түлкіленіп, жылмаңдап келіп, зұлымдыкпен өлтірген. Ашық айқаста емес, адал дастарқаны үстінде дәм-тұзын таусып отырған шақта, жалған досы Ықылас сырт жағынан кеп, басын шауып алады. Дүние құлы болған жендеттер шауып алған ақын басын Баймағамбетке тартуға әкетеді. Өксіп жылап, қан жұтып батырдың асыл жары, аяулы перзенттері қалады. "Қорлықта жүрген халқына бостандық алып берем" деп, дұшпанымен кескілесе жауласқан абзал ер азамат осылайша жау колынан қапыда қаза табады. Сөйтіп ардагер акын 1846 жылы 42 жасында дүние салады. Ақынның зираты Атырау облысы, Махамбет ауылынындағы Қарой деген жерде.
Қазір ол жер "Махамбет ойы делінеді. Махамбет зираты сол Қаройда. Сол жердегі колхоз Махамбет атымен аталады.

Қожаберген жырау шығармашылығындағы «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама»
Сыпыра жырау – қазақ пен ноғай
Базар жырау (1841-1911). 
Сартай Көшкіншіұлы жырау.
Қожаберген батыр - жырау орта жүздiң Керей руынан тарайды.
Ескелді би (шамамен 1692 —1770 жж.) Әмбе жалайыр әулие атанған
Балуан Шолақ (шын аты — Нұрмағамбет)
Сүйінбайдың қырғыздың атақты айтыскер-ақыны
Балпық би (1694 —1784 жж.)
Келдібекұлы Қазыбек би - қазақтың Тәуке
Шал ақын, Тілеуке Құлекеұлы
Бұқар жырау - суырыпсалма ақын, жырау
Жәлменде Байшығашұлы (1846-1901) - би, шешен.
Шешендік сөздер жинағының сілтемесіне басыңы
Азарсың, жұртым, азарсың
БАҚЫТ ҚАЙДАН КЕЛЕСІҢ
Сыпыра жырау
Бөгенбай қазасын Абылай ханға естірту

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста