Шешендік сөздер

Шешендік сөздер

Құрметті «Алаш айнасы» сайтының оқырманы! Біздің сайт бұдан былай «Шешендік сөздер» айдары арқылы қазақтың бояуы қанық, бейнелі шебер тілмен айтылған шешендік сөздерінен үзінділер беріп отыратын болады. Шешендік сөздер мазмұны мен құрылысы жағынан мақал-мәтел, аңыз әңгімелер, толғаулар мен айтыстарға жақын келеді.

Ұлбике есімі елімізге таңсық болуы да ғажап емес. Шынымен Ұлбике ақынды көпшілік біле бермейді. Бірақ Мәшекеңнің (Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы) шығармашылығымен таныс адам Ұлбике жайында азды-кемді ақпарат алып қалады. Жалпы Ұлбике ақынның өмірі жайында дерек тым аз, бірақ жоқ та емес.
Ұлбике Жанкелдіқызы 1825 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданы дүниеге келген.М.Ж.Көпейұлы өзің «Қара месінде» «Ұлбике-ұлы жүз, үйсін, ошақты. Әкесі - Жанкелді де, шешесі - Жаңыл да ақын», - деп айтады.Небәрі 12-13 жасында-ақ шаршы топқа суырылып шығып, ақындармен айтысқа түсіп, ел назарын өзіне аударған. Тіпті Ұлбике қыз өмірінде қара сөзді көп қолданбаған, сөйлесе тек қана өлең жолдарымен толғаған деген деректер бар. Сол себептен болар, жұрт ақын қызын «Ұлекеңнің таңдайында өлеңнің ұясы бар» деп айтып жүріпті. Ақын, әнші, саусағынан бал тамған шебер домбырашы Ұлбикенің өмірі мен әдеби мұрасы әуелде Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, одан соң этнограф Әбубәкір Диваев барынша баяндаған. Бертіндері Ұлбике Жанкелдіқызының шығармашылығы жайында қалам тартқан филология ғылымдарының докторы, профессор Жанғара Дәдебаевтың «Ұлбике ақын» атты ғылыми талдау-сараптама еңбегі ерекше ұлттық тарихымызға қосылған құнды еңбек болып бағаланды. Жоғарыда аталған этнограф, ғалым, ақындар Ұлбикенің өнерін терең бағалап, өлеңдерін талдап жазған.Сондай-ақ, бұл тізімге Сәрсенбі Дәуітұлы мен Рахымжан Сағынбекұлын да қосуға болады. Сондай-ақ, Ұлбике турасында қарағандылық Гүлжан Зиядуллақызы да талдау мақала жазған.Айтыс өнерінде, қазақ ұлтының ауыз әдебиетінде Ұлбике Жанкелдіқызының алатын орны ерекше екені даусыз. Мәшекең ол жайында былай толғайды: «Бұрынғылар домбыра ұстап, өлең айтатұғыннан «Қайым» білесің бе деуші еді...«Қайым» деп екі адамның айтысқанын айтады екен. Сонда қайым өлеңнің ілкі басы -Күдері Қожа мен Ұлбике қыз айтысы. Бұл екеуінен бұрын қайым өлең де жоқ , айтыс та жоқ. Бұрынғылардікі мақал, тақпақ. Бұлардан бұрын жырлап сөйлейтіндер болған, жырлап сөйлеушінің тұңғышы - ноғайлыдан шыққан Мөңке би, Орманбет хан заманында қосшы бала, қазақтан жырлап сөйлейтін Бұқар жырау. Олардың заманында өлең тіпті жоқ»,- деп жазады. Әбубәкір Диваев болса: «Сол заманда Күдері деген бір кісі «қожамын» деп ел қыдырып, зекет, підия сықылды садақаларды жиып жүреді екен. Сол уақытта бір той болып, Ұлбике тойға келген соң Күдері қожамен айтыстырамыз деп кеу-кеулеп, қожаны қыздың қасына алып келіпті,-дейді.

Күдері: Ұлбике, қара қияр, қара қияр,
Сыдырсаң қара қамыс қолың қияр.
Ұлбике, сенен сұрар бір сөзім бар,
Мынау тентек некеңді қашан қияр?!

Ұлбике: Қожеке-ау, өзің айтқан қара қияр,
Сыдырсаң қара қамыс қолың қияр.
Ақсақ пенен тоқсақтың бірін берсе,
Сіз секілді қожаның өзі-ақ қияр,-деп Ұлбике қиналмастан жауап береді. Күдері қайым айтыстың арнасын басқа жаққа бұрып:

Ұлбике, сенің байың Бойтан тентек
Қолына ашуланса алар келтек
Баяғы төмен етек әйелдігің
Соны да шыныменен қылдың еркек,- дегеңде
Ұлбике:
Мақтанып қыз артынан жігіт өтер
Сөзіне жаман адам сеніп өтер,
Ит мінез кейбіреулер болар дейтін,
Асынан «ит жеместің» үміт етер.

Тақсыр-ау, сен қожасың, мен қарамын,
Болғанда ақыретке бір барамын
Айналып нәзір жиып жүргеніңде,
Пейішке сенен бұрын мен барармын!-дейді.

Жанымның әр моншағын үзіп алды,- деп қиын сәттеріне жасымай, сары уайыммен санасын сыздатпай батыл түрде жырлауы Ұлбике болмысының биік, мінезінің қайсар, сөзінің өткір, өзінің дана екенін көрсетеді. Бұл айтыстың кей тұстары кезіндегі «Біржан мен Сара» айтысын еске түсіреді. Таз Жиенқұлды қалай ғана күйеу қылдың деген Біржанның өткір сөздері Сараға оңай тимесе де, тапқыр ақын жарының басқа тұстарын айтып ақталады. Дегенмен ол айтыс Біржанның пайдасына шешілгенін ел аузынан да, тарихтан да білеміз. Сол сияқты Ұлбике ақын да алдына жан салмастан Күдері ақынға нақты жауап беруге бел буған.
Ұлбикенің ең көп айтысқан адамы осы Күдері қожа. Бұл екеуінің айтысын алғаш рет жазып алған белгілі ғалым В.Радлов.1870 жылы Радловтың «Ауыз әдебиеті үлгісінде» Ұлбикенің Күдері қожамен айтысы Санкт-Петербург қаласында басылып, кейіннен орыс және неміс тілдерінде жарық көреді.
Ұлбикенің өлімі аңызға айналған қаза. Күні бүгінге дейін ол өлім жайында жызлған нақты дерек жоқ. Мәшекең өз зерттеулерінде сұм Бойтанның Ұлбикенің өнеріне, ел алдына шығуына қарсы болып оны қойдың сирағымен өлтірген десе, Әубәкір Диваевтың зерттеуі бойынша айтыстан келе жатады. Сол жолда Бойтан оны айбалтамен шауып өлтіреді.
Сөйтіп, өз заманының хас ақыны, домбыраның шебері, қазақтың ежелгі айтысының, қазақ өнерінің тархына айналған Ұлбике ақын небәрі 24 жасында қара күштің құрбаны болып, өкінішті өлім құшқан.

Қазақта Құлыншақ деген ақын өткен
Майлықожа Сұлтанқожаұлы (1835-1898) - қазақтың халық ақыны
ДОСБОЛ БИ. Досбол Қорлыбайұлы бір деректе 
Еңсегей бойлы Ер Есім!
Алдар би 
Құнанбай қажы Өскенбайұлы
Жиренше шешен (туылған-өлген жылы белгісіз)
Махамбет Өтемісүлы 1804 жылы осы күнгі Орал облысының Орда ауданында
Қожаберген жырау шығармашылығындағы «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама»
Сыпыра жырау – қазақ пен ноғай
Базар жырау (1841-1911). 
Сартай Көшкіншіұлы жырау.
Қожаберген батыр - жырау орта жүздiң Керей руынан тарайды.
Ескелді би (шамамен 1692 —1770 жж.) Әмбе жалайыр әулие атанған
Балуан Шолақ (шын аты — Нұрмағамбет)
Сүйінбайдың қырғыздың атақты айтыскер-ақыны
Балпық би (1694 —1784 жж.)
Келдібекұлы Қазыбек би - қазақтың Тәуке
Шал ақын, Тілеуке Құлекеұлы
Бұқар жырау - суырыпсалма ақын, жырау
Жәлменде Байшығашұлы (1846-1901) - би, шешен.
Шешендік сөздер жинағының сілтемесіне басыңы
Азарсың, жұртым, азарсың
БАҚЫТ ҚАЙДАН КЕЛЕСІҢ
Сыпыра жырау
Бөгенбай қазасын Абылай ханға естірту

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста