Шешендік сөздер

Шешендік сөздер

Құрметті «Алаш айнасы» сайтының оқырманы! Біздің сайт бұдан былай «Шешендік сөздер» айдары арқылы қазақтың бояуы қанық, бейнелі шебер тілмен айтылған шешендік сөздерінен үзінділер беріп отыратын болады. Шешендік сөздер мазмұны мен құрылысы жағынан мақал-мәтел, аңыз әңгімелер, толғаулар мен айтыстарға жақын келеді.

АҚЫН САРА. Сарамен айтысқан атақты Біржанның ағайындары бұрынғы Көкшетау облысы, Еңбекшілер ауданында тұрады. «Баласы Қожағұлдың атым Біржан» дейді. Қожағұл оның атасы.Өз әкесі Тұрлыбай. Өмірден өтер алдында Теміртас, Асыл, Ақық деген балаларына бірнеше өлең шығарған. Бір өлеңінде: «Елу беске келгенде көрген қалқам» деп Теміртасты айтады. Біржан 1891 жылы, 58 жасында дүние салған. Бейіті Степняк алтын зауытының «Лермов» деген шахтасының қасында. 1833 жылы туған. Сонда «Біржан мен Сара» айтысы 1895 жылы өтті деген шындыққа келмейді. Сарамен айтысында Біржан «мың жарым жылқы біткен Қожағұлға» дейді. Шын мәнінде ол кедей болған. Оны өзі жасырмаған. Жолаушылап қараша үйге енген Біржанға бір кедей қызы қатықсыз қара көже берсе, Біржан ернін ғана тигізіп, ішпей қайтарады. Сонда кедей қыз:
Байлардың жейтін асы жая мен жал,
Шығады нақ кедейден осындай сал.
Қыс аяғы, шаруа күзеу болады,
Қыс аяғы кекіреймей аузыңды сал, –
дегенінде Біржан:
Атандық салдықпен Біржан сері,
Серінің күнде думан жүрген жері.
Қарындасым, серіге сөзің өтті,
Көжені басып-басып ап кел бері,–
деп жауаптаған.
Біржан өмірден өтер шағында:
Дүние өтеріңді біліп едім,
Білдірмей кедейлікте жүріп едім,
Бұл күнде де тоқтыдан құным төмен,
Үш жүзге атым шыққан Біржан едім, –
дегенді де айтқан.
Біржан өмірден өтер алдында үш жыл сырқаттанғаны мәлім. Орынсыз ән салып, отырған жерінің мазасын ала берген соң, жаратпағандар «жындыға» балап, қол-аяғын байлатып тастаған. Біржанның ақындығынан әншілігі басым. Өзі композитор, дауысы зор, қазақ әні тарихында жаңа жол ашқанның бірі.
«Сара мен Біржан» айтысын Әріп Тәңірбергенов шығарды деген сөз бар. Әріп 1924 жылы 62 жасында өмірден өткен. 1862 жылы туған. Біржан Сараны іздегенде қасына ағасы Нұржанның ұлы Ахметжан атқосшы болып ерген екен. Сол Ахметжан: «Сараны көрдім, Біржанның Сарамен айтысқаны рас, – деп растаған. Тұранұлы Ысмайыл: «Біржан Сараның даңқын Қоянды жәрмеңкесінен естіп, топ нөкер: Ахметжан, Атығай, Бұдабай, Тоқабай, Баршын, Әмірхан дегендерді ертіп, Жетісуға барған. Біржан: «Ондай ақын қызды өмірімде көрмедім. Басы байлаулы болған соң тосыла берді. Шаңын көрсетпес саңлақ еді. Кеудеге, есерлікке басып жеңдім. Әйтпесе Сараға тең түсер адам жоқ» деп әлдененеше рет айтқанын жақсы білемін, – деп Қасым Аманжолов пен Есмағанбет Ысмайыловқа 1939 жылы айтып берген екен. Біржанның қасына ерген алты жолсеріктеріне арнаған «Алтыбасар» өлеңі Бісмілда Балабековтің «Ән сапары» кітабында берілген.
«Біржан мен Сара» айтысын шығаруға 1897 жылы 29 желтоқсанда Петербург қаласынан рұқсат берілген. Айтыс баспадан екі мәрте шыққан. Біріншісін халық әдебиетін жинаушы Жүсіпбек қожа Шай¬ыхысламов бастырған. Оның әкесі Шайхы¬слам Айтқожаұлы 1843 жылы Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданының Шіркейлі деген жерінде туған. 1872 жылы Жетісу өңіріне келген сапарында Төребай ақын:
Шайхыслам Жетісуды аралады,
Байлар мен би, болысты жағалады.
Қалдырған Біржан саған қолтаңбаны,
Өзіңнен қалап алып кете барды, – деп жеткізеді.
«Біржан мен Сара» айтыс мәтінін Жүсіпбек қожаның әкесі Сараның өзінен сұрап алғаннан кейін 26 жылдан соң, Жүсіпбек қожа Шайхысламұлы «өзім Сарадан жазып алдым» деп, 1898 жылы ағайынды Мұхамеджан мен Шәріпжан Каримовтардың Қазан қаласындағы жекеменшік баспаханасынан шығарады. Ол туралы Төребай ақын тағы:
Арада жиырма алты жыл уақыт өтті,
Кітап боп шығатұғын мезгіл жетті.
Баласы Шайхысламның Жүсіпбек қу,
Қазанда сол қисаны жария етті, –
дейді.
Айта кетерлік және бір жәйт, бәз біреулер осы айтыс мәтінінің алғашқы бетіндегі: «Мұны айтқан әлқисса Жүсіпбек қожаға Сара қыздың Біржанмен айтысқанын қыздың өз аузынан осылай деп бастан аяқ баян қылғаны айтыстың келер жылында»,– деген сөздеріне сүйеніп, авторы Жүсіпбек қожа дейді. Ал баспадан 1898, 1900 жылдары шыққан айтыс мәтінінде мұндай сөздер жоқ. Шындығында, Жүсіпбек қожа ақын Сараны алғаш 1890 жылы ғана көрген. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Санжар Аспандияров, Темірбек Жүргенов секілді көргендер: ертеде өткен ақын, жазушылардың қисса, дастан, жыр, айтыс¬тарын «өзім шығардым» деп Қазан, Ташкент қалаларында кітап етіп, бастырып шығартқан Жүсіпбек қожа Шайхысламұлы автор емес, ел аузындағы деректерді біреулер арқылы жинаған адам екенін айтқан.
Екіншісі – Зайсаннан жіберілген, толық нұсқасы. Ол Орынбор қаласында тұратын Хұсайынов пен Каримовтар бірлесіп ашқан «Хизмәт» баспаханасынан шыққан. Осы нұсқа Әріптікі саналған. Бұл күмәнді нәрсе, тобықты Қуанышбай ақынның:
«Әріпке сәлем жаздым үш қайтара,
Шығардым деп оттапсың «Біржан-Сара».
Сайтан болып кетерсің бара-бара»,–
деген сөздерін ескерсек, Әріп жазды дегеннің дәйегі болмайды.
Академик Мұхтар Әуезов: «Анығы, Әріп айтысы негізгі шаруа емес. Соңғы айтушы болғаны рас. Ол хал айтысты Әріптікі ете алмайды»,– деп шынайы жазған. Айтыс мәтінін Зайсаннан жіберген автордың есімі – Әмірхан. Ол Біржан салдың қолқанат досы, «Ер Әмірхан» деп аталған. Сал-сері, өзі палуан. Бек, болысқа қызметі жақпай сайран салып, өлген солдатты көргендіктен, ұлықтан қорқып, дәм тартып Зайсанға кеткен. Найман-төртуыл ішінде бес жыл өмір сүріп алтай мен шәуешекке даңқы жеткен асыл. Елі – керей. Жері – Қызылжар. Жетісуға сан мәрте келіп-кетіп жүрген. Толғанбай мен Төребай ақындар батасын алған. Біржан мен Сара айтысқанында Біржанның қасына еріп келгендердің бірі сол болған. Өнерімен күнін көрген. Қасына әнші, ақындарды көп ертіп жүрген. Шәкірттері көптеп саналған. Төртуыл Сегізбай би ауылынан Қазан қаласына «Біржан мен Сара» айтысының мәтінін жіберіп, өз есімін мәтініне сақтықпен жазбай қойған. Қазан қаласында баспахана барын, айтыс мәтінін жіберген Әмірханға айтқан қажы Насиров Сапа. Насиров Сапа Сарқан қаласында қажылық құрып тұрған. Нәсілі өзбек. Уфа, Қазан қалаларында мұсылманша жоғары білім алған дәріпті жан болған. Біржан салдың Жетісуға келіп, Сарамен ән жарыстырып, оны жергілікті байлардың тұзағынан азат қылғанын, бұны Шөпшекұлы Ахмет ақынның өлеңмен сипатталғанын Т.Қалилаханов 2006 жылы «Күлтегін» баспасынан шыққан «Ақын Сара Тастанбекқызы» деген кітабында келтіреді. Сонда Ахмет ақын:
«Кез болып Сарамен Біржан ақын,
Айрықша Ешкіөлместі атап атын.
Қалың ел қаптағайды бір қуантып,
Әсерлі әнін айтқан кешке жақын», – дейді.
Шындығында, бұл өлеңнің иесі емес, Кенжебай руынан шыққан, қиссашыл Малайұлы Ахмет ақын болса керек. Шөпшекұлы Ахмет берірек, Малайұлы Ахмет ақын Сара заманында өмір сүрген. Біржан салдың Жетісуға келгені туралы өзінің айтқан «Талай заман», «Жетісу» атты өлеңдері бар. Ахмет ақын: «Асығыс атқа мінген Аягөзден, найман Сара ақын бар деген сөзбен», – деп Біржан салдың Жетісуға Аягөз арқылы келгенін жеткізеді.
Ақын Сара Тәсібек, Ермек, Құдайберген, Тостағанбет, Жанақ, сал Ниязбек, Кеншінбай, Сүйінбай, Орынбай, Сабырбай, Жәмшібай, Әсет, Төребай ақын. Ақын Сара:
«Жасым бар қырық сегіз, жылым сиыр,
Жасымнан әнші, ақынға болдым үйір.
Төребай дәлел тауып, жеңіп кеттің,
Кінәм жоқ, саған қояр жалғыз түйір.
Кешегі он сегізде жолықпадың,
Кететін еріп саған қол ұстасып,
Қыз берем, ұлың болса би Төребай,
Болайық құда, жекжат, бек достасып», –
деп жеңілгенін мойындаған.
Ақын Сара 1876 немесе 1878 жылы туып, 1916 жылы, 38 жас өмір сүріп, өмірден озды деу, өмірі, заманы, қатынас ортасына сай келмейді. Ақын Сара 1853 жылы туып, 1907 жылы өмірден өткен. Әкесінің лақап есімі Тастанбек. Ағаштан түйін түйген шебер болған. Азан шақырып қойылған есімі Сұлтанбек. Отыз жеті мүшел жасында, Сара туған соң қайтыс болған. «Қорлық» деген өлеңінде Ақын Сара: «Құдай-ау, әкемді алдың туа сала, атанттың жесір кемпір, жетім бала», дейді. Анасының есімі Жанкөшке, қайнар Шынқожаның қызы. Ақын Сара өте сұлу болған. Ол өзін: «Қамысты терең көлдің сұқсырымын», – дейді. Сұқсыр үйрекке теңеуі, ондай үйрек өте сақ болады. Оны Қаршыға мен Лашынның ең ұшқыры алады. «Күй тартсам бал тамады бармағымнан» деп Құдайберген айтқанындай, Сара күй де шерткен, «Туған елім, өскен жерім» деген өлеңінде ақын Сара:

«Тастемір, Сақай, Тұңғат ата-тегім,
Жақсылар жібермеген жауға кегін.
Үш матай: Кенже, Аталық, Қаптағай,
Тұлпардың тұяғы боп туған едім.

«Көкжайдақ» туған жерім, тегіс екен,
Алқабы арық, тоған, егіс екен.
Жаратқан жан бергенге дән берген ғой,
Жегенім сол жерімнің жемісі екен», –
деп ата-тегін, өскен жерін толғаған.
Азынақұлұлы Ахмет ақын:
«Қобызшы Байсақ күйші көрген бала,
Талпынады оның айтқан әнін сала.
Қобызды қоңыраулатқан өнерлі адам
Тұрғандай бар қауымнан жеке дара.
Ынтығып ықыласпен тыңдағанда,
Күй қонад көкейіне көкірек жана.
Құмарта күйге ұмсын жүргендердің,
Ішінде ерекшелеу еді Сара.

Ән салып, шыға қалса тезек тере,
Той болса ақын қыздар қасына ере,
Ойынан өзі де еркін құрастырып,
Өлеңші болды Сара келе-келе», –
деп Сараның бастапқы өлеңші болғанын деректейді.
Ақын Сара жас кезіндегі ауыр халы мен қолына домбыра алғанын өз өлеңінде:
«Қызымын Тастанбектің атым Сара,
Жетім боп жарлы өскен мен бір бала.
Тұрмыстан өспей жатып таяқ жедім,
Болса егер тағдыр сондай, қанша шара.

Жетім деп кемсінбесін мені ағайын,
Қорланбас қорлағанға сөзім дайын.
Аумағы ат шаптырым тастемірдің,
Айнадай, алақандай білем жайын.

Қызы едім Тастанбектің атым Сара,
Елінен шығып жүрген мен бір бала.
Қолыма он үшімде домбыра алып,
Келемін бір сүрінбей жеке дара», –
деп айтады.
Ақын Сараның жайнап түрлене, әйел теңдігі «азаттыққа» ұмтылып бекігенін, ақындық өнерінің дәріптелуі туралы Азынақұлұлы Ахмет ақын:
«Ән салып, жиын болса Сара сайрай,
Ішінде сансыз топтың отша жайнай.
Түрленген топ ішінде тоты құсша,
Бастады көргендердің іші қайнай.

Ақын қыз ақ алмастай әнмен сермеп,
Төгілтті сөз маржанын терең тербеп.
Қоғадай топтың басын жапырады,
Қосыла домбырамен қолдағы ермек.

Елдегі жігіттерді ақынсымақ,
Айтысшыл, әбиүрсіз, батыр сымақ,
Қатты айтып, қарсы келсе қателерін,
Жаныштап тастайтұғын батыл сынап.

Алдынан адам шықпай бара-бара,
Сайрады Сара топта жеке дара.
Найманның тұғырдағы бұлбұл құсы,
Атанды ақырында ақын Сара.

Сараның ақындығы болды ерекше,
Айтысқа жармаспайтын жәй ерекше,
Жыр қылып заман сырын, тұрмыс мұңын,
Айтатын адамдардай жайы келсе.
Тастанбек өз әкесі жастай өлген,
Емес ед есейгенде көзі көрген.
Көр басып, ұмыт қалған әке атанып,
Ақын қыз елге аян қып шығарды өрден», – дейді.
Ақын Сара теңдік жайын, арманы, еңірегені, бір теңі болмағаны туралы елден жасырмай:
«Қызымын Тастанбектің атым Сара,
Арман көп, аузыма халқым қара.
Қорғалар көп ішінен бұта таппай,
Шырылдаған боз торғай мен бір бала.

Еңіреттің ерте бастан туған елім,
Кір жуып, кіндігімді буған елім.
Кең жатқан садыр, матай елдерінен,
Бір теңім болмады ма, ұлдан менің?

Жеткізіп сабырлықпен ұстап бақпай,
Бәйге қып, топқа қосып, тұмар тақпай.
Желкемді көктейінен қидыңдар да,
Бөріге байлап бердің жетім лақтай.

Несіне жасырамын елім сенен,
Еріксіз бір жетіммін, дертім терең.
Адамда құтыла алмас құлға бердің,
Көрдіңдер қанша жазық, жапа менен?» –
деп зарлаған.

Үш матайдың тотысы атанған Сара қалай «ақ бата, ақ қой қаны» торға түсті? Оны Сараның өзі «Тағдыр тәлкегі» деп топталынған дастанда айтады. Дастанды ақын Құдайбергеннен алып, 1938 жылы мұрағатқа тапсырған Қалел Сейсенбеков деген азамат. Дастанда Арнай болыс, Телібай би, Мүсәпір батыр жазықталады. Арнай Сарбасұлы 1869-1930 жылдары өмір сүрген. Бөрібай көтерілісінің 1930 жылы басташысының бірі болғаны үшін атылған. Оның болыс болғаны 1898 жылдың тамыз айы. Арнай болыстыққа Мырзағұлұлы Телібайдың ықпалымен өткен. Тегі Арнай, Телібай би болмаған, болыс болған, Мүсәпір Сараға қиянат жасамаған жандар. Қайта Телібай мен Мүсәпір Сараға азаттық әперуді қолдағандар қатарында. Дастанда есімдері басқалардың орнына негізсіз аталып кеткен. Содан шатыс туған тәрізді. Сарамен айтысында Тәсібек ақын: «Өлеңім таусылмайды молдығынан, Сарбастың құтылмайсың зорлығынан», – дейді. Сондықтан Арнайдың әкесі Сарбас бидің қиянатынан Тастанбек жанұясы жапа шегіп, жоқшылыққа ұрынады. Тастанбек өлген соң, Сарбас оның үйелменін қасына көшіріп алған, Сахарияны жалға салып, жарытып ақысын төлемеген. Сараны шешесімен жақтыртпай, Абдыра ауылына көшіртіп тастайды. Тұрысбек қажының кіші әкесі Толқынның малын бағып, ақысын жардымды алмаған Тастанбектің інісі Жайсанбек жесір мен жетімге жаны ашып, Абдыраға келеді. Жас кезінен күреске түскен палуан Жайсанбек даладан бір мал сойып алып, Абдыраға әкеледі. Алғаны Толқынның малы болып, қолы ұзын Тұрысбек қажы іздетіп қудалаған. Сарбас би Тұрысбекті қолдап, ұрлықты Жайсанбектен көріп, Абдыраға келіп, тінтіп, қар астына тығылған етті тауып алады. Сарбас би жақынын қорғамай, Тұрысбекті жақтап, Жайсанбекті Қапал түрмесіне айдатады. Жетім мен жесір мүсіркеген жандардың көмегімен тірлік кешкен. Қайыршылыққа да қол созған. Со жылғы қатты қыс пен жұтта Тұрысбек қажы қилы көз, барымташы Жиенқұлға ісі түседі. Жиенқұлдың жасы 45-тен асқан еді. Жиенқұл Маман-Тұрысбек малын қарап, аман қылмаққа уәде етеді. «Сәті түсті» деген оймен Тұрысбек Жиенқұлға қамалған Жайсанбекті «табан асты босатып ал» деп, түрмедегілермен келісіп қойғанын білдіреді де. Жас қызды атастырып әпермек ойын да жеткізеді. Жиенқұл қуана бәрін құп көріп, Тұрысбек қажының қайласымен Жиенқұлды түрмеден босатып, «қажының өзі құда болам» дегеніне одан келісімін алған. Сараның шешесі Жаншөке «өзді-өзі келісіп, болыпты сені соған атастырмақ» деп қызына ұқтырып, «азат болар жолыңды ізде» деген ақыл айтқан. Азаттық аңсаған Сара «ақ бата, ақ қой қаны» өзді-өзі серттесіп атастырған Жиенқұлға бармай, төрт-бес жыл күреседі. Омбыға немесе суға ағып өлмекші де болады. Ақылға салып, ақыры көп көмегімен көпшілікке жария жасауға бел буады. Ел іші жақсылары Есімбек, Арсалаң, Байсақ, Толғанбай, Шерубай, Телібай, Мүсәпір, Ахмет т.б. қолдауымен бостандықа ұмтылған.
Ақын Сара бауырында Ешкіөлместің тұңғыш рет «азаттық» деп, ту көтерген асыл жан. Сол «азаттық» алған дабылы бүкіл қазаққа, жан-жаққа естіліп таралған. Сара азаттығын өз өнері арқауында алған. Біржан сал «ақ батаны» бұздырып, Сараға теңдік әперген. Біржан сал:
«Омбыда Дюгамельге өтініш қып,
Қорғауға сол баланы талап қылдым.
Сарадай балғын қызға қамқорлық қып,
Құтқардым жауыздардың тырнағынан», –
деп ақын Сараға жасаған қамқорлығын өлеңмен баяндайды.
Азаттық әперген «өкіл ағасы» Біржанға алтын білезігін ұсынған Сара «ағатай ескерткіш қып елге апар» деп сыйлайды. Біржан күлдария белбеуін «той жыртысы» деп суыртпақтап жыртып, көпке үлестіріп жіберген. «Мұра» атты өлеңінде Біржан сал:
«Салдым мен ою-өрнек асыл жырдан,
Тайдырмай аяғымды жалғыз қылдан.
Кездесіп наймандағы Сара қызбен,
Толғанбай айтыстырып, қисса қылған», деп айтқан.
Сәбит Мұқанов: «Біржан мен Сара айтысын көлденең біреу шығарды ма деген көңілге күдік туғызатын жағдай, айтыстың былай басталуында Біржан сал Сараның шешесі, сіңлісімен сөз қақтығыстырады деп айта келе, айтыс ақылмен өлшеніп шыққан, ішінде көлденең, артық сөз жоқ. Жазба әдебиеттің жақсы үлгілері сияқты», – деп ой қорытқан. Дана аталар Айымбетұлы Шүтембаев, Жылқыбаев Ерғали, Бейсебаев Бейсенбек, Мейрамбай Байтолықов жазбаларында: «Толғанбай ақын «Біржан мен Сара» айтысын үш дана қолжазба етіп жазған. Бір данасын өзіне қалдырып, бір данасын Маман, Тұрысбекке, тағы бір данасын Біржанға берген», – делінеді. Бостандық алған Сара ықтиярымен елі тасыбай Алтынбайұлы Бекбаймен (1852-1933 ж.ж.) тұрмыс құрған. Сұңғыла Жаймолда деген ата: «Бекбай ақын Сарамен атас, Сара есімді екінші әйелге үйленген. Бекбайдың үшіші әйелінің есімі Ұлтай. Ал, төртінші алған әйелінің есімін ұмыттым», – деп деректейді. «Ақын Сараның арнауы» атты өлеңінде Сара:
«Елудің үшеуіне келгенімде,
Дерт жеңіп, қалып барад өлеңімде.
Болды ғой қысқа менің қу өмірім,
Алпысқа жетпей бір күн өлемін бе,
Бір аз күн еңбек еттім дос, жаранға,
Өлеңім аз да болса мақтанарға.
Мені де «ұрпағым» деп, еске ал жұртым,
Сараның айтары осы аттанарда», – деп уайым шеккен.
Ақын Сараның сүйегі Үлгітірек шаруалығындағы «Үш Кәукен» деп аталатын жердегі тасыбай елінің қорымына жерленген. Басына кішкене кеңес дәуірі тұсында кішкене мәрмәр ақ тас қойылыпты. Ол туралы Т.Қалилаханов «Ақын Сара» кітабында жазады. Қазіргі «Ақын Сара ауы-лына қарасты Ақешкі суының бойындағы жеке тұрған зират ақын Сараға арнап салынғанымен онда оның мәйіті жоқ. Құр бір уыс топырақ әкелініп, соған кесене салынған деседі.

Ұлбике есімі елімізге таңсық болуы да ғажап емес
Қазақта Құлыншақ деген ақын өткен 
Майлықожа Сұлтанқожаұлы (1835-1898) - қазақтың халық ақыны
ДОСБОЛ БИ. Досбол Қорлыбайұлы бір деректе 
Еңсегей бойлы Ер Есім!
Алдар би 
Құнанбай қажы Өскенбайұлы
Жиренше шешен (туылған-өлген жылы белгісіз)
Махамбет Өтемісүлы 1804 жылы осы күнгі Орал облысының Орда ауданында
Қожаберген жырау шығармашылығындағы «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама»
Сыпыра жырау – қазақ пен ноғай
Базар жырау (1841-1911). 
Сартай Көшкіншіұлы жырау.
Қожаберген батыр - жырау орта жүздiң Керей руынан тарайды.
Ескелді би (шамамен 1692 —1770 жж.) Әмбе жалайыр әулие атанған
Балуан Шолақ (шын аты — Нұрмағамбет)
Сүйінбайдың қырғыздың атақты айтыскер-ақыны
Балпық би (1694 —1784 жж.)
Келдібекұлы Қазыбек би - қазақтың Тәуке
Шал ақын, Тілеуке Құлекеұлы
Бұқар жырау - суырыпсалма ақын, жырау
Жәлменде Байшығашұлы (1846-1901) - би, шешен.
Шешендік сөздер жинағының сілтемесіне басыңы
Азарсың, жұртым, азарсың
БАҚЫТ ҚАЙДАН КЕЛЕСІҢ
Сыпыра жырау
Бөгенбай қазасын Абылай ханға естірту

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста