Шетел жұлдыздарының әнін домбыраға салып елді таң қалдырған әнші (видео)
Әсел Қарсыбаева қазірдің өзінде Париж және Берн қалаларына гостролдік сапар жасап үлгерген. Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды. Әселдің репертуары әртүрлі жанрдағы әндермен толыққан: лаундж, джаз, поп-музыка. Ал оның бірден бір өткір музыкалық орындауы Интернеттің хитына айналған еді. «Мен бір жолы қонаққа барғанымда әдеттегіден көңілді отырдым. Сол кезде домбырамен Rolling in the deep аталатын Адельдің әнін орындадым. Мені сол кезде видеоға түсіріп, интернетке таратып жіберіпті», – дейді Әсел.
Келесі күні Әсел жұлдыз болып оянады. «Cуперстар.kz» және «X-Фактор» секілді бірқатар жобаларға қатысқанына қарамастан, оны осынау домбырамен орындалған шетелдік әндері танымал етіп жіберген. «Тележобаларға қатысу көп болса жарты жылға дейін танымалдылық береді. Сосын белсенді қолдау болмаса қайтадан көрінбей қаласың. Ал мені қазір әнші ретінде көпшілік таниды. Батысша әндерді домбырамен орындайтынымды біледі», – дейді ол.
Әселдің дауысы ерекше әрі шығармашылық фантазиясы да кең. Оның осындай артықшылықтары продюсерсіз-ақ жұмыс істеуге үйретті. «Әрине, мықты кәсіби маманмен бірге жұмыс жасауға қарсы болмас едім. Десе де өзім біреуге барып көмек сұрағым келмейді», – дейді жас әнші.