Шетелдегі қазақ әдебиетінің белді өкілі еді...

Шетелдегі қазақ әдебиетінің белді өкілі еді...

Шетелдегі қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын, танымал жазушы, қоғам қайраткері Жүмәділ Маманұлы 72 жасқа қараған шағында Алматы қаласында дүниеден өтті.


Марқұм 1941 жылы ҚХР Іле қазақ автономиялы облысы Күнес ауданының Түрген ауылында туған. 1956-1959 жылдар аралығында Шыңжан педа­гогика институтының әдебиет факуль­тетінде білім алған. Жүмәділ Маманұлы алғашқы қызметін «Іле жастары», «Іле өрендері» газетінде журналист болып бастады. Кейінірек «Іле газеті», «Іле жастары» журналы, «Іле өрендері» газеті мен «Іле айдыны» журналында тілші, жауапты редактор, бас редактор қызметтерін атқарды. Ол 1985 жылдан 2003 жылға дейін Іле қазақ автономиялы облыстық әдебиет-көркемөнершілер бірлестігінің төрағасы, «Іле айдыны» (қазақ, қытай, ұйғыр тілдерінде жарық көретін) журналы мекемесінің бастығы әрі бас редакторы болды.
Алғашқы әдеби жасампаздығын 1958 жылы жарық көрген «Емен сыры» атты балладасымен бастаған қаламгер содан қазірге дейін мыңнан астам өлең, толғау, 20-дан астам дастан, баллада, 100-ге жуық әңгіме, очерк, естелік, эссе, повесть жазды. Жазушының «Тау жалыны», «Қарақат», «Ақылбай атайдың әңгімелері», «Әкбар-Сейіт», «Жүмәділ дастандары», «Әке бауырындағы бала», «Тұнық дауыс», «Айхан», «Ән сыры – жан сыры», «Күмбезге түскен күн шуағы», «Ашық есік алдында», «Әкбар батыр», «Нүсіпхан полковник», «Адамның бұлбұлы – Әсет» сынды кітаптары оқырманға жақсы таныс.
Жүмекеңнің «Ақылбай атайдың әңгімелері» сияқты шығармалары қытай, ұйғыр, қырғыз, жапон тілдеріне аударылған.
Ұлт әдебиетіне өзіндік үлес қосып, әсіресе тарихи туындыларды дүниеге әкелген қаламгер Жүмәділ Маманұлы – Қытай халық жазушылар қоғамының, Қытай аз ұлттар әдебиетін зерттеу қоғамы­ның, Қытай «Манас» зерттеу қоғамының, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ШҰАР әдебиет-көркемөнершілер бір­лестігінің тұрақты мүшесі, Шыңжан «Таң­жарық» ғылыми зерттеу қоғамының төрағасы, Іле қазақ әдебиет-көркем­өнершілер бірлестігінің төрағасы, Қытай «Мемлекеттік таңдаулы маман» атағының және Шыңжан қазақ-қырғыз «Тұлпар» әдеби сыйлы­ғының иегері. Оның есімі мен еңбектері «Халықаралық әйгілі адамдар», «Жоңго жазушылары», «Жоңго дарынды­лары», «Жоңго мамандары» қатарлы кітаптар мен сөздіктерге енгізілген.
• Қаламгерді ақтық сапарға шығарып салу рәсімі бүгін сағат 10:00-де Қазақстан Жазушылар одағында өтеді. Марқұмның жатқан жері – жаннат, топырағы торқа болсын!
«Алаш айнасы»

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста