С.Ғылмани мешіті жанынан мұражай ашылады

С.Ғылмани мешіті жанынан мұражай ашылады

Қазіргі посткеңестік халықтардың ішінде бұрынғы тоталитарлық жүйе­нің зардабын көрмеген ұлт жоқ шығар, сірә. Қазақ елі де қылышынан қан тамған сол бір жүйенің дүркін-дүркін соққысына тап болды. Бірақ жығыл­ған жоқ. Себебі көптеген Алаш азаматтарының ерен еңбегі арқасында хал­қы­мыздың тілі мен ділі, ең бастысы, жүрегіндегі иманы сақталды. Осындай азаматтардың бірі – қоғам және дін қайраткері Сәдуақас Ғылмани.
Сәдуақас Ғылмани өз кезінде еліміздегі дін істері мәселелеріне араласып қана қоймай, ағартушылық қызметі арқылы қа­зақ халқының мұң-мұқтажын жырлады. Сол үшін қуғын-сүргінге де ұшырап, Сібірде бас сауғалауға мәжбүр болған екен. Ал осы қиын-қыстау жолда бір Аллаға деген сенім мен құлшылық ақын Сәдуақасқа демеу болды. Ол діндарлық қызметпен шектелген жоқ, көптеген ғылыми еңбектерді жазып, халықтың діни білімін барынша көтеруге тырысты. С.Ғылмани «Құран туралы: жала мен өтіріктерге қарсы» атты кітап пен «Ел аузынан жиған-тергендер (би-­шешендер мұрасы)» жинағын даяр­лап, Құран Кәрімдегі аят-хадистердің тәп­сірлерін, мәуліт өлеңдері мен діни уа­ғыз­дардың қазақ тіліндегі нұсқасын жазып шыққан. 110 мыңға жуық араб сөзін біл­ген ол «Арабша-қазақша түсіндірме сөздігін» де әзірлеген. Бұдан басқа, үнді халқының әйгілі эпосы – «Кәлила мен Димнаны» қа­зақша сөйлетіп, әл-Фараби бабамыздың шы­ғармаларын араб тілінен аударуға атсалысқан.
Бүгінде ғұлама Ғылманидің шығар­машылығын кеңінен насихаттап, оның тарихи тағылымын жас ұрпақтың бойына сіңіру жолында Еуразия ұлттық универ­си­тетінің «Алаш» мәдениет және рухани даму институты, сондай-ақ «Қаһарман ұрпақ» қоғамдық қорының жұмысын ерекше атап өткен жөн. «Алаш» институтының бастамасымен «Сәдуақас Ғылмани. Шығармалары» атты қомақты еңбек жарық көрді. Күні кеше ғана Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен «Тұлға және ғұлама: кеше, бүгін және ертең» атты конференцияда С.Ғылманидің шығарма­шы­лық мұрасы тағы бір мәрте қаузалды.
Тұрсын ЖҰРТБАЙ, жазушы-ғалым:
– Меніңше, Сәдуақас Ғылманидің Құран Кәрімнен аударған тәпсірлерін толықтай шығарып, әр жұма сайын мешітте жүргізілетін уағыздар сол тақырыпқа арналса екен деймін. Мен өзім мешіттің түбінде тұрамын. Қазіргі уағыздар садақамен, пітірмен аяқтала­ды. Негізі, бүгінде мешіттердің де уағыз арқылы ғылыми тұрғыда халықтың сауатын ашатын кезі келді.
Серік НЕГИМОВ, академик:
– Сәдуақас Ғылмани – үлкен ой-па­расаттың иесі, бүкіл түркі әлемінің тарихы мен мәдениетін жетік білген ғұ­лама. Ел ішінде оны Сәдуақас ретінде емес, «Сәкен қалпе» деп біледі. Сәдуа­қас Ғылмани сол кеңестер кезінде ұмы­тылғанмен, жүректе ұмытылған жоқ. Міне, Тәуелсіздіктің арқасында оның сом тұлғасы тағы бір мәрте биіктей түсті.
Бақтыбай БЕЙСЕНБАЕВ, Астана қаласының Сәдуақас қажы Ғылмани атындағы мешітінің бас имамы:
– Негізі, Сәдуақас қажы Ғылмани – Қазақстанның діни басқармасына жетекшілік еткен алғашқы дінбасы­лардың бірі. Ол 1952-1972 жылдар аралығында 20 жыл бойы Қазақстан мұсылмандарының төрағасы қызметін атқарған. Ал 1943-1949 жылдары ол Ақмола мешітінің бас имамы болған. Қазіргі кезде ол мешіт әлі де бар. Ол бүгінгі Сәдуақас қажы Ғылмани атын­дағы мешіттің ауласында тұр. Алдағы уақытта бұл жерде арнайы мұражай ашып, ол ғимаратты діни сауат ашу орталығы ретінде іске қоссақ деген жоспар бар.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста