Симашко сабақтары

Симашко сабақтары

Жуырда Алматы қаласындағы Морис Симашко атындағы кітапханада Қазақ Пен-клубының негізін қалаушылардың бірі, Қазақстанның Халық жазушысы, Президенттік Бейбітшілік және Рухани келісім сыйлығының және Абай атындағы сыйлықтың лауреаты, белгілі прозаик, публицист және аудармашы Морис Симашконың (1924жыл,18.03 – 2000 жыл,15.12) құрметіне арналған кеш өтті.
Кеште М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, әлем әдебиеті және ха­лықаралық байланыс кафедрасының мең­герушісі Светлана Ананьеваның «Қа­зақ­стандағы орыс прозасы» атты мо­ногра­фия­сының тұсаукесері өтті. «Жібек жолы» бас­пасынан шыққан зерттеу еңбегінде ав­тор М.Симашко шығармашылығын еура­зиялық идея төңірегінде талқылаған. М.Си­машко осы идеяның терең тарихи та­мы­рына көз жіберді, терең зерделеді және оны ұлттың барлық ерекшелігі мен өзінің бай да қанық мәдениетін жоғалтпай сақтай оты­рып, күллі адамзатты біртұтас қауым ре­тінде болашаққа жетелейтін баспалдақ ре­тінде қабылдады. Жазушы шығар­ма­шылығында Орта Азияның бай мәдениеті мен түрлі аңыздары табиғи түрде көрініс тап­қан. Соғыстан кейін ұшқыш әрі атқыш Мо­рис Симашко Түрікменстанға қоныс ау­да­­рады. Осылайша мұғалім одақтық жә­не республикалық газеттердің журна­лисі, аңыздар мен мифтер, тарихи сю­жет­терге бай таңғажайып мәдениеттің орта­сына түседі. Селжүк сұлтаны Санжар ма­зары бой көтерген ежелгі Мервте ұзақ уақыт бойы өмір сүреді. Көз тартар қамал­дар­дың арасында сонау сасанидтер дә­уірінен бері келе жатқан шығыс базары да­бырлап жататын. Ұшқыш­тар мектебі эска­дрилиясы орын тепкен Темірлан қақ­пасындағы жартаста араб қолбасшысының пұт­қа табынушыларды жеңгендігі туралы жаз­ба сақталған. Осы сынды аңыздар жазу­шыға шабыт пен ой салып отырды. Осы­ның негізінде халықтың тұрмыс-тір­шілігі мен салт-санасын, тарихи ерекшелігін те­рең зерделеуден туған «Қара және Қы­зылқұм повестері» циклі дүниеге келді. Цикл­дің алғашқы «Емшан» повесінен-ақ та­рихқа деген құштарлық ерекше бай­қалады. М.Симашко Қазақстан тарихы кең бай­тақ Еуразия даласында туған ежелгі әрі жалпы қазақ-түрік-славян тарихымен өте тығыз байланысты деген ойды қуаттайды. Әртүрлі тілде сөйлейтін адамдардың ортақ танымы туралы жазушы «Хадж Хайям», «Маз­дак», «Искушение Фраги», «Семи­ра­мида», т.б. сынды повестерінде ой қоз­ғайды. Жазушының басты қызыққан ғы­лыми жә­­не жазушылық тақырыбы – Қазақстан, Ре­сей және Таяу Шығыстың ежелгі мә­де­ниеті мен тарихы. М.Симашконың шы­ғар­ма­шылығында еуразияшылдық идеясы тө­ңірегінде деңгейі мен ұлтына қарамастан, қазақ және орыс өкілдерінің рухани-зияткерлік ортақ танымына байланысты ой өте шебер әрі көркем берілген («Қоңырау», «Комиссар Жангелдин»). Жазушы шы­ғар­ма­ларындағы Әліби Жангелдин мен ағар­тушы, педагог Ыбырай Алтынсарин – Орта Азия романдарының бас қаһармандары, Азия ренессансының қайнар көзі болып табылса, Хайям, әл-Фараби, Баласағұни шығармалары ой еркіндігіне арқау болып отырған.
Германияда «Қазақстан кітапханасы» сериясы бойынша М.Симашконың шығар­маларын шығару жоспарлануда.
Кітапханадағы кеште Қазақ радиосы­ның қорынан алынған жазбалар негізінде, жазушының өз дауысымен жазылған ау­дио-таспа ойнатылды. Сонымен қа­тар М.Симашко шығармашылығы жө­нін­де дос­тары – Қазақстан халқы Ас­сам­блея­сы­ның мүшесі, ақын, қоғам қайраткері Лео­нид Гирш, режиссер Александр Голо­­винский, жазушы, публицист Адольф Ар­цишевский, медицина ғылымының док­торы Тамара Ильина және әде­­­биет­­танушылар – филология ғылым­ының док­торы, Санкт-Петербург уни­вер­ситетінің про­фессоры, Ресей ғылым ака­демиясы, орыс әдебиеті институтының (Пуш­кин үйі) же­текші ғылыми қызметкері Сергей Ки­бальник, филология ғылымының докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық уни­вер­си­тетінің профессоры Алуа Темірболат өз­де­рінің жылы лебіздері мен жүрекжарды ті­­лектерін білдірді. Көркемсөз шеберінің құрметіне арналған өздерінің жалынды жырларын Зинаида Ровенская мен Адольф Арцишевский тебірене оқы­ды. Кешті М.Симашко атындағы кітапхана директоры Наталья Коваленко жүргізді.

Ертай Сұлтан, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының баспасөз хатшысы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста