Шіркеуде бейнебаян түсірген Альзаби тобы режиссерға неге ренжулі?
Құрылғанына жарты жыл ғана болған Альзаби тобы алғашқы бейнебаяндарының сәтсіз шыққанын мойындады, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.
Салтанат Аякен: Құрметті көрермен, бүгін ShowNewsKz-тің сұхбаты су жаңа топпен болмақ, Альзаби тобы. Сәлем, жігіттер! Көңіл-күйлерін қалай?
Жігіттер: Жақсы.
Салтанат Аякен: Карантин қалай әсер етіп жатыр?
Абби: Күшті. (күліп)
Салтанат Аякен: Карантинде не істеп жатсыздар?
Заңғар: Карантинде жанұямызбен біргеміз. Енді бақытты күндер демей-ақ қояйын, ел негізі қиын жағдайда ғой қазір. Бірақ соның арқасында үйде жанұямызбен бірге болып, осы уақытты дұрыс пайдаланып жатырмыз деген ойдамын.
Салтанат Аякен: Жігіттер, карантинде күнделікті жатып-тұрып, тамақ жеп, ұйықтаудан басқа не істедіңіздер?
Альтаир: Жаппай студияда өлең жаздық . Жақсы өлеңдерді, туындыларды дайындап жатырмыз. Жақсы жаңалықтарды күтіңіздер. Мүмкіндігінше карандинде бос жатпадық.
Салтанат Аякен: Негізі, Альзаби тобының құрылғанына жарты жылдан астам уақыт болыпты. Жалпы, топ қалай құрылды?
Альтаир: Басында негізінде, біз Альтаир мен Абби деп бастағанбыз.
Салтанат Аякен: Екеулеріңіз бөлек топ болдыңыздар, иә?
Альтаир: Топ емес. Негізі, мен жаңадан бастап келе жатқанмын. Әлібидің ол кезде бір-екі әндері бар еді. Сосын бір универде оқығаннан кейін менің де өлең жазғым келіп, өзімнің бағымды сынап, өлең шықты. Сосын сол өлеңмен Әлібиге келдім. «Свела с ума» деген ән. Басында екеуіміз жаздық. Ары қарай Заңғар айтып берсе.
Заңғар: «Заңғар мініп алды сосын» десеңші. (күліп)
Салтанат Аякен: Заңғармен қалай таныстыңыздар?
Заңғар: Мен көшеде кетіп бара жатып, бұлардың жаңа ғана шыққан әндерін естідім. Досым оларды таниды екен. Маған машинада қояды, содан өлеңге қатты ғашық боламын. Сосын досым «Осындай жас балаларды танимын. Астанада тұрады. Осындай ән шығарыпты тыңдап көр» дейді. Маған ұнайды. Одан кейін мен олармен жолығуды жөн көрдім. Жарты сағаттың ішінде кездесіп, «Жігіттер, осындай мақсат бар, осындай жоспар бар, осыны істесек» дедім.
Салтанат Аякен: Ал Сіздің ата-анаңыз қалай қарады бұған? Топ құрам деген кезде ақылдастыңыз ба? Жалпы, бұл топтың шығармашылығына қатысты ақылдасасыз ба анаңызбен?
Заңғар: Мен бірден ағама телефон шалып айттым. Ағама өлеңді тыңдауға жібердім. Оған өте қатты ұнады. «Жұмыс істеңдер, қолдаймын» деді. Одан кейін анама, арт-директор Мира ханымға хабарластым. Барлығы қолдады. Міне, соның арқасында жүрміз.
Салтанат Аякен: Негізі, ән халықтың көңілінен шығып жатқан сияқты, иә?
Заңғар: «Свела с ума» өтті деп айтсақ болады.
Салтанат Аякен: Осыдан кейін Сіздерге сұраныс көбейді ме?
Абби: Көбейді. (күліп)
Заңғар: Сұраныс басталып бара жатқан кезде…
Салтанат Аякен: Карантин болып кетті, иә? (күліп) Әттең-әттең… Мен бірінші тыңдаған кезде Райым мен Артур деп қалдым. Өйткені стилі ұқсайды. Кімнің идеясы болды бұлай жазу? Әлде оларға еліктедіңіздер ма?
Альтаир: Біз енді бастап келе жатырмыз. Райым мен Артур қай жерде, біз қай жердеміз дегендей. Біз төмен жақта болдық басында. Негізі, ол стиль жалпы, бір құйып қойған стиль деп ойламаймын. Бірақ сол стильге келдік, енді. Орысша, қазақша сөздер ұйқас келе бергеннен кейін жаздық. Әр әнде фишка деген болады. Бізде мысалы, «фантастика, жүрегім толған романтика» деген жерінде. Ол адамды баурайды, адам естігенде қызықты және адамның есінде тез жатталып қалады.
Салтанат Аякен: Әннің сөзі, әні – бәрі өздеріңіздікі?
Альтаир: Иә.
Салтанат Аякен: Бір сұхбаттарыңызда көріп қалдым, Альтаир мен Абби екеулеріңіз «подземкада» өлең айтыпсыздар, иә? Бұл «подработка» болды ма?
Альтаир: Подземкада мен айттым.
Салтанат Аякен: Сіз айттыңыз. «Подработка» болды, иә, ол?
Альтаир: Әліби Арбатта айтқан, осы астанада. Хобби болады ғой.
Салтанат Аякен: Ол хобби ма? «Подработка» ма? Солай ақша таптыңыздар ма?
Абби: Жоқ, «подработка» емес. Өзіме қызық болды. Гитарамен ән айтқанда адамдар көреді. Өте қызық. Ақша жағы қызықтырған жоқ ол кезде. Жай ғана өзіме қызық болып, арасында барып тұрдым.
Салтанат Аякен: Заңғар, әншілікке келдің, топ құрдың. Мен осы сұхбаттың алдында «Свела с ума» әнін төрт күн тыңдадым. Бірақ Сіздің дауысыңызды ести алмадым. Қай шумақты сіз айтасыз? (күліп)
Заңғар: Бірінші қайырмадана кейінгі бірінші шумақта менің дауысым.
Альтаир: «Свела с ума» әні екі адамға шығарылған өлең болғаннан кейін өлеңнің әрленген нұсқасын құртқымыз келген жоқ. Сосын үш адамға бөле салдық.
Салтанат Аякен: Сонда қалай жазылды солай жіберіп, тек Заңғарды қостыңыздар, иә? Түсінікті. Неге бір әнді тек орысша жазбайсыздар? Неге міндетті түрде орысша-қазақша болуы керек? Екі аудиторияны ұстағыларыңыз келгені түсінікті. Бірақ, басында айтқанымдай, Райым мен Артурды көрдім.
Заңғар: Мысалы, кез келген ән орысша немесе қазақша. Бірақ қазақша-орысша айтатын адамдар өте аз ғой. Демек біздікі ерекше болып тұр ғой.
Салтанат Аякен: Бейнебаянды көрдім. Неге шіркеу?
Заңғар: Бізге осы өлеңге тез арада бейнебаян түсіру керек болады. Біз Тастанбеков деген Алматыдағы режиссерді шақырамыз. Арт-директор Мира ханым бәріміз отырып ақылдасамыз. Қандай идея? Локация қандай? Сол кезде Тастанбеков бізге осындай идея береді. Біз өзіміздің идеямызды айтамыз, ол тым қарапайым деп, осындай идея тастады. Біз қорықтық.
Салтанат Аякен: Сөзіңізді бөлейінші. Мен осы бейнебаянға жазылған пікірлерді оқи кетейін. «Дым ұйқас жоқ музыка мен клипте. Карантинде түсірген түрлері ғой осылардың. Миым қорыта алмай жатыр, вообще логика жоқ мына әнде не музыкада. Неге шіркеу? Клип идеясы көп қой негізі. Үйлеспей қалды. Реңжімеңдерші» деген сияқты.
Заңғар: Солай болып тұр ғой негізі.
Салтанат Аякен: Сонда Сіздер хайп үшін бе?
Альтаир: Хайп емес енді. (күліп) Өлең онсыз да хайп қой… Хайп болады деді негізі.
Заңғар: «Өздерің мұсылмансыңдар, шіркеудегі бүкіл крестерді алып тастаймыз. Жай ғана образ ретінде түсесіңдер» деді. Папа Римский сияқты.
Альтаир: Негізі, басында қатты қалбылдаған жоқ-ау дим бізді.
Салтанат Аякен: Режиссер дұрыс қабылдаған жоқ па?
Альтаир: Шыны керек, жұмысы қатты ұнаған жоқ.
Салтанат Аякен: Жігіттерге ұнамағандықтан, ол бейнебаян ешқандай телеарнаға кеткен жоқ, иә?
Альтаир: Иә.
Салтанат Аякен: Әлібиге қояр сұрағым бар. «Қиялдағы ару» дейтін әнді орындадыңыздар. Жігіттер айтып бастап, үлгерейін деп жатқан кезде Әліби милизма қосып, әрі қарай созады әнді. Сіз сол кезде өзіңізді бір ерекше көрсеткіңіз келген сияқты. Мен мына жерде Заңғарды тағы естіген жоқпын. Мен Альтаирдың дауысын естіген жоқпын.
Абби: Мен негізі, әнді милизммен айтамын.
Заңғар: Қараңыз, Альтаир екеуіміз негізі рэп оқуды жақсы көреміз. Негізгі, біздің стиліміз рэп оқу. Әлібидікі милизмдар, әнді әдемі келтіру жағынан кішкене білімі бар. Бізде негізі ондай көп қалыптаспаған. Сондықтан біздің топта ән жағынан таситын, бізді шығаратын ол – Абби.
Салтанат Аякен: Жігіттер, мен сіздерге жиырма сұрақ қоямын. Инстаграммен оянып, инстаграммен ұйықтайсыздар ма?
Заңғар: Жоқ.
Альтаир: Жоқ.
Абби: Иә.
Салтанат Аякен: Ұйықтар алдында тойып тамақ жейсіздер ме?
Заңғар: Иә.
Альтаир: Иә.
Абби: Жоқ.
Салтанат Аякен: Мен де жеймін. (күліп) Рөлде отырып жол ережесін бұздыңыздар ма?
Заңғар: Иә.
Альтаир: Жоқ.
Абби: Иә.
Салтанат Аякен: Қандай? Біреуін ата кетіңдерші.
Заңғар: Бұзбадың ба не?
Альтаир: Ойнап айтам, иә. (күліп)
Заңғар: Қазақтардың бәрі бұзған шығар.
Альтаир: Тіркеп тастамасын қазір бұлар. (күліп)
Салтанат Аякен: Жо-жоқ. (күліп) Райым ба, Артур ма?
Альтаир: Екеуі де ғой.
Салтанат Аякен: Ninety-one ұнайды ма?
Абби: Иә, ұнайды.
Альтаир: Жоқ, негізі шығармашылығын сыйлаймыз. Олардың образдарын…
Салтанат Аякен: Образдары ұнамайды, шығармашылығын сыйлайсыздар?
Альтаир: Образдары да ұнайды. Негізі, ол жай ғана образ ғой. Біз де біреуге ұнамаймыз ғой, негізі. Мысалы, шіркеудегі «святой отец» болып киініп алғанымыз ұнмайды деген сияқты ғой.
Салтанат Аякен: Түрік сериалдарын көресіздер ме?
Заңғар: Жоқ.
Альтаир: Жоқ.
Абби: Жоқ.
Салтанат Аякен: Математикадан беске оқыдыңыздар ма?
Альтаир: Жоқ. Нөлге оқыдық. (күліп)
Абби: Төрт.
Салтанат Аякен: Футбол әлде бокс?
Заңғар: Бокс.
Альтаир: Бокс.
Абби: Футбол. (күліп)
Салтанат Аякен: Фаст-фуд көп жейміз ба?
Заңғар: Иә.
Альтаир: Иә.
Абби: Иә.
Салтанат Аякен: Галстук байлау білеміз бе?
Заңғар: Иә.
Альтаир: Иә.
Абби: Иә.
Салтанат Аякен: Тамақ пісіру білесіздер ме? Жұмыртқа қуырудан басқа.
Заңғар: Білеміз.
Альтаир: Білеміз.
Абби: Білеміз.
Салтанат Аякен: Қандай тамақ?
Альтаир: Кез келген.
Салтанат Аякен: Бір уақытта үш қызбен сөйлестіңіздер ма?
Заңғар: Жоқ.
Альтаир: Жоқ.
Абби: Жоқ.
Салтанат Аякен: Жұлдыз ауруымен ауырдыңыздар ма?
Заңғар: Жоқ.
Альтаир: Жоқ.
Абби: Жоқ.
Салтанат Аякен: Карантин ғой енді, үлгермей қалды. (күліп) Карантин режимін бұздыңыздар ма?
Альтаир: Жоқ.
Салтанат Аякен: Көп өтірік айтасыздар ма?
Альтаир: Негізінде көп айтпаймыз.
Салтанат Аякен: Қыздарыңыз бар ма?
Заңғар: Жоқ.
Альтаир: Жоқ.
Абби: Жоқ.
Салтанат Аякен: Кумирлеріңіз кім?
Альтаир: Ресейдегі Хаммали и Наваи деген әншінің өлеңдерін қатты тыңдаймын.
Заңғар: Негізі, шетелдің әншілерін көп тыңдамаймын. Мейрамбек ағамыз, Музарт тобы. Өзімнің ағамды бала кезден тыңдаймыз ғой енді.
Абби: Біреу деп айта алмаймын. Бәрін тыңдай беремін. Попурри. (күліп)
Салтанат Аякен: Жігіттер, сұхбат аяқталды. Әндеріңізді бірге орындайық.