"Сіздікі кішкентай ма не": Баян Алагөзова Ермек Тұрсыновқа сұрақ қойды

"Сіздікі кішкентай ма не": Баян Алагөзова Ермек Тұрсыновқа сұрақ қойды

Режиссер Ермек Тұрсынов Facebook-тегі парақшасында мәдениет, адамгершілік жөнінде талқылап, оған қатысты Қазақстанға әлі өсу керектігін айтып, қазіргі мәдениеттегі беделді әрі белді деген адамдарымыздың түрі "баянесентаева, қайратнұртас, төреәлі және басқалар" деп салды. Бір-екі сағаттан кейін режиссер атаған "мәдениет адамының" бірі - Баян Алагөзова Instagram-да жазба жариялап, оған жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Көріп отырсыздар, бүтін ұлт деградацияға ұшырап жатыр... Бүгіндері елімізде талғамы мен эстетикалық көзқарасын ұялы телефон қалыптастыратын тұрпайы жастарымыз сеңдей соғылып жүр. Гаджетсіз өмірін елестете алмайтын бүтін бір буын өсіп-өніп жатыр. Бүгінгі әлеуметтік желі дегеніміз не? Бұл - сүзгіден өтпеген қалай болса сондай ақпарат ағыны. Ол кезексіз келіп, сөйлей беретін микрофон іспетті. Ол арада бір "ит" қараптан қарап жәй үре салса болды, қалғандарының бәрі соған қосылып шындап шабаланып кетеді, - деп жазады режиссер.

Сөйтіп ол қазіргі мәдениеттегі беделді әрі белді деген адамдарымыздың түрі "баянесентаева, қайратнұртас, төреәлі және басқалар", бұл түрімен қайда барамыз деп салды. Бұл сөз продюсер Баян Алагөзованың шымбайына қатты батқан секілді.

- Мені бүтін ұлтты деградацияға ұшыратушы деп атапты, неткен ұлы мәртебе десеңіздерші! Тұрсынов мырза, бұл бірінші рет емес, сіз менің ар-намысым мен қадір-қасиетіме ұзақ жылдар бойы тиісіп келесіз. Содан шынымен де мені соңғы кезде бір сұрақ мазалай бастады, жауап беріңізші соған: "Сіздікі кішкентай ма не", сондай адамның синдромы ғой бұл, өйткені менімен және менің творчестваммен ерінбей күресіп келесіз. Сізге бүкіл халыққа баға беруге кім құқық берді, сіз төрелік айтатын төбе бисіз бе??? Азып-тозған деп атаған халқыңыз сүйіп көретін менің бірде-бір картинамды өзіңіздің тамашалап, көрмегеніңізге бек сенімдімін, - деп жазды Баян Алагөзова.

Продюсер қоғамдық кеңестің мүшесі болып табылатын режиссерге "одан да сыбайлас жемқорлықпен күрес" деп кеңес берді.

- Міне, сол кезде азып-тозды деп баға берген халқыңыздан "неге митингіге жиі шыға беретін болғансыздар" деп сұрауды ұмытпаңыз (Мүмкін менің фильмдерімді көп көргендіктен шығар ол да). Содан кейін ғана халықты фильмдеріңіз арқылы эстетикаға үйретіңіз. Өз басым, Сіздің киноларыңызды көремін, творчестваңызды өте құрметтеймін, өйткені менің "кішкентай болатындай" жерім жоқ қой... Мен басқа біреудің даңқын, талантын, жетістігін жеңіл әрі жақсы қабылдаймын, - деп өз ойын түйіндейді продюсер жазбасында.

 

 

 

 

 


 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста