Скакалкамен секіріп сұлтан бола ма?

Скакалкамен секіріп сұлтан бола ма?

«Қыз сыны» сынды байқаулар бізде көп өткізіліп тұрады. Соған сай атауы да түрліше. «Қазақстан аруы», «Бұрымды ару» деп жалғаса береді. Байқаудың басты шарттарына сай қыз бойына тән сұлулық пен ақылдылықтың сынға түсуі сәтті шығып та жатады. Ара арасында дауға ұласатыны болмаса мұндай байқау өткізу құптарлық-ақ. Ал «Жігіттің сұлтаны» атты байқаулар бұрын облыс орталықтарында арагідік өткізіліп тұратын. Бүгінде ұмытылды десе де болады. Жуырда «Хабар» арнасынан «Жігіттің сұлтаны» атты жобаны көріп қуанып қалдық. Қайта «тірілген» екен ғой деп. Алайда алғашқы санын көре сала көңіліміз су сепкендей басылғанын қайтейік. Атына заты сай небір сайдың тасындай іріктелген оғыландарымыз қатысатын шығар деген үмітіміз ақталмады. Бүгінгі телеарналардағы бағдапрламалардың сапасы жайында «Алаш айнасы» интернет-газетінің тілшісі оқырмандар талқысына осы мәселені тастап отыр.

Тіпті адасып жүргендер де баршылық екен. Өзінің қандай бағдарламаға келіп тұрғанынан да хабарсыз болғанға не дерсіз? Сұраққа дұрыстап жауап бере алмай тұрған жігітке «Өзіңіздің қандай бағдарламаға қатысуға келгеніңізді білесіз бе?» дегенде «Сұлтан батыр» деген бағдарламаға келдім» дегенін естігенде тіптен түңілдік. Алдын ала іріктеу жүргізбегендері көрініп-ақ тұр. Сұлтан да жүр, ұлтан да жүр. Жігіттердің басым бөлігіне тән кемшілік спорттан құралақан екендігі. Соған сай тұлғасының жоқтығы. Ілмиген инелік сияқты, жел тұрса ұшып кетейін деп тұрған қыз секілді жігіттер басым болды. Шаштарын қобыратып өсірген кәріс елінің жігітері бақ сынауға келген бе деп қалардай екенбіз. Өкініштісі бүгінде кәріс сериалдарының фанаткалары-қыздарымыздың «стиліндегі» «сұлтандар» осылар боп тұр әзірге. Нар тұлғалы, кесек ойлы, шешен тілді, алып жігіттердің «модадан» шығып қалғаны қашан?! Өкінішті, әрине. Тіпті араларында гір тасын бір рет те көтере алмай күлкіге қалғандары да баршылық. Спорт деген жігіттің ажарамас қағидасы болуы керек емес пе? Өкінішке орай олай ойламайтындар басым екен. «Спорттың қай түрімен айналысасың?» дегенге біреулері «скакалкамен секіре аламын» дейді. Ойпырмай скакалкамен секіру спорттың қай түріне, қашаннан бері жататын еді? Ол дене шынықтырудың бір бөлшегі ғана емес пе? Сонысына қарамай скакалкамен секіріп, өзіндік «ою өрнегін» көрсеткендері ұят болды. Ойы да, бойы да жобаға мүлдем сәйкеспейтіндердің адасып жүргендері таң қалдырды. Жобаға жол тартпас бұрын айнаға жақсылап қарап алғандары дұрыс болар еді. Түрі басы келісті болмаса да ойымен, ұтымды жауабымен, ақыл парасатымен-ақ көрінуге болар ақ еді. Алайда жігіттеріміздің көбісі осы сұрақ-жауапта ұтылып жатты. Мүдіріп, сөйлей алмай, ойын жинақтай алмай әуреге түсті. Агентпен ауыздықтанған ұрпақ қой, қайтсін енді. «Нестеватсың?» деп агентте әңгіме айтатын ұрпақтан қайбір ұшқыр ой, ұтымды жауап күтуге болады?

Расында бүгінгі жігіттердің арасында от ауызды, орақ тілді, шешен сөйлетіндерін табу қиынның қиыны. Астарлап сөйлей білмейтін, айтқан уәжіңе дөп жауап беретіндердің кемшін екені де рас. Логикалық ойлау жүйесі дұрыс дамымаған соң не деуге болар? Ауыз әдебиетінен хабары жоқ, газет оқымайтын сауатсыз жігіттердің молдығы қынжылтатыны рас. Қай жағынан алғанда да олқы түспеуі тиіс жігіттеріміздің осалдығы анық аңғарылып қалды. Ара арасында домбырамен әуелетіп ән салып, күмбірлетіп күй шертіп өнерін асырғандар да баршылық. Бірақ олар азшылықты құрайды. «Па, шіркін, нағыз жігіттің сұлтаны ғой» деп таңдай қақтыратындардың сирексігені өкінішті. Қазылар алқасы туралы бірер сөз. Қара сөзден қаймақ айырып, шешен сөйлейтін бүгінгінің батыры деуге тұрарлықтай Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұловтың жоба барысында жігіттердің болбырлығына «жыны ұстап» отырғаны анық байқалды. Кешегі Наурызбай, Қабанбай батырларлардың бүгінгі ұрпағының тым ұсақталып кеткеніне жаны ауырған да болар. Ара арасында өткір тілмен түйреп те отырды. Алайда ол кей жігіттердің жетесіне жете қойған жоқ-ау. Ал түрлі шоу бағдарламалардың жүргізушісі Мейрамгүл Мәдәлі мен актер Сырым Қашқабаевтың қазылығына ептеп көңіліміз толмады. Айналып келіп таптаурын сұрақтарды қоя беретіні кейде көрерменнің жүйкесінде ойнағанын қалай жасырайық? «Қазақстан Тәуелсіздігін қашан алды?», «Абайдың қанша қара сөзі бар?» дегенді бала бақшаның балаларына қоймаушы ма еді? Одан басқа жігіттердің білім көкжиегін көрсететін сұрақ болмағаны ма сонда... Сұрақ демекші бүгінгінің «оқымаған» батырлары қарапайым сұрақтардан ұтылып жатты. ЕКСПО-ның не екенін білмейтіндер де бар екен. Гимннің сөзін есіне түсіре алмай қиналғандар да болды. Тест жаттап үйренген ұрпақ қой. Жігіттерімізге жан-жақтылық жетіспей жатқаны анық. Сұлтан атану оңай емес, оған жүзін көрсетіп «жұлдыз» атану үшін келіп, күлкіге қалу ....одан өткен абыройсыздық жоқ. Сондықтан да жігіттеріміз ойланса екен... Бір жобаның ширегінде бүгінгі жігіттеріміздің қай дәрежеде екені білініп қалды-ақ....

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста