Солақай суретшілер сайысы

Солақай суретшілер сайысы

Қызылорда қаласында солақай жандар арасында суретшілер байқауы болып өтті. Тумысынан сол қолымен әрекет етіп үйренген олар көркем туындыны да керемет бейнелей білді. Тәуелсіздік мерекесіне арналған байқауға облыстың Шиелі, Сырдария, Жалағаш және Жаңақорған аудандарынан сайыскерлер келді.

Байқауға қатысушылар бір сағатқа жақын уақытта қиялда жүрген ойларын қылқаламмен қағаз бетіне өрнектеді. Оны тамашалаған көпшілік аталмыш туынды­лар­ды ерекше бағалады. Ол шығармаларда түрлі көріністер бейнеленген. Атап кетерлігі, сайыс шарты бойынша көркем туындылар тек сол қолмен салынды.
Бұл байқауды «Болашақ жастары» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Әділқазылар алқасы барлық қатысушының өнеріне жоғары бағасын берді. Дегенмен олардың арасынан Сырдария ауданынан келген Дархан Ерлен үздік деп танылды. Жүлделі орындарға қызылордалық Толғанай Базарбай мен Талап Мырзалиев ие болды. Жеңімпаздарға лайықты сый-сияпат жасалды.
Дархан ЕРЛЕН, байқауға қатысушы:
– Маған бала күнімде солақайлық біраз қиындық алып келді. Қазір жиырма жастан астым. Бүгінгі күні бұл қасиетім маған ешқандай кедергі келтірмейді. Әбден үйреніп кеткенмін.

Дерек пен дәйек
Жер шарында өмірге келген әрбір 100 нәрестенің біреуі солақай болып жарық дүние есігін ашады. Солақайлар арасында әлемге әйгілі тұлғалар бар. Атап айтқан­да, Гай Юлий Цезарь, Жанна д' Арк, Наполеон Бонапарт...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста