ШОУ-БИЗНЕС

ШОУ-БИЗНЕС

Клипіне қарап әншісін таны
Бұрынырақта сазды музыка, тамаша дауыс естісек, ол әннің орындауышысын көрмей-ақ есімін білсек, соған мәз болушы едік. Ал қазір әншінің бейнесі былай тұрсын, бейнебаяны болмаса қабылдай алмайтын дәрежеге жеткендейміз. Клипіне қарап әншісін танитын заман туды. Қоржынына бірнеше клипі бар әнші кәдімгідей беделді бүгін. Клип демекші, әнші біткенді сахнадан клип түсіру алаңына сабылтқан осы бір үрдіс бізге қашан, қалай келіп еді? Бүгінде дәурені жүріп тұрған клипмейкерлер кім? Клипсіз де танымал болу мүмкін бе? «Алаш айнасы» осы бейнебаян төңірегінде ой өрбітіп көрмек.
Еуропада осыдан жарты ғасыр бұрын пайда болған клип түсіру үрдісі бізге 1990 жылдардың соңына қарай келді. Қазақстанда алғаш клиптер 1998-99 жылдары түсіріле бастаған еді. Алғашқылардың бір болып «АБК» тобы «Тамшылар» әніне клип түсіргені есімізде. Одан кейін Нұрлан мен Мұраттың клиптері жарық көрді. Ол кезде әншілер де қазіргідей көп емес еді ғой. Келе-келе әнші де көбейді, танымалдыққа деген талпыныс артты дегендей. Сонымен өнерге кеше келгені бар, жаңа келгені бар әншілер жапа-тармағай клип түсіру науқанына көшті.
Өзбекстаннан Қазақстанға жұқты
Осыдан бірнеше жыл бұрын Қазақстанда клип түсіретін маман тапшы болды ма, әйтеуір әнші біткен клип түсіруге Өзбекстанға сабылатын. Сол тұста өзбек клипмейкерлерінің тасы өрге домалағаны көпшілікке мәлім....


Қазыбек Қасым, тележүргізуші: – Өзбекстанда өмірдің өзі арзан болған соң ол жақта клип түсіру де арзанға түсті біздің әншілерімізге бір кездері. Осыдан 4-5 жыл бұрын Өзбекстанда екінің бірі, әсіресе жастар қолына камера алып, клип түсірумен айналыса беретін. Тіпті өзбек клипмейкерлерін Қазақстанға әкеп клип түсіртіп жаман үйретіп алдық. Қазір ол жақта іліп-аларлық клипмейкер жоқтың қасы. Есесіне сол Өзбекстандағы үрдіс қазір бізге келді. Енді Қазақстанда камера ұстағанның бәрі клипмейкер болып жүр. Сондықтан көшірме клиптер көбейді, біркелкілік басым. Қыздардың беттері жасанды қуыршақ секілді болса, жігіттердің биі бірдей деген секілді есте қаларлық образ жоқ. Ұлттық бояу бар, жақсы сюжетке құрылған астарлы клиптер аз. Сондай-ақ бізде негізінен трек клиптер көптеп түсіріледі. Трек клиптерде тек әдемі кадрлар ғана болады. Меніңше, сюжетті клиптерді түсіруге қарағанда трек клиптер арзанға түседі. Клипмейкерлердің көбінде режиссерлік  мамандығы жоқ, сурет жағынан да қиналады. Әнші, актер көңілді тапқырлар клудбында ойнайтын жігіттер ақша табу үшін «мен де клип түсіріп көре салайыншы дегендей камера ұстап жүр. Бірақ мұның бір жақсы жағы, әншілер клипмейкерді шертіп жүріп таңдайтын болды. Саннан сапа шығады, бәсекелестік туады, мықтылар өзінен-өзі іріктеледі. Қазіргі таңда нағыз кәсіби клипмейкерлер саусақпен санарлық. Осы тұста тағы бір нәрсе айта кеткім келеді. Өзім жақында Украинада Киев қаласында болдым. Ол жақта да клип түсіру сәнге айналған. Алайда менің ойымша, қазір бізде түсіріліп жатқан клиптерді сол бағада бірақ  әлдеқайда сапалы етіп Украинада түсіруге болады. Өйткені ол жақта ұжымдық жұмыс, сапалы қызмет көрсету дұрыс жолға қойылған. Ал бізде гример де, жарық түсіруші де, костюмер де бәрі шетінен жұлдыз.
Клипмейкер деген кім?
Клипмейкер – музыкалық шығармалардың визуалды көрінісін, яғни шағын клиптер, жарнамалық роликтер, үлкен музыкалық фильмдер түсіруші режиссер. Клипмейкердің негізі міндеті тапсырыс берушінің көңілінен шығу.
Мамандардың айтуынша, кәсіби клипмейкер келесі қасиеттерге ие болу кере:
•    Ұйымдастырушылық қабілетінің жоғары болуы
•    Креативті ойлай білу. Тапсырыс берушінің қалауына қа    йшылық болмайтындай идеяны жүзеге асыра отырып, бұрын қолданылмаған жаңа образдар мен сюжеттер ойлап табу.
•    Көпшілікпен тіл табыса білу.
•    Батылдық, сәтсіздіктен қорықпай тың идеяларды іске асыру.
•    Жауакершілік
•    Эмоциялық тұрақтылық, төзім, сабырлылық
•    Суретшілік пен сахналық шеберлік.
Сұранысқа ие клипмейкерлер
Ғаламторда клипмейкерлердің, түрлі студиялардың жарнамасынан көз тұнады. Бағасы да аса қымбат емес, жеке студиялар клиптерді 2000 доллардан жоғары бағаға түсіреміз деп жарнамалайды. Әншілердің көбі клиптерінің құнын өсіріп айтады екен естуімізше, мысалы, 3000 долларға түсірген клипін 10 000 доллар деп жариялайды. Мұның да өз себебі бар болар, сірә. Алайда біз үшін клиптің құны емес, мәні маңыздырақ. Ал біздің елімізде ең сұранысқа ие клипмейкерлер кім десеңіз, Асқар Ұзабаев, Ернар Нұрғалиев, Валерий Задарновский, Жеңісхан секілді жігіттердің есімі жиі аталады. 
Клиптен киноға...
Әу баста клип түсіруге машықтанып, атақты әншілермен жұмыс істеп қалған клипмейкерлердің көбі қысқа метражды, толық метаржды фильмдер, телесериалдар түсіруге ниеттеніп, бағыттарын өзгертіп жатады. Бұған себеп олардың шығармашылығын шыңдауға деген талпыныстары, әрі кино әлеміне деген қызығушылық. Өйткені киноның сиқыры сол, адамбы арбап алады. Клиптен киноға ауысқан Асқар Ұзабаевтың «Ғашық жүрек», «Тракторшының махаббаты» фильмдері көрермен арасында біраз талқыға түскен болатын. Енді жас режиссердің өз пікіріне құлақ асып көтрейік: 


Асқар Ұзабаев, клипмейкер, режиссер: – Мен қазір клип түсіріп жүрген жоқпын. Қазіргі таңда кезекті қазақстандық телесериал түсірумен айналысып жатырмын. Келесі жылы клипмейкерлікке қайта келуім мүмкін. Бірақ тек үлкен мюзиклдар түсірмекпін. Бұрын жылына 50-60 клип түсірсем, өзімнің клипмейкерлік тәржірибемде шамамен 700-дей клиип түсіріппін.  Өзімнің ойымша, мен клипмейкерліктен аздап болса да өстім. Оның үстіне қазір мен үшін клип түсіруге қарағанда кино әлдеқайда қызығырақ. Сәті түссе алдағы наурыз айында «Осторожно, корово», сәуір айында уақытша атауы «Жол» деп аталатын боксер туралы фильм жарық көрмек. Жалпы клипмейкер үшін шығармашылық тұрғыда жоғарылау өте маңызды. Кез-келген клипмейкер жақсы фильм түсіруді армандайды.  Өзім кино, телесериал түсіруге кіріскелі клипке уақытым болмай кетті. Бірақ клип түсіріп бер деп хабарласатын әншілер көп. Меніңше ән де, әнші де клипмейкердің көңілінен шығуы керек. Кейінгі кезде өзіме шабыт беретін музыкалық шығармалар кездестірмей жүрмін.  


Ернар Нұрғалиев, клипмейкер:
«Клип түсіру құны 10 000 доллардан жоғары»
Бүгінде Қазақстан эстрадасының танымал өнер жұлдыздарының әндеріне бейнебаян түсіріп,  өзінің еңбекқорлығымен, ерекшелігімен үлкен сұранысқа ие болған клипмейкерлердің бірі Ернар Нұрғалиев. Сәті түсіп Ернарды әңгімеге тартып көрген едік.
–    Ернар Сіз бүгінде Қазақстанда ең сұранысқа ие клипмейкердің бірісіз. Осы деңгейге жету үшін қанша уақыт тәжірибе жинақтадыңыз.
–    Мен клип түсіруді осыдан 5-6 жыл бұрын бастадым. Тырнақалды жұмысым «Мистерионс» деген топқа түсірген бейнебаяным. Уақыт өте келе тапсырыстар көбейді, сөйтіп тәджірибе де жинақтала бастады.
–    Өзіңіздің мамандығыңыз қандай?
–    Мен негізінен суретшімін.  Клипмейкер болуыма осы суретшілік үлкен септігін тигізді деп ойлаймын. Өйткені шығармашылық адамы үшін сурет өнерінің маңызы зор.


–    Клиптеріңіздің идеясын қалай ойластырасыз, сценаристерге жүгінесіз бе?
–    Кейбіреуіне болмаса, клиптерге аса көп сценарий жазыла бермейді. Бірақ сюжетті болсын, трек босын, әр клиптің өз қиынлығы бар. Ал клиптің идеясын көбіне әншілер өздері ұсынады. Егер маған ұнап жатса, сол идеяны жүзеге асыруға тырысамын. Ал егер көңілімнен шықпаса өз идеяларымды айтып кеңесемін. Маған көптеген әншілер өздерінің жаңа әндерін тыңдатуға алып кеп жатады. Меніңше, қазіргі таңда эстарадалық әншілеріміз жақсы жетістіктерге жетіп жүр.
–    Дәл қазір қандай әншілермен шығармашылық бірлестікте жұмыс жасаудасыз?
–    Жаңа жылдың алдында ғана Әсел Сәдуақасованың, Раноның клипін түсірдім. Қазір Роза Рымбаеваға, Әли Оқаповқа, Нағима Есқалиеваға клип түсіруге дайындық үстіндемін.
–    Ресейлік әнші Филипп Киркоров өзінің бір клипіне 50-70 мың доллар қаржы жұмсайды екен. Әрине, біздегі клиптердің құны ондай қомақты бола қоймас. Егер құпия болмаса, айтыңызшы, Сіз бір клипті шамамен қаншаға түсіресіз?
–    Клиптің құны оның сценарийінің күрделілігіне байланысты болады. Шамамен айтсақ, біздің «567» продакшн студияда 10 000 доллардан жоғары.
–    Естуімше, Сіз болашақта кино түсіруге ниеттеніп жүр екенсіз.
–    Иә, мен қазір кино түсіруді армандап жүрмін. Осы арманымды жүзеге асыратын күн де алыс емес деп ойлаймын. Биыл клип түсіруді кішкене азайтпақпын. Әрине, тұрақты тапсырыс берушілеріме клип түсіре беремін. Бірақ негізгі ынтамды киноға бұрмақпын. Өйткені кино мені қатты қызықтырады.


Өзі әнші, өзі актер, өзі клипмейкер...


Жақында жас әнші Әбдіжаппар Әлқожа өзінің алғашқы клипін түсірген еді. Белгілі әнші роза Әлқожаның бауыры Әбдіжаппар «Мәжнүн» атты әнге клипті өзі түсіріп, монтажын да өзі жасаған. Ал Роза Әлқожа клиптің операторы болыпты.
«Өзімнің негізгі мамандығым актер. Осы клипті түсіру арқылы өзімді клипмейкерлік қырымнан сынап көргім келді. Болшақта Ташкентке барып тағы бірнеше клип түсіру ойымда бар. Егер менің жұмысым көпшіліктің көңілінен шығып жатса, болашақта тек өзіме ғана емес, басқа да әншілерге клип түсірумен айналыссам деген ойым бар» , – дейді жас әнші.
Көрерменге жол енді жол тартатын әншінің тырнақалды жұмысы жаман емес секілді. Тамашалаңыз, бағалаңыз!

Ой-түйін
Біз жоғарыда шашамыз келгенше клипке қатысты толық мағұлмат беруге тырыстық. Айтпағымыз, заманның әншіге қойған талабы бейнебаян түсіру болса, біз тамашалайтын клиптер сапалы болса екен деген тілек біздікі. Бірақ танымалдық тек клипке ғана келіп тіреледі деп ойлау әбестік. Аға буын аға-апаларымыз бұрын клипсіз де әннің шырайын келтіретін еді ғой. Бірде-бір клипі жоқ, бірақ халықтың ерекше сүйіспеншілігіне бөленген әншілер бүгін де жоқ емес. Айталық, ешқашан әніне бейнебаян түсіріп көрмеген Саят Медеуов секілді әншінің концертінде залдан бос орын таппайсыз. Мұның сыры неде десеңіз, әншінің Кенендей жыр алыбы туған топырақта туып, сөздің, әннің қадірін түйсіне білгенінде болар, бәлкім. Сондай-ақ Саят Медеуов өзінің табиғатына сай әнді таңдауда өте шебер десек, артық айтқанымыз емес.

Әртіс қанша тұрады немесе хиттің «қитұрқылығы»

«Жұлдыздар ауруы»немесе анорексия Алаш аруларына да келді

Болмады оған шоу да жүк, сыйлады қазаққа ойыншық

Қазақтың үні және оның қадірі мен құны

«Қайратқашқан» немесе фанат, қайда барасың?

Қорлан КӘРТЕНБАЕВА, жетігенші: Қазақтың барлық аспабы киелі

Қазақ эстрадасы жан-жақты жанрға сусап тұр

Ұрланған бал дәурен немесе жұлдызды балалық шақ бақытқа бастай ма?

Билл Гейтс бағалаған қазақ баласын білеміз бе?

Қиярға да PR керек, ал біз...

Менің бақытым – хит қумайтындығым

Бәріміз «жұлдызға» айналсақ, жерде кім қалады?

Ұлттық өнердің өрісін тарылтып отырған не?

Балқадиша ШАЛға ұзатылған ба?

«Той жыры», «Су тасушы қыз», «Қайдасың?»...

Әндерімді опера әншілерінің орындағанын көздемеймін

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста