Спорт сарайы мен Сүйінбай ескерткіші бой көтерді

Спорт сарайы мен Сүйінбай ескерткіші бой көтерді

Талдықорған қаласында сәулеті мен көлемі, атқаратын қызмет ауқымы жағынан республикада бірегей саналатын «Жастар» спорт сарайы ашылды. Өңірде Елбасының бұқаралық спортты дамыту туралы тапсырмасын орындауда түбегейлі нәтижеге жеткізу үшін соңғы үлгіде салынған спорттық нысанның қажеттігі туындаған. Онымен қоса, облыста спорттың қарқынды дамуы да бұл қажеттілікті айқындай түсті.

Сарай құрылысының құны 3 млрд 5 млн теңге. Алматы-Өскемен күре  жолының оңтүстік шығысынан орын тепкен төрт қабатты ғимаратта спорттың барлық түрле­ріне лайықталған 14 зал, жаттығу мен жа­рыс­қа қажетті қолайлы жағдайлар жасал­ған. Сарай бір мезгілде 2081 адамды қа­был­дай алады. Биыл өңірдегі спорт сала­сына 2,8 миллиард теңге бөлінген.
Осы күні Спорт сарайының алдында жыр сүлейі Сүйінбай Аронұлының ескерт­кіші ашылды. Осыдан бір жыл бұрын зиялы қауым өкілдері республикалық қазақ тілді басылымдарда Сүйінбай ақынның ескерт­кішін орнату туралы ұсыныстарын білдірген болатын. Көпшілік пікірін қолдап, «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында ескерт­кіштің жасалып, орнатылуын облыс әкімі Серік Үмбетов тікелей өзі қадағалады.
Ескерткіш құрылысына облыстық бюд­жеттен 52 млн теңге бөлінді. Қоладан құйылған мүсіннің биіктігі 4.20 метр, ескерткіштің өзі 10 метр. Сәулетші Қазыбек Жарылғапов пен мүсінші Мерлан Азғам­бетов­тің қолымен жасалған Сүйінбай бейнесі қазір Талдықорғанның кіребері­сінде асқақтап тұр. Ескерткіштің ашылуына арналған салтанатты жиында осы айтулы оқиғаға орай ҚР Ұлттық қауіпсіздік коми­тетінің төрағасы Нұртай Әбіқаевтың, ҚР Бас прокуроры Қайрат Мәмидің, Ал­маты қаласының әкімі Ахметжан Есімовтің жол­даған құттықтау хаттары оқылды. Сүйінбай­дың қырғыз ақыны Қатағанмен айтысы туралы театрландырылған көрініс қойы­лып, «Құлансаз» ансамблінің концерті тама­шаланды. Ескерткіш маңында аллея ашылып, ағаш отырғызылды.


Серік ҮМБЕТОВ, Алматы облысының әкімі:
– Сүйінбай бабамызға ескерткіш орнату туралы «Қазақ әдебиеті» газетін­де бастама көтерген елдің зиялы қауы­мы­на рақмет айтамын. Ескерткіш елге – қуат, ерге – жігер, ұрпаққа – мұра. Бүгінгі ашылып отырған «Жастар» спорт сарайы спорттық қана емес, мәдени-рухани шаралар да өткізілетін үлкен орда болмақ. Сондықтан жыр сүлейінің ескерткішін осы жерге орнатуды жөн көрдік. Алдағы уақытта Спорт сарайы­нан жастар шыңдалып шығып, халық­ара­лық ареналарда еліміздің абыройын асқақтатады деп сенемін.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста