Стилін өзгерткен Баян Алагөзова желіде қызу талқыға түсті (фото)

Стилін өзгерткен Баян Алагөзова желіде қызу талқыға түсті (фото)

Қызыл етік пен джинсы көйлек киген Баян Алагөзованың жаңа стилі желіде қызу талқыға түсті деп жазады NUR.KZ.

Продюсердің бұлай киінгенін бұрын-соңды көрмеген оқырмандары өздерінің таңданысын білдірді.

"Сіздің бұлай киінгеніңізді көрмеген едім", "50-ге жақындаған әйелге мүлде ұқсамайсыз", "Жап-жас көрінесіз", "Джинсы сізге жараспайды екен".

"Киім әдемі болғанымен сіздің жасыңызға мүлде сай келмейді. Өз жасыңызға сай киініп үйренсеңізші", "Сіз үнемі әдемі болып жүретінсіз. Ал мына киімдеріңіз, әдемі емес. Немесе сізге мүлде үйлеспейді" деп пікір білдірген оқырмандар.

Айта кетейік, осыған дейін Алагөзованың жоғарғы соттан көмек сұрағанын мәлім еткен едік. Продюсердің Жақып Асановқа ашық хат жолдауына жұбайы Тұрсын Алагөзовтің басындағы қиындығы себеп болған.

Сондай-ақ Айсауле Бақытбек продюсердің құдағиын көпшілікке таныстырған болатын. Алагөзованың қызы 18 жасында танысқан сүйіктісі Әлішермен биылғы жылы заңды некесін қидырды.

Еске сала кетейік, 1974 жылы туған Баян Мақсатқызы "Shine Production" компаниясының басшысы, актриса, продюсер. 2006 жылдан бері "Kesh you", "Алау" секілді топтарды сахнаға шығарып келді. Алайда биыл он жылдан астам сахнаның сәніне айналған "Kesh you" тобын таратып жіберді.

Айта кетейік, екі қызы бар продюсер осыдан бірнеше жыл бұрын бірінші күйеуі Бақытбек Есентаевпен болған арадағы келеңсіз оқиғадан соң ажырасып кетті. Баянның 22 жыл отасқан күйеуі Бақытбек Есентаев жасаған қылмысы үшін түрмеге тоғытылды.

Осыдан соң Есентаева Тұрсын Алагөзовке тұрмысқа шығып, тегін өзгертті. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста