Шұғыл! Ұлықпан Жолдасовтың концертінің билеттері ұрланды
Танымал сазгер, әнші Ұлықпан Жолдасовтың 1-мамыр Республика сарайында өтетін концертінің билеттері ұрланды деп хабарлайды baistars.kz.
Концерт ұйымдастырушылары мен Жолдасовтар отбасы концертке келетін көрерменге билетті енді қолдан емес Республика сарайының кассасынан және kassir.kz сайтынан сатып алуды өтінді.
Сонымен қатар, Ұлықпан Жолдасовтың жұбайы Айған Жолдасова өзінің инстаграм парақшасында билеттің ұрланғанын растады.
Естеріңізге сала кетейік, Ұлықпан Жолдасов мерейтойлық концертін ақпан айында Астана қаласында өткізді. Ал, 1-мамыр күні Алматыда жаңа бағдарламамен екінші кешті өткізуді жоспарлап отыр. Концертке МузАрт тобы, Мәдина Садуақасова, Жігіттер тобы, Әлішер Каримов, Төреғали Төреәлі және өзге де өнер жұлдыздары қатыспақ.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу