Сығанақ қаласына соны зерттеу басталды

Сығанақ қаласына соны зерттеу басталды

Сыр өлкесінде тарихы тереңнен тамыр тартатын көне шаһарлар саны аз емес. Олардың арасында Сығанақ қаласының орны бөлек. Қарт Қаратаудың етегінде ірге қалап, қаншама ғасыр бойы қазақ баласына қызмет еткен қала кезінде Ақорданың орталығына айналды. Тасқа басылған тарихымызда Сығанақ аталуы көбірек кездеседі. Ендеше, бұл қала біз үшін ерекше қызығушылық тудырады. Осы орайда өткеннің шежіресіне үңілген археологтар қаншама игілікті істерді қолға алып келеді. Бүгінгі таңда Сығанақ қаласының орнында зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл шараға Түркістан қаласында орын тепкен Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің археология зерттеу орталығының жетекшісі Сейден Жолдасбаев басшылық жасайды.
Сыр өңіріне басшылық қызметке келген Қы­рымбек Көшербаев төл тарихымызды тү­гендеу бағытындағы игілікті шараға қол­дау білдіруге ниетті екенін жеткізді. Өйткені кө­не шежірені бүгінгі ұрпаққа жеткізу ар­қы­лы оларды патриоттық пен елжан­ды­лық­қа баулу екені белгілі. Сондай-ақ келе­шек­те шетелдіктер қызыға тамашалайтын ай­тулы орынға айналдырып, туристік са­пар­лар ұйымдастыру негізгі мақсаттың бі­ріне айналмақ. Алдағы уақытта қалаға зер­делі зерттеу жүргізу үшін еліміздің мә­дениет министрлігімен бірлесе отырып, қар­жы мәселесін шешуге көңіл бөлінбек. Сон­дай-ақ жергілікті қазына қазанынан да осы мақсатта ақша қарастырылмақ. Бір сөзбен айтқанда, осындағы мешіт-медресе ғимаратын толықтай қалпына келтіру ойластырылып отыр.
Қырымбек КӨШЕРБАЕВ, Қызылорда облысының әкімі:
– Қазақ халқы үшін Сығанақ айрықша мә­­дени мұра екені белгілі. Бұл қалада теңге соғылып, қолөнер дамыды, мәдениет ке­ңі­нен өріс жайды. Қазақ хандығы билік құр­­ды. Қазақ тайпаларының қысқы қонысы бол­ды. Алаш жұртының саяси-эко­но­ми­ка­лық орталығына айналды. Қалада ислам­дық наным мен оқымыстылық та бастау алды.

Ғалымдардың айтуынша, Сығанақ орта ға­сырлық шаһарлар санатына жат­қы­зы­лады. Ұлт тарихындағы орны бөлек бұл қа­­ланы зерттеуге бұдан бұрын да талай ға­лым­­дар атсалысқан. Ресейлік шы­ғыс­та­ну­шы Петр Иванович Лерх (1867 жылы) пен бел­гілі археолог Жозеф-Антуан Кастанье (1906-1907 жылдар) зерттеу жүргізген. Сы­ғанақ туралы алғашқы деректер Х ға­сырда жазылған парсы шығармасы «Худуд әл-Әлемде» кездеседі. Ертедегі Сығанақ қып­­шақ мемлекетінің саяси және сауда ор­та­лығы болған. Сол кездегі тарихшылар бұл шаһарды «Қыпшақ даласының га­ва­ны» деп атаған. ХІІІ ғасырларда Шың­ғыс­хан­ның баласы – Жошы ханның қа­ра­ма­ғын­да болды. Осы кезеңдерде қалада тең­­ге соғылған деген де деректер де кез­де­­седі. Одан кейінгі кезеңде де қаладан өр­ке­ниетті өмірдің көрінісі байқалады. Ар­хео­ло­гиялық деректерге сүйенсек, Сығанақ ша­һары VІ-ХVІІІ ғасырларда өмір сүрген де­лінеді. Сол себепті бұл көне қаланың қазақ өркениеті үшін алатын орны зор екенін аңғару қиынға соға қоймас.
Археологтар қазіргі зерттеу барысында қан­дай жұмыстар атқарып жатыр? Олар орта ғасырдан бері өмір сүрген қаланың біз үшін әлі де жұмбақ тұсы аз емес екенін ай­тады. Ескі заманнан еміс-еміс қалған де­ректер қалған. Десе де олар Сығанақтың ай­қын бейнесін айшықтай алмайды. Та­рихқа қайта үңілуді құп көрген ғалымдар бұл жерді зерттеу барысында жеті қабат көм­бе барын анықтап отыр. Бір сөзбен айт­­қанда, замана желінде аталмыш шаһар жеті мәрте тас-талқан қирап, жеті мәрте қай­тадан өркениетті өмір сүруін жал­ғас­тыр­ған. Сол кезеңде өмір сүрген адам­дар­дың тұтынған заттарындағы айырмашы­лық­тар, дәстүрлер ерекшелігі осы бағытта ой салады.
Біртай БИЖАНОВ, ҚР Мәдениет министрлігі «Қайта жаңғырту» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қызылорда филиалының басшысы:
– Біздің білім ордасының ұйтқы бо­луы­мен Сығанақ қаласының орнында 2003 жыл­­дан бері зерделі зерттеу жүргізіп ке­ле­міз. Алғашқы жылғы қазба жұмыстары ба­рысында осы жерден мешіт-медресе ор­нын тапқан едік. Оның тарихына да көз жү­гіртіп қарадық. Әуелгіде бекет орталығы, одан кейін қонақүй қызметін атқарған. Қиян-кескі соғыстар салдарынан өртке де оран­ған. Бұзылып та кеткен кезі болған. Бе­ріде солардың орнына мешіт-медресе бой тү­зеген. Сондай-ақ осы жерден майдан да­ласында опат болған батырларды аманат ре­тінде қалдыратын сағана да табылды. 1899 жылы бір жиһанкез осы сағанадан 19 адамның сүйегін көргенін жазып қал­дырған. Осындай тарихи ғимаратты қал­пы­на келтіруді еліміздің мәдениет ми­нистр­лігі қолға алды. Осы мақсатта м­и­нистрлік тарапынан 176 млн теңге қар­жы бөлінді. 1927 жылы тарихшы-шы­ғыс­та­нушы Александр Якубовский түсірген су­ретте мешіттің екі мұнаралы екені бай­қалған. Соны қалпына келтіруге ты­рысамыз.

Зерттеушілердің айтуынша, ескі қала ор­ны 309 гектар деп есептеліп отыр. Оның ішін­де хан сарайының орны 30 гектарды ша­малайды. Қала қақпасы алдындағы мұ­на­ра, аспалы көпір, мешіт, диірмен, хан ұр­пақтарын жерлейтін зираттың барлығы да зерттеушілер күшімен аршыла бастаған. Ауызсу мен пайдаланылған суды сыртқа шығару жүйелері де көз алдыңда сайрап жатыр. Осының барлығына қамқорлық, жанашырлық қажет екені белгілі.
Сейден ЖОЛДАСБАЕВ, Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің археология зерттеу орталығының жетекшісі:
– 90-шы жылдарға дейін бұл қала то­лық­қанды зерттелген жоқ. Бүгінгі күнге дейін кешенді түрде жұмыс жүргізілмеді. Жалпы алғанда, ғылыми-зерттеу жұ­мыс­тары асығыстықты қаламайды. Шы­дам­ды­лық пен төзімділікті талап етеді. Қаншама қар­жы да қажет болады. Біз осы бағытта жұмыс жүргізіп жатырмыз. Көне қала орнынан құнды деректер табамыз деген сенімдеміз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста