Шығыс күйлері жинақталды

Шығыс күйлері жинақталды

Еліміздің шығыс өңірінде қалыптасқан домбырашылық дәстүр күйлері тұңғыш рет толық жиналып, топтастырылды. Шығыс Қазақстан аймағының күйлерін зерттеуді белгілі күйші, өнертанушы Мұрат Әбуғазы студент шағында бастаған. Автордың қаттап, дайындап, 2007 жылы баспаға ұсынған еңбегі үш жылдан соң «Шығыстың шыңырау күйлері» деген атпен жарық көрді.

Бұған дейін күйші, профессор Айтжан Тоқтағанмен бірігіп, еліміздің барлық аймағындағы шертпе, төкпе күйлерді зерттеп, кітап жазған Мұрат Қазенұлының бұл – 20 жылдық маңдай тері сіңген алғашқы еңбегі. Шығыс Қазақстан өңірі күйлерін тыңғылықты зерттеу жұмысын сонау 1990 жылы қолға алған.

Мұрат ӘБУҒАЗЫ, күйші, өнертанушы, ҚР мәдениет қайраткері:
– Осы еңбекті зерттеуге ең әуелі Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай баурайында дүниеге келуім мен бала кезден тартып, бойға сіңген күйлерді ел игілігіне ұсыну себеп болды. Колледж қабырғасында оқып жүргенімде, кейін консерваторияда күйлерді нотаға түсіре бастадым. «Алтай-Тарбағатай күйлері» тақырыбымен дипломдық жұмыс жаздым. Ұстазым Айтжан Тоқтаған «бұл тақырыпты тастамай, зертте» деген еді. Аталған тақырыптағы ғылыми еңбегім жарияланғанын басылым бетінен көріп, 2006 жылы Өскемендегі өлкелік мұражайдың әдеби-музыкалық бөлімінің меңгерушісі Қарлығаш Хасейінқызы мені Алматыға іздеп келді. Ғылыми конференция өткізу туралы ұсыныс жасады. Облыс орталығында бас қосып, дөңгелек үстел өткіздік. «Алтай, Тарбағатай аймағы күйлерін біреу біледі» дегенді құлағым шалса болды, бір күй болса да, іздеп барып, жазып алып жүрдім. Сөйтіп, жинақты 2007 жылы облыстың «Мәдени мұра» бөліміне дайындап тапсырдым. Әртүрлі себептермен жатып қалып, енді жарық көріп отыр.

Кітап үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөліміне көне аңыз күйлер мен авторлары ұмыт болған халық күйлері енген. Екінші бөлімге қазақ күй өнерінің атасы Байжігіт (XVIII ғғ.), Қызылмойын Қуандық (XVIII-XIX ғғ.), Тәттімбет, Бейсенбі, Қайрақбай (XIX ғғ.), Бейісбай, Мүкей, Әшім (XIX-XX ғғ.) т.б. күйші-композиторлар топтастырылса, үшінші бөлімде дәстүр ізімен туындаған жаңа заман күйлері берілген.

Шығыс Қазақстан өңірінде көне архаикалық үлгідегі «Шыңырау», «Аңшының зары», «Ақсақ құлан» сынды аңыз күйлер көп сақталған. Шығыс Қазақстан күйшілік дәстүрінің, жалпы шертпе күй саласының дамуына мұрындық болған – Абылай хан заманында өмір сүрген күйші Байжігіт пен оның дәстүрін жалғастырып, көркемдік, әуендік жағынан шертпе күй саласын дамытқан бірегей күйші Тәттімбет. Олардың туындыларын алғаш зерттеп, еңбектеріне арқау еткен ғалымдар Ахмет Жұбанов, Уәли Бекенов пен Талиға Бекхожиналардың есімін айтпай кетуге болмас.

Осы өңір күйлерінің бір бөлігі Қытайдың Шыңжаң өңірінде дамыған. Алтай-Тарбағатай, Іле аймағын қамтыған күйлер, Шыңғыстау өңірі, Абайдың «Тор жорға», «Май түні» күйлері де жинаққа енген.
«Шығыстың шыңырау күйлері» облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қолдауымен шығарылып отыр. Мұрат Әбуғазының шығыстың шырайлы тарихы мен тамыры тереңде жатқан осынау күй жинағы жоғары және орта музыкалық оқу орындары студенттерінің кәдесіне жарайды деген үміттеміз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста