"Шымкент аруы-2018" байқауының жеңімпазы анықталды

"Шымкент аруы-2018" байқауының жеңімпазы анықталды

Үшінші мегаполисте мұндай байқаулар өте үлкен дәрежеде өтеді. Ал осы жылы кастингте бақ сынаған көптеген арудың ішінде тек 20 бойжеткен ғана жүзден жүйрік шыққан. Байқау қатысушыларына қойылған талап та оңай болған болмапты. Нақтырақ айтқанда сұлулар тек қана сән көрсетіп қана қоймай, әлеуметтік науқандарға қатысқан деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл додада ең алдымен, бойжеткендердің еңбекке деген құштарлығы тексеріліпті. Одан бөлек, конкурсқа қатысушылар балалар үйіне барып, кішкентай бүлдіршіндермен сөйлескен екен.

"Басты мақсат сол болды. Біз қыздардың тек сыртқы келбетінің сұлулығын ғана емес, жан дүниесін де танытуды жөн көрдік. Біздің арулар осы жоба аясында көп игі іс істеді. Сенбілік те ұйымдастырды, жұртты тазалыққа шақырды. Бізге ешкім ақша төлеген жоқ, сондай-ақ, бізде бикини байқауы да жоқ", -деді "Essen Group" концерт агенттігінің директоры, жоба ұйымдастырушысы.
Конкурс қорытындысы бойынша "Шымкент аруы-2018" Балжан Анас атанған. Оған тәжді "Қазақстан аруы -2018" Альфия Ерсаин табыстады.

Енді Шымкенттің аруы атанған бойжеткен "Қазақстан аруы - 2019" байқауына қатысады.

NUR.KZ тілшісімен сөйлескен жеңімпаз соңына дейін өз жеңісіне күдікпен қарағанын айтты.

"Мен үшін бұл үлкен жетістік. Барлығына рахмет", -деді Шымкент аруы Балжанат Анас. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста