Шымкенттік жігіт қалыңдығына цирктегі қойылым кезінде сөз салды (ФОТО)

Шымкенттік жігіт қалыңдығына цирктегі қойылым кезінде сөз салды (ФОТО)

"Оңтүстік-Циркке" келген көрермендер күтпеген жайтқа тап болды. Қала тұрғыны Ғалымжан Ермекбаев қалыңдығына көпшілік көрерменнің алдында сөз салып, отбасын құруға ұсыныс айтты, - деп хабарлайды Bnews.kz  тілшісі.
Жалпы циркке келген көрермен тосынсыйларға дайын болып баратыны мәлім. Дегенмен, Ғалымжанның тосынсыйы оның қалыңдығын да, қалың көрерменді де қайран қалдырды.

Ғалымжан Ермекбаев цирк басшылығымен алдын ала келісіп, сүйіктісіне тосын сый жасағысы келетінін жеткізген. Оның бұл ұсынысын цирк ұжымы қабылдап, әртістердің қойылымына аздаған өзгертулер енгізіпті. Сөйтіп сценарий бойынша сайқымазақтар құрбыларымен бірге келген бойжеткенді жәй қатысушы ретінде сахнаға шығарады. Ойын ойнатып, көңілін аулайды. Осы кезде цирктің аренасына достарымен бірге жігіт те шығады. Қолында раушан гүлі бар Ғалымжан көпшіліктің алдында сезімін білдіріп, отбасын құруға ұсыныс айтады.
Мұндай тосын сыйды күтпеген Әсел аң-таң болады. Бір тізелеп гүл шоғымен бірге сақина ұсынып, сөз салған жігіттің тілегінен бас тарта алмаған. Ғалымжанның тапқырлығына тәнті болған қалың көрермен ұзақ уақыт қол шапалақтап қос ғашыққа құрмет көрсетті.

Тосын сый жасаған жігіт жергілікті телеарналардың біріне берген сұхбатында сүйіктісіне сезімін қалай жеткізуді көп ойластырғанын айтыпты.

«Бұрыннан арманым бар еді, жұртты таңқалдырғым келді. Қалыңдығымды таңқалдырғым келді. Біздің жақын араласып жүргенімізге екі жыл болды. Сол аралықта көп жағдайлардан өттік. Қиыншылықтан, жақсылықтан дегендей. Бүгін нақты шешім қабылдап, отбасы туралы ұсынысымды білдірудің сәті түсті. Жүзік те дайындап қойғам», - депті романтик Ғалымжан.
Ғалымжанның тосын сыйы қалыңдығын да бей-жай қалдырмапты. «Шынымды айтсам мұндайды күткен жоқпын. Қазіргі күйімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын, тұрмысқа шығуға келісімімді бердім», - депті арена сыртына шыға салып Әсел Бекмырзаева.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста