Шынайы патриот болу – міндет

Шынайы патриот болу – міндет

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өткен «Алаш мұраты және Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында белгілі қаламгер, ақын-жазушы Несіпбек Айтұлы мектеп оқушыларымен кездесіп, Тәуелсіздік тағылымынан сыр шертті.
Ақын Қазақстанның Тәуелсіздігін жыр­лаған өзінің «Бәйтерек» атты поэмасын жас өрендерге таратып, осы шығарманың тарихына қысқаша тоқталып өтті. «Осы поэманы жазып шыққаннан кейін кей­біреулер мені патшаға, билікке жағынып жатыр деп сөз етті. Бірақ кезінде біз Ленин мен Сталинді жырладық қой. Енді Тәуелсіздік алып, сол Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаған Елбасы туралы неге жырламаймыз?! Ғасырлар бойы күткен Тәуелсіздік туралы жазбасам, мен не үшін қолыма қалам ұстап жүрмін?!» – деп ағы­нан жарылған ақын Н.Айтұлы жиналған жас­тарды Тәуелсіздікті жырлауға шақырды. Осыдан кейін тіл мәселесіне тоқталған ол: «Негізі, тіл мәселесін шешу қиын емес. Ол үшін әрбір қазақ өзінен бастауы керек. Біз үйдегі бала-шағамызға ие болып, олардың тек қазақ тілінде ғана тілдесуін міндеттесек, тіл мәселесі баяғыда-ақ шешілетін еді. Сөз жоқ, 300 жыл бойы Ресей империясының бодандығында болып, қазақ халқының сана-сезімі құлдық психологияға айналды. Біз әлі күнге дейін сол қамыттан арыла алмай келеміз. Бүгінде қазақ халқы Тәуелсіздік алғанымен, рухани Тәуелсіздікке қол жеткізе қойған жоқ. Мәселен, бүгінгі таңда ел басқарып, халықтың сөзін сөйлеп жүрген кейбір азаматтарымыз, атын айтпай-ақ қояйын, жоғары мінберлерден қазақ тілі үшін шырылдап, үйге барғаннан кейін немересімен орысша шүлдірлеп жатады. Міне, құлдық психология және екіжүзділік деген осы! Сондықтан сендер шынайы патриот болуларың қажет», – деді Н.Айтұлы.
Осыдан кейін мектеп оқушыларының сұрауы бойынша ақын Н.Айтұлы өзінің шығармашылық өмірінен қызықты да күлкілі оқиғалары туралы айтып берді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста