Шынайы жанашыр

Шынайы жанашыр

Асылы Османқызын білмейтін қазақ кемде-кем болар. Әсіресе жаным, қаным, рухым қазақ дейтін ұлтжанды үлкен-кіші азаматтар Асылы Осман қызының қазақ тілінде тамаша шешендікпен, білгірлікпен, сауаттылықпен, асқан жанашырлықпен қазақ тілінің тағдыры мен бүгінгі мемлекеттегі орны, мәртебесі туралы ой түйіндерін, пікір- ұсыныстарын, сөздерін ерекше ықыласпен тыңдап, зор ризашылықтарын білдіріп, ақкөңілдерімен алғыстарын төгілтіп жатады.
Асекеңнің қазақ жұртшылығы арасындағы қоғамдық беделі жоғары-ақ. Жоғары болатыны – қазақ тілін білім, ғы­лым ретінде таңдап алып, сол тілдің қасие­тін қастерлей білуінде, тілдің қоғамдағы атқарар рөлін күшейту жолындағы еңбегі, ізденісінің мол екендігінде. Ататегі де, өзі де әзірбайжан ұлтынан шыққан қыз қар­ша­дайынан қазақ тілінің маманы болу­ды арман етті. Сол арманына да жетті. Жоғары оқу орнын тамамдап, Ғылым академия­сының аспирантурасын үздік бітіріп, ғы­лыми дәрежеге зерттеу еңбек жазып, оны сәтті қорғап шықты. Асекең тек зерттеуші маман, ғалым ретінде де қазақ тіліне аз еңбек сіңірген жоқ. Танымал ғалым бола білді.
Сондай-ақ Асылы Османқызы қазақ тілінің қоғамның қозғаушы күші ретінде мәртебесін көтеріп, күшейту жолында қо­ғамдық, қайраткерлік еңбекке білек сыба­нып, молынан араласып келеді. Өткен ғасырдың 80-жылдарының соңында қазақ елінің қоғамдық-саяси құбылыстардың бұрқағынан Асекең де тыс қала алмады.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мем­лекетіміз өз Тәуелсіздігін жария еткен ал­ғаш­қы сағатынан бастап ұлтаралық келісім тұжырымдамасын қолдап, оның жүзеге асырылуына өз үлесін қосуды абыройлы парызы санап, барлық игілікті бастамаға белсенділікпен атсалысып, берекеге ша­қырып жүрген айтулы азаматтардың бірі де – осы Асекең.
«Қазақ тілі» республикалық, халықара­лық қоғамы құрылғанда да оның алғашқы ұйымдастырушылары болған көрнекті қоғам қайраткерлері, тіл насихатшылары Өзбекәлі Жәнібеков, Мырзатай Жолдас­беков, Әбдуали Қайдаров, Өмірзақ Айт­баев сынды қазақ тілінің серкелерінің жанында қанатымен су сепкен қарлығаштай шырылдап, осы біздің Асекең көрінді. Көрі­нейін деп жүрген жоқ, тіл құдіретін көрсетейін деп жүрді. Жасып қалған тілге жан бітіргендердің бірі болды. Кез келген адам айта алмайтын сөздерді ашық та батыл осы Асекең айтты.
Қоғамда кеңінен өрістеген қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе беру туралы пікірдің қалыптасып, тұрақтануында Асекең алдың­ғылардың қатарында сөйледі, басқа ұлттарды осы ұсынысты қолдауға шақыр­ды. Қазақ тілінің ешкімге де, еш тілге де қы­сым көрсетпейтінін, керісінше, бауыр­малдығын, мейірбандығын баса айтып, дәлелдей алды. Қазақ тіліне қамқорлық жасау арқылы Қазақстанда тұратын барлық этностар бірлігін қамтамасыз ету идеясын қолдады.
1995 жылы Нұрсұлтан Әбішұлының ұсынысымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясының белсенді мүшесі болып та осы Асекең сайланды.
Асылы Османқызы қоғамның көз алдында, жұрттың көңілінде. Тіл туралы әртүрлі пікірталастар, қарама-қайшылық­тар да болып жататыны табиғи құбылыс. Сондайда Асекең де тұшымды ой, сали­қалы сөз айтудан тартынған емес. Ең бас­тысы – Асекеңнің бақай есебі жоқ, адалдық пен әділдікті пір тұтқан қазақ ұлтының, қазақ тілінің, қазақ мәдениетінің шынайы жанашыры екендігі хақ.
Осындай жанның еңбегі де еленбей қалған жоқ. Асылы Османқызы Президент Жарлығымен «Парасат» орденінің, көпте­ген салалық, қоғамдық құрметті атақтар­дың иегері аттанды.
Асекең – сондай-ақ жастайынан адам­гершілік қарым-қатынасқа да айрықша адал, таза жан. Кімге болса да қол ұшын беріп, көмектескісі, жылы сөзін айтқысы келіп тұрады. Сондықтан да болар, студент кезінде сыйласқан достарымен осы күні өмірдің барлық ыстық-суығында бірге жүреді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста