Шыңғыс хан ұрпақтары түгенделуде

Шыңғыс хан ұрпақтары түгенделуде

Алматыдағы «Меломан» сауда орталығында Дүниежүзілік Шыңғысхан академиясының академигі Ғизат Табылдиннің «XIII-ХХІ ғасырлар аралығындағы Шыңғыс ұрпақтарының генеалогиясы» («Всемирная генеалогия Чингизидов с 13 по 21 вв.») атты кітабының тұсаукесері өтті.
Бұл – соңғы уақыттарда әлемдік тарихта ай­рықша орны бар тұлға туралы жазылған тың еңбектердің бірі. Ғылыми-танымдық ізденіске негізінен әлемнің түкпір-түк­пі­рін­де шашырап қалған Шыңғыс хан ұр­пақ­тарының генеалогиясы арқау болған.
Шыңғыс хан сынды ұлы қолбасшының қазіргі күнге дейінгі ұрпақтарының ше­жі­ресі түзілген бұл еңбектің айтары мол, де­рек­көздері де сенімді. Автор ұзақ жылдар бойы әр жерден Шыңғыс хан ұрпақтары туралы мәліметтер жинап, ол мәліметтерді жүйелі кестеге түсірген. Кітапта сондай-ақ белгілі шығыстанушы ғалымдардың, моң­ғол тарихын зерттеушілердің еңбектері мен Еуропа, араб, парсы, қытай мұ­ра­ғат­тарынан алынған материалдар пай­да­ла­ныл­ған.
Ғизат Табылдин, кітап авторы:
– Мені қызықтырғаны – осындай ұлы тұлғаның ұрпақтары ғұмырнамасы болды. Бұл менің 10 жылдан аса уақыттан бергі зерттеуімнің жемісі, алғашқы үлкен еңбегімнің жалғасы.

Мен әрбір деректің ғылыми негіз­демесін беруге тырыстым. Шыңғыс ұр­пақ­тарының ДНК зерттеулерімен АҚШ ғалымдары айналысты. Алдағы уақытта да бұл еңбектерім тың деректермен толығады деген үмітім бар.
Жаңа жинақ бұған дейін жарық көрген ғалымның «Шыңғыс хан ұрпақтары – әулеттер және дәуірлер» атты үлкен кітап­тың заңды жалғасы. Шыңғыс хан тақырыбы  күрделі болғандықтан, ол жүйелі де нақты зерттеулерді қажет етеді. Қаһарман қолбасшы жайында жазылған ғылыми, көр­кем кітаптар аз емес. Десек те, бұл еңбек шыңғысхантанушы тарихшы ғалым­дар мен жас ізденушілердің болашақтағы та­лай еңбектеріне арқау болары сөзсіз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста