Шыңғыстықтар шындығы

Шыңғыстықтар шындығы

Шыңғыс хан ұрпақтарының ге­неа­логиялық тарихын түгендеуге ар­налған тұңғыш шығарма дү­ниеге келді. «Шыңғыстықтар» деп ата­ла­тын кітапты құрас­ты­ру­шылар – Ғизат Табылдин мен Ана­толий Оло­винцев. Кеше Алматыда жаңа туын­дыны таныстыруға арналған кешке белгілі ақын, қоғам қай­рат­кері Олжас Сүлей­ме­нов, кітап авторлары және Шың­ғыс ханның ұрпақтары қа­тыс­ты.
Кітапты құрастырудағы негізгі мақсат – жер бетіндегі Шыңғыс ұрпақтарын түгендеу. Зерттеу жұмыстары көрсеткендей, даңқты тарихи тұлға, атақты қолбасшының ұрпақтары тек қана Моңғолия, Орталық Азия, Ресейде ғана емес, сонымен бірге Еуразия құрлығынан сыртқары елдерге де кең жайылған екен. Қазақ халқының тари­хында Шыңғыс хан ұрпақтарының ерлік, батырлық істері кеңінен дәріптеледі. Әсіресе, билеушінің тікелей кіндігінен тараған ұрпақтары арасында атағы алты қырдан асқан қолбасшы, хандардың ел тарихында алар орны ерекше. Солардың қатарында Алаш ұлдары, әсіресе қазақ халқының соңғы ханы – Кенесарыны өзгеше құрмет тұтады. Авторлардың сөзіне қарағанда, мұндай кітаптың өмірге келуі заңды. Авторлар 10 жыл бойғы зерттеу жұмыстары барысында XIII-XXI ғасырлар аралығындағы Шыңғыс ұрпақтарын түгел­дей қамтыған. Кітапта Еуразия құрлығында өмір сүрген түркі мемлекеттері билеу­ші­лерінің 5000-нан астам есімдері жазылған. Мұндай ғылыми жұмысты атқару үшін авторлар америкалық биолог, гене­тик­тер­дің көмегін пайдаланған.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста