Сырбаз Сәкеннің сегіз қыры...

Сырбаз Сәкеннің сегіз қыры...

Сәні де, әні де келіскен қазақ өнерінің сырбаз серісі Сәкен Майғазиевтың кейінгі буынға үлгі боларлық тұстары өте көп. Сәкен сахнада қандай сыпайы болса, қарапайым өмірде де сондай мәдениетті жігіт екенін оның айналасында жүрген жақын достары үнемі айтып жүреді. Бүгін «Алаш айнасы» Сәкен Майғазиевтың «Сырласу» бағдарламасына берген сұқбатына сүйене отырып, өнер иесінің жас жігіттерге үлгі болардық сегіз қырын тізбектеп көрді.   

    Сәкен Майғазиев кез келген ортада таза қазақша сөйлейді. Өзінің айтуынша, диалект қолданбауға тырысады.

    Қоғамда болып жатқан жағдайларға көзқарасын ашық білдіруден қашпайды. Жастарға әрдайым демеу беріп, жақсы істеріне қолдау білдіріп жүреді.

    Сәкен өзінің туған бауырындай болған әріптесі, досы Мейрамбекті ерекше құрметтейді. Ол Мейрамбекті қазақтың бағына туған әнші деп әспеттеуден танбайды. Мейрамбектің алдында кішіреюге тырысатынын, кішірейетінін, кішірейе беретінін де жасырмайды. «Мейрамбектей күміс көмей әншімен бірге ән салып жүргендігіме өзімді бақытты сезінемін!» дейді әнші.

    Мен күші әйеліне ғана жететін азаматтарды түсінбеймін дегенді айтады әнші. "Қазір келініңізді оятамын, дастархан жаяды..." деп жеті түнде үйіне сүйрелейтін адамдар бар. Мен олай етпеймін.  Менің де келіншегім атып тұра алады, оған кепілдік бере аламын. Бірақ ол адамдыққа жатпайды. Шақырған жерге барамын. Қырып-жойып жатқан ештеңеміз жоқ, уақыт табуға тырысамын" дейді ол.

    Жерге, елге, руға бөлінетіндерді құптамайды. Әншінің айтуынша, рудың бәрі өзінше мықты. «Әрине, жеті атаны білу керек, бірақ бөлінгенді бөрі жейді. Мен өзінің ауылынан асып шыға алмайтын, рудың деңгейінен шыға алмайтын адамдарды өте таяз деп есептеймін» дейді әнші.

    Сәкен нәзікжандыларды ерекше сыйлайтын азаматтардың бірі. Ол өзінің анасы, жары, қызы жайлы қанша жылылықпен айтады. Әншінің репертуарындағы «Асыл ана» әнінің орны бөлек.

    Сәкен Майғазиевтің ақындық шеберлігі де бар. Өйткені Сәкеннің әкесі, атасы белгілі ақын, жырау адамдар болған екен. Сәкен өзінің ақындығы жайлы көпшілікке жариялай бермейді, дегенмен әлеуметтік желілерде ақын достарының өлеңдеріне өлеңмен жауап беріп отыратынын білеміз.

    Сәкен байлыққа, дүниеге, ақшаға қызықпайтын әнші. «Кімге керек жал мен жая жегенің. Бауырларың қылтамақ боп жатқанда» деген тамаша бір өлең жолдары бар ғой. Мен қымбат зәулім үйде, қос-қостан көлік мінгенше ағайын-туысқа көмектескенді жөн көремін» дейді әнші.  

Айнұр Нұрабет

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста