Сырт Қасқабұлаққа төселген домбыра бейнесіндегі жол дау тудырды

Сырт Қасқабұлаққа төселген домбыра бейнесіндегі жол дау тудырды

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы қарсаңында ақынның туған жері Сырт Қасқабұлаққа домбыра бейнесіндегі жол төселді. Алайда, оған біраз жұрт наразылық танытуда. Кеше әлеуметтік желі белсенділерінің бір тобы ол жобаны құптаса, көбісі үзілді-кесілді қарсы болды. Пікірлері қақ жарылғандардың арасында өнер адамдары мен белгілі ақын-жазушылар да бар, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мысалы, Қуаныш Смағұлов‎ деген азамат facebook парақшасында былай дейді:

«Голливудтағы Даңқ аллеясына Мұхаммед Əлидің есімі жазылған жұлдызды қоймақ болғанда, ол: «Менің есімім – соңғы Пайғамбардың аты. Пайғамбар есімінің табанның астында тапталуына рұқсат бермеймін», – дейді. Сол Даңқ аллеясында Мұxаммед Əлидің ғана жұлдызы қабырғаға ілінген. Ал қалған 2500-ге жуық әйгілі адамдардың есімі жазылған жұлдыз жерге төселген. Міне, құрмет! Міне, ұлылық!

Ал біз қашанда қастерлеп, төрінен орын берген домбыра неге табанасты тапталуы керек? Домбыра – қазақтың рухы. Қадыр ақынша айтсақ, «Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра, нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра!». Керек десеңіз, ол – біздің ұлттық кодымыз. Демек, қазақтың қара домбырасының аяққа тапталуын ұлттық намыстың, тіпті, Қазақтың табанның астында қалуы деп түсінуіміз керек. Жерде бір тиын жатса да, Елтаңбамыз аяқ асты қалмасын деп көтеріп жүреміз емес пе?.. Пайғамбардың атын таптап жүруіне жол бермеген әйгілі кәсіпқой боксшы Мұхаммед Әлиден үлгі алайық».

Ал бұл пікірге қарсы тараптың бірі, журналист Думан Бықай өз парақшасына «I ❤ NY, Virginia is for Lo❤ers және Домбыра дауы...» деген тақырыппен одан көлемдірек жазба қалдырды.

«Қысқа-нұсқа. АҚШ-та Вирджиния деген шағын штат бар. Ағылшындар Американы осы арада ашқан. Бертінге дейін депрессивті аймақтың бірі болды.

Бір жолы жергілікті әкім-қаралар: «Бюджеттегі ақша таусылуға тақау. Мына штаттың шырайын қалай кіргіземіз...», - деп үлкен талқылау өткізеді. Салықты көтерейін десе, халық келесі күні-ақ көрші штаттарға қашады. О жақта солай өзі. Содан не керек, ақыры туризмге тоқталады.

«Туризмді дамытайық. Штаттың атын брендке айналдырайық. Слоган ойлап табайық. Туристер аймақтың табиғатымен, тарихымен таныссын...» - дейді. Бір компания тендер ұтып алады. Слоганның бірнеше нұсқасын ұсынады. Мэр бар, көмекшілері бар әлгі нұсқаны талқылайды. Ең ақыры, Virginia is for Lo❤ers (Ғашықтарға арналған Вирджиния) деген үлгіге тоқтайды.

Дөп түседі. Әлгі нұсқа туристердің көңілінен шығып, Америкадағы «ғашық жүректер» Вирджинияға ағылады. Алғашқы жылы туризмнен штаттың бюджетіне 800 млн доллар табыс түседі. Қазір ма, қазір Вирджинияның туризмнен табатын табысы бір жылда 30 млрд доллар! Бұ сала 90 мың адамды жұмыспен қамтып отыр. Бір ғана слоганның әсері қандай...

Бұл идеяны Нью-Йорктің әкімі ұрлап алады. 80 жылдары I ❤ NY дейтін әйгілі слоган ойлап тауып, қаланың жарнамасын жасауға көшеді. Қазіргі біз білетін Нью-Йорк 70-80 жылдары ит байласа тұрмайтын жаман жер-тұғын. Қазір бұ қала туризмнен жылына 50 млрд доллар табады. Жалпы, осы стильдегі слогандар Вирджиниядан бастау алған. «Соңғы 50 жылдағы ең үздік слоган» деген атақ алды былтыр.

Ал енді домбыра дауына келелікші. Абайдың мерейтойына байланысты ақынның туған жері Қасқабұлақта домбыра үлгісінде алаң салынып бастапты. Соған «бұл – домбыраны табанға таптау» деп бір кісілер шу көтеріпті. Дәл қазір осыдан басқа жазар дүние, айтар әңгіме жоқ па? Әлде, биліктегі популизм жұртқа да жұққан ба, Қуаныш брат? (жоғарыдағы жазба автоорына қарата айтқаны, - ред.).

Шығармашылық еркіндікті дәл осындай бітпес даумен тежеп, тұншықтыра берсек, ертең бойында қандай да бір креативі бар адамдар елден кетет те қалады. Туризмді дамытқымыз келсе, «нестандартный шешімге» бара білген жөн.

Бұл «домбыраны төбеден тамашалаймыз ба?» депті енді біреулер. Неге тамашаламасқа? Қазір дрон-туризм деген түсінік бар. Бұл домбыраны табанға таптау емес, керісінше, насихатын жасау. Әрбірден соң, біздегі дәстүр декоративті ғана. Мемлекеттік істе, жұмыста, бизнесте, адаммен арадағы қарым-қатынаста дәстүріміздегі догмаларды қаншалықты пайдаланып жүрміз осы? Дәстүріміздің өмір салтымызды, әдет-әрекетімізді өзгертер қағидаларын күнделікті өмірде қажетке жаратып жүрміз бе? Жоқ...

Жоқ, мен білсем, біздегі Кегог секілді компаниялар жапонның «кайдзен» қағидасын қолданады. Бәлкім осы мәселеге назар аударған жөн шығар. Ал мына дау – өнбес дау», - дейді әріптесіміз.

Сонымен, осы бір ұлттық аспап бейнеленген жоба бір емес, екеу болып шықты. Сырт Қасқабұлақтағы Абайдың үш ішекті домбырасы іспеттес жол төселген саябақ құрылысы аяқталса, той өтетін Қарауылтөбе басында сондай тағы бір құрылыс қызып жатыр. Ал оған қарсылық танытқан өнер иелері қазір Президентке хат жолдаған. Петиция жариялап, қол жинап, құрылысты басқаша жүргізуді талап етіп жатыр.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста