Сырым Исабаев соңғы рет діни әндер сұрап, өзінің қиналып жүргенін айтып өнерден кетті – Бауыржан Есебаев
Бауыржан Есебаев бірнеше әншінің бағын ашты. Хит әндері ел аузында. Бір кездері Сырым Исабаевқа да хит әндер жазып, бірлесе жұмыс істеген, алайда әншінің қазіргі уақытта өнерден біржола кетіп қалғанын айтты, деп жазады stan.kz.
Бауыржан Есебаев бұрын тергеуші болған. Алайда өлең жазып, әуен жазып, басқа салаға ауысты. Өзіне Нұрлан Өнербаевтың демеу болып, қолдау көрсеткенін жасырмайды. Қазір де аға-іні болып жақсы араласады.
&ldquoМен Алматыға келгенде жұмысым, ақшам болған жоқ. Нұрлан Өнербаевқа бардым. Ол кісі менің сөзімді жерге тастамады. Оның өзі мен үшін құрмет. Мені жұмысқа шақырды. Әншілерге менің әндерімді ұсынды. Осылайша ән саласына келдім. Нұрлан аға &ldquoҚазақ радиосын&rdquo басқарды. Мені қоластына жұмысқа  алды. Менен әншілер ән сатып ала бастағанда, ақшаның көптігі әсер етті ме, қарапайым жұмысшының жалақысына көңілім толмады ма, ән жазуға біржола кеттім&rdquo, &ndash деді Есебаев &ldquoУақыт көрсетеді&rdquo бағдарламасында.
Композитор бірнеше танымал әншіге хит жазып келді. Оның ішінде Сырым Исабаев бар. Бүгінді сахнадан мүлде көрінбей кеткен әнші өнерден өз еркімен кеткен көрінеді.
&ldquoСырым Исабаев маған хабарласты да, өнерден кетіп жатқанын айтты. &ldquoӘндер болып жатса айтарсыз&rdquo деді. Мен біржола өнерден кетіп жатырмын деді. Бір жағдайлар болған секілді. Ол бала қатты қиналып жүргендей көрінді. Мен қайта хабарласып, &ldquoқандай әндер керек еді?&rdquo деп едім, &ldquoдіни әндер болса&rdquo деді. Содан кейін мен Сырымды таппай қалдым. Телефоны өшіп жатыр. Өзін елордада деп естідім&rdquo, &ndash деді сазгер.
Есебаев классикалық әндердің авторы. Бұл бағытты таңдауының да өзіндік себебі бар.
&ldquoУақытында менің әндерім жақсы өтті. Қазір менен өзге жақсы композитор, сазгерлер шығып жатыр. Мен осылай болатынын білгендіктен, кез келген дүниенің дәуірі өтетінін білгендіктен, классикалық бағытты таңдадым. Классиканың дәуірі болмайды. Ол мәңгі. Сондықтан әндерім ескеріп қалады деп қорықпаймын&rdquo, &ndash деді сазгер.
zanmedia.kz