Шытырманның шебері

Шытырманның шебері

«Детектив жанрының шебері». Осындай тақырыппен Талдықорған қаласында белгілі жазушы Кемел Тоқаевтың 90 жылдық мерейтойына байланысты оқырмандар конференциясы өтті. Сәкен Сейфуллин атындағы әмбебап кітапханаға жиналған зиялы қауым өкілдері, студенттер мен жастар жазушы шығармашылығының қазақ халқының рухани өміріндегі орны мен рөлі туралы кеңінен әңгімеледі.
Қаратал ауданының шежірелі қарты, қа­лам­гер Қараша Қараман Кемел Тоқаев­тың азаматтық ұстанымының мықтылығы туралы баяндай келе, бүгінгі ұрпақ үлгі тұтарлық қазақ із кесуші жігітінің шынайы образын сомдап берген бірден-бір жазушы деп бағалады.
Тарихшы Серікболсын Нұрқасымов қалам­гер шығармасындағы Жетісу таби­ға­ты­ның суреттелуіне, жер атауларына ерек­ше екпін түсірді. Ол жазушы тоталитарлық кезеңнің тыйымдарына қарамастан, ұлттық си­паттағы дүниелерді сыналап болса да жазып кеткен деп есептейді. Жиын бары­сын­да К.Тоқаев есімін облыс орта­лы­ғын­да­ғы бір мектепке беру туралы ұсынысын жеткізді.
Мұнан кейін сөз алған азаматтар, қалам­гердің көзін көрген жандар жастарға тәлім боларлық дүниелерді тұшына айтты.
Шытырман оқиғаларға толы «Айрықша тап­сырма», «Түнде атылған оқ», «Қас­тан­дық» және «Таңбалы алтын» тағы да басқа шы­ғармаларымен оқырмандарын тәнті еткен талантты жазушының өмірі мен шы­ғармашылығы жайындағы мазмұнды кездесудің өтуіне кітапхана ұжымымен бірге Үштөбе қаласындағы К.Тоқаев атын­дағы мектептің оқушылары мен ұстаздар қауымы және жазушы атындағы қайы­рым­ды­лық қоры атсалысқанын атап өту керек.
Қазақ әдебиетінде шытырман оқиғалы шығармалардың атасы саналатын Кемел Тоқаевтың мерейтойлық шаралары алдағы уақытта да осындай ой саларлық дүние­лер­мен толыға түспек.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста