Табиғаттың өзі қашаған Мұқаңның мүсіні

Табиғаттың өзі қашаған Мұқаңның мүсіні

Биыл ұлтымыздың ұлы ақыны Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдық мерейтойы еліміздің әрбір өңірінде салтанатпен аталып өтпек. Негізгі мереке, әрине, ақын туған өңірде, аспантаулар аясындағы Хантәңірі етегінде дүр­кі­реп өтетіні сөзсіз. Ақиық ақынның жүрек түкпірінен толқып шыққан жырларының астарында қандай тылсым болса, оның болмыс-бітімінде де әулиелік болғандығы жайында аңызбен көмкеріл­ген әңгімелер көп-ақ.
Күні кеше ғана Мұқағали әлеміне қа­тыс­ты тағы бір қызықты тылсым оқиға бол­ды. Басынан бастап қысқаша баяндайтын болсақ, әңгіменің ұзын-ырғасы мынадай:
Алматыдан Мұқағали ауылына қарай бағыт алған Құлжа күре жолымен бара жатқанда 160 шақырымдай жерде Көкпек жоталары басталады. Арғы жағы – біршама аумақты алып жатқан жазық дала. Осы Көкпек жоталарынан батысқа қарай 30 шақырымдай жердегі жоталардың бірі мүжіліп құлап, жартас пайда болған. Елдің айтуынша, сол жартас қатпарларының бір бөлігі тылсым табиғаттың күшімен Мұқаға­ли бейнесіне ұқсап қалған екен.
Күре жолдан шеткері жатқан бұл жартасқа көлікпен бару да оңай емес. Бұл маңнан көбіне саятшы-аңшылар мен малшылар ғана өтеді. Осы жақтағы аңғарлар арқылы ары қарай атақты Асы жайлауына өтуге болады. Бұл жерге былайғы жұрттың табаны тие де бермейді. Әлгі мүжілген жотаның кескіні Шарын шатқалының табиғатына келіңкірейді. Бір қызығы, жұп-жұмыр жоталардың ішінен біреуі ғана белгісіз бір табиғи тылсым күштің әсерінен айырылып, жақпарланып қалған.
Сол өлкеде Мүлік деген атпен белгілі, шын есімі Мұхамед деген саятшы кісі бар. Өзі Нұра ауылынан екен. Сол кісі бір күні әлгі жартастың маңынан өтіп бара жатып, оның жақпар тасының адам бейнесіне келетінін бай­қайды. Алғашында аса мән бермеген ол жартастың бетіне қайта-қайта үңіліп, оның Мұқағали бейнесіне ұқсай­тынын аңғара­ды. Бірақ осы оқиғаны ол жан адамға тіс жарып айта қоймайды. Саятшының көкейінде «мүжілген жартас Мұқағалидан аумайды екен» деп айтсам, ел-жұрт қалай қабылдар екен?» деген күдік пен күмән басым болды. Қалай бол­ған күнде де, Мү­ліктің бойында «мүмкін, менікі жай ұқсату ғана шығар» дегенге сая­тын бір сенім­сіздік­тің, қорқыныштың болғаны анық. Басқа-басқа, ол ақынның көзкөрген замандастары, балалары мен туыстарының алдында масқара болып қалмаймын ба деп те ойласа керек.
Бұл – осыдан екі жыл бұрын болған жағдай. Содан араға біраз уақыт сала келе саятшы көзімен көргенін ауыл ақсақалда­рына әңгімелеп береді. Кейін жартасты барып көрген біраз қыңыр шалдар әлдебір себептермен Мүліктің мұнысын күлкіге айналдырып, «мынауың Мұқағалиға емес, Карл Маркстен аумайды екен» деп жүреді. Дегенмен табиғаттың құдіретіне бас иген саятшы бұл жағдайды баяндау үшін жартасты суретке түсіріп алып, Алматыдан шығатын «Мұқағали» журналына барып жариялатады. Бірақ суреттің алыстан түсірілгендігінен әрі оның сапасы тым әлсіз болғандықтан, басылым оқырмандары бұл жағдайды аса бір жаңалық ретінде қабылдай қоймаған. Әйтсе де алған бетінен қайтпаған саятшы өзі жақсы танитын белгілі ақын Бақыт Беделханұлына хабарласып, шындыққа көз жеткізуге қолғабыс етуін өтінеді. Содан Алматыдағы бір топ журналист пен қаламгер, ақынның туыстары мен Қазақстан Жазушылар ода­ғы­ның бір топ өкілі – барлығы 50 шақты адам болып табиғаттың өзі қашаған мүсін­нің шын мәнісінде де Мұқағалиға ұқсай­тын­дығына көз жеткізу үшін Көкпек жоталарына жол тартып кетеді. Сонда барып жартастағы тас мүсінді өз көзімен көр­ген жандардың барлығы жартастың қат­па­рынан Мұқағали бейнесін жазбай таныған. Олардың арасында ақиық ақын­ның ұлы Жұлдыз да болған. Ол кісі таңға­лып: «Жар­тас­тағы тас мүсін әкемнен аумай­ды екен», – дегенде барып саятшы Мү­лік­тің жүрегі орнына түседі. Оны бір қараған адам байқамауы мүмкін, тек зерделі көзбен көре білу керек. Көпшілік «Мұ­қаң өзі де тегін адам емес еді, бұл да бір тегін болмаған жұмбақ құбылыс болды» десіп тарасқан. «Алланың құдіретіне адам­ның ақы­лы жетпейді» деген осы болса керек...

Жұлдыз МҰҚАҒАЛИҰЛЫ:
– Осыдан екі күн бұрын Жазушылар одағынан Бақыт Беделхан деген ақын бауырым хабарласып, осы бір ғажайып жағдай туралы сүйіншілеп айтып, әкеміздің бейнесіне ұқсайтын табиғи мүсінді көзбен көріп қайтсаңыз деп өтініш білдірген болатын. Содан бір топ кісімен бірге әлгі жартас тұрған жерге бардық. Менің таңданысымда шек болмады. Жартастағы сұлба көрінісі әкемнің қырынан тік қарап тұрғандағы кейпіне қатты ұқсайды екен. Жартастың астына елдің көмегімен «Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың табиғи мүсіні» деген жазуы бар арнайы белгі-тақта қойылыпты. Ел ағалары ономастикалық комитеттен осы жерді «Мұқағали сайы» атайық деп сұраған екен. Ол енді өз шешімін таба жатар. Табиғаттың өзі қашаған осынау керемет мүсін орналасқан жерді жергілікті жұрт онсыз да «Мұқағали сайы» деп атап кетіпті.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста