"Тағдырды талқан етті". Жанар Айжанованың қызы "ұят" сөзіне қарсы шықты
Блогер "ұят" сөзі талайдың тағдырын талқан еткенін айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Экспресс К-ға сілтеме жасап.
Танымал әнші Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова желіде қазақтың құнды сөзіне қатысты ойын ашық білдірді.
Айжұлдыз әр адам өз ойын еркін айтуға құқылы дейді. Оның пікірінше, қазақтың "өлімнен ұят күшті" деген мәтелі бүгінде өзектілігін жоғалтқан.
Ұят! Бар-жоғы үш әріп. Осы сөз қанша адамның тағдырын, мансабын құртты. Жеке пікіріңізді айтудан ешқашан қорықпаңыз. Барды бар, жоқты жоқ деп айту керек. Ұялып, бұғып қалудың қажеті шамалы, — дейді Айжұлдыз Адайбек.
Жанар Айжанованың қызы мен жас режиссер Қыран Талапбек алдыңғы жылы үйленіп, былтыр ажырасып кеткен еді. Бұны актриса желіде жазды. Содан бері Айжұлдыз бір жасар баласын өзі бағып отыр.