Таяуда – «Рэкетир-2»
Ел сүйсініп тамашалағаны сонша, режиссер Ақан Сатаевқа «Рэкетир» фильмiнiң «жалғасын қашан көреміз?» деп қолқа салған. Әні-міне дегенше екiншi бөлiгi де түсiрiліп бiттi. 28 мамырдан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіле бастайды, –деп хабарлайды Қазақпарат.
Ал бұл хабарды алғаш фильмге түскен актрисалардың бiрi Аружан Жазылбекова өзiнiң Instagram-дағы парақшасында жария еткен.
Киноның түсiрiлiмі Алматы, Астана және Қарағанды қалаларында өтсе керек. Басты рөлдерде Саят Исембаев, Әсел Сағатова, Жан Байжанбаев, Фархад Әбдірайымов, Дастен Шәкіров, Аян Өтепберген, Аружан Жазылбекова мен Максим Акбаровтар.
Естеріңізде болса, 90- жылдары бандыларға қосылып кеткен жас боксшы Саян Беккәрiмов туралы баяндайтын «Рэкетир» алғаш 2007 жылы жарыққа шыққан болатын.