Тайторы бабаға ескерткіш орнатылды

Тайторы бабаға ескерткіш орнатылды

Қазақта аузымен құс тістеген ақындар, білекті батырлар аз болмаған. Сондай тарихи ірі тұлғаның бірі – Тайторы бабамыз. Шежіре деректеріне сүйенсек, Тайторы бабамыздың азан шақырып қойған шын есімі Әлібек болған. Он алтыншы ғасырдың аяғында өмір сүрген әрі ақын, әрі батыр тұлғаны ел атбегілік өнеріне қарап Тайторы атап кеткен. Өткен жексенбіде Жамбыл ауданына қарасты Тарғап ауылында батыр рухына тағзым ету мақсатында орнатылған ескерткіштің ашылу рәсімі өтті.

Тайторы бабамыздың нақты қай жылдар аралығында өмір сүргені белгісіз. Деректерге сүйенсек, ол он алтыншы ғасырдың аяғы мен он жетінші ғасырдың басында ғұмыр кешкен. Тірісінде абыз, батыр атанған тұлғаның есімі көп жылдар бойы тек ұрпақтарының ғана жадында сақталған. Ол туралы кітап, не бір зерттеу еңбек жазылмады. Себебі кеңес өкіметі кезінде ел тұтқасын ұстаған, тарихта аты қалған тұлғаларымызды айтуға тыйым салынған еді.

Тарихшылардың сөзіне қарағанда, Тайторы баба туралы деректер аз. Біздің білетініміз – тек оның қазақ жері үшін жаумен айқасқан батыр, көріпкелдік қасиетінің болғандығы. Бірақ оның жоңғарлармен айқасқа түскен Саурық сынды ұрпақтарының аты бүкіл қазақ даласына жайылған.

Болат ӘБІШЕВ, архитектор:
– Мен бұл ескерткішті тұрғызуға біраз уақыт кетірдім. Себебі батырдың рухына арнап бір жақсы дүние салғым келді. Тайторы – менің тікелей бабам. Бір өкінерлігі – атамыз туралы біздің тым аз білетіндігіміз.

Нағашыбек ҚАПАЛБЕКҰЛЫ, жазушы:
– Тайторы бабамыздың есімімен қазір бір ру аталады. Оны сол рудың қарттары ғана біледі десем, өтірік айтқаным емес. Ол туралы тарихи еңбек жазу – ендігі буынның міндеті. Енді ескерткішке артында қалған ұрпақтары тағзым етіп, әрқашан жадында сақтайды деген үміттеміз.
Ескерткіштің ашылуынан кейін батырдың тікелей ұрпақтары ас беріп, ат шаптырды. Айтыскер ақындар, әншілер жырдан шашу шашты. Қазақтың ұлан-ғайыр даласының бір пұшпағы мерекеге айналды. Тайторы батыр осылай ерлігінің арқасында ұрпағымен қайта қауышты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста