Таланттар Түркияға барады

Таланттар Түркияға барады

Таяуда елордамыздағы «Талант» халықаралық өнер орталығында «Астана – Тәуелсіз елдің арайы» атты ән байқауы өтті. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойына арналған байқауды «Марат жұлдыздары» ҚҚ мен Астана қаласының ішкі саясат басқармасы ұйымдастырды.
«Талант» өнер орталығының жетекшісі, белгілі әнші, композитор, Дүниежүзілік композиторлар одағының мүшесі Марат Омаров: «Жас әншілер байқауларының басым бөлігі Алматыда өтетіндіктен, Арқа төсіндегі екі баланың бірі ол байқауларда бақ сынай алмайды. Біздің байқау сондай таланатты балалардың бағын ашуды көздейді», – дейді. Бұл – құптарлық бастама.
14-29 жас аралығындағы әншілер қа­тыс­қан ән додасының алғашқы күні пат­риоттық әндерге арналды, екінші күні ком­позиторлардың бүгінгі күндері жазған әндері орындалды. Барлық әндер жанды дауыста шырқалғанын баса айтуымыз керек. Жас әншілердің ән өнеріндегі аяқ алысын бағалаған қазыларды осал дей алмайсыз. Түркияның атақты әншісі Пелин Йылмаз, Астана қалалық ішкі сая­сат басқармасы бастығының орынбасары Самат Тергембаев, «Талант» өнер орта­лығының модель агенттігінің директоры Перизат Көшкінбайқызы, осы орталықта вокалдан дәріс беретін Ирина Арно, «Ас­тана» радиосының шеф-редакторы Жанет­та Сәдуақас, музыкалық редактор Гүләйім Жотаева, композитор Марат Ахметовтерге жас әншілердің арасынан қара үзіп шығар баланы анықтау оңайға түскен жоқ.
Үш күнге созылған байқауға 60-тан астам бала өтініш берген. Байқаудың бірінші күні екінші турға отыз бала іріктеліп алынды. Ал екінші күнгі додада үшінші турға өтуге 23 бала ғана мүмкіндік алды. Солардың арасынан үздік шыққан алтауы ақтық сынға жолдама алды. Бізді байқауға қатысушылардың репертуар таңдаудағы талғамдары тәнті етті.
Сонымен, бас жүлде – Түркияның Ан­та­лиясына берілетін онкүндік дема­лыс жолдамасын Астанадағы №58 мек­тептің оқушысы 14 жастағы Айжан Байкен жеңіп алды. Бірінші орынға Еуразия ұлттық уни­верситетінің түлегі Әсел Кәкенова лайық деп танылды. Әселге теледидар табыс етілді. Бұл байқауда екі екінші орын тағайындалған екен. Осы межеден көрінген Фархат Мәденов пен Әйгерім Саматоваға музыкалық орталық сыйға тартылды. Ал үшінші орынға табан тіреген Әлфия Ислямова, Елена Узгина және Мұхтар Нұрқожаевтарға бағалы сый­лықтар табыс етілді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста