Таланттарды тани білген Тәжібаев...

Таланттарды тани білген Тәжібаев...

Адамзаттың көзге көрінбес, өзінің кеуде қуысында жан атаулыдан жасырын ұстайтын қымбат қазынасы – жансарайы. Ал сол жансарайын күңгірт тартып, көмескіленуден сақтап, оны жарқырата түсетін бір құдіретті құрал болса, ол – сөзсіз, әдебиет. Сан ғасырлық тарихы бар, бай, қуатты қазақ әдебиетінің қалыптасуына, дамуына бір жақты емес, жан-жақты қызмет еткендер аз болған жоқ, солардың бірі – көрнекті ақын, драматург, сыншы, театр зерттеушісі, филолог, қоғам қайраткері Әбділда Тәжібаевтың биыл 100 жылдық мерейтойы.

Әуелі жыр алыбының кіндік қаны тамған жері – Сыр өңірінен бастау алып, сонан соң елордада жалғасын тапқан мерейтой кеше Ұлттық кітапханада да аталып өтті. Мұрындық болған – Ұлттық кітапхана басшылығы мен Қазақстан Жазушылар одағы деп аталатын киелі қара шаңырақ. Аталған шара Ә.Тәжібаевтың қаламынан туған, бірақ ол кісінің көзі кеткеннен кейін ғана жарыққа шыққан шығармалары мен ол жайлы жазылған естеліктер, фотосуреттерден тұратын көрмемен ашылды. Сонан соң тағы бір сүйінші хабар – ақынның толық шығармалары «Ана тілі» баспасынан 3 том болып, сондай-ақ «Сыр кітапханасынан» бес том болып тойға тарту ретінде ұсынылды.

 dsc_5103

Нұрлан Оразалин, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері:
– Әбекеңнің қазақ өлеңінің қанаты талғанша бірге ұша беретін қасиетті жыр дейтін әлемі халқының жүрегіне әлдеқашан қонақтаған. Біз бүгін сол ақын ағамыздың шығармашылығы жайлы айта отырып, өзіміз де бірге Әбділда поэзиясының жаңа қырын ашып, әлі дәмін татпаған тұсымыз болса, бірге татып көрмекке жиналып отырмыз. Сондай-ақ бізді қуантып отырғаны «Қазпошта» Әбділда Тәжібаев сынды алып ақынның құрметіне арнайы марка шығарды. Мұндай марканы тек ұлттың алақанында аялап, биігіне көтерген бренд тұлғаларына ғана арнап шығарады.

Осыдан кейін дөңгелек үстел басында ақын Әбділда жайлы әңгіменің көркін қыздырмас бұрын «Қазпошта» аталған маркалардың тұсауын кесіп, арнайы мөрін алғаш рет ақ қағазға қондырды.

Қадыр Мырза-Әлі, Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты:
– Әбділа Тәжібаевтың жақсы көретін інілерінің бірі едім, оны мақтанышпен айта аламын. Студент кезімде-ақ мен ол кісінің тұтқынына түстім. Бірнеше рет Қара теңіздің жағасында бірге демалдық, сонда басында қалпағы бар, ерекше бір сырбаздығымен таяғын жерге қойып, теңізге ұзақ қадала қарап отыратын. Сол кейпіне өзімше «Нептун», яғни «Теңіз патшасы» деп ат қойғанмын. Бұл енді шығармашылық жағынан болса, тұрмыстық жағынан да тығыз араласып, қарызға ақша алып тұратынмын (күлді). «Әбеке, таңертең қолыңызға қайта тигізем», – дедім. Апарып бердім. Сол сәтте ол кісі маған рахаттана күліп қарады да: «Ой, ақымақ басым-ай, баяғыдан бері қарызға берсем, тек саған ғана беруім керек екен ғой», – деді. Риза болғаны ғой, мен де сөз жіберем бе, «Ой, Әбеке, мен де ақымақ екенмін, қарызды тек сізден алу керек екен ғой», – дедім жұлып алғандай. Сол кездегі кеңк-кеңк күлген қазақтың алып ақынының бейнесі әлі күнге көз алдымда. Ол кісінің кеңпейілділігін көріп, шарапатына ие болған адамдармыз ғой. Э.Хэмингуэйдың «Праздник, который всегда с тобой» деген бір жақсы кітабы бар. Ол осылай деп естелікке баға берген. Ұйықтасаң да бірге ұйықтайды, сапарға да бірге шығады, жиналыстарда сенімен бірге сөйлейтін сондай тәтті естелікке айналған тұлғаның бірі – Әбділда Тәжібаев ағамыз. Қазақстанда жекешелендіруді алғаш бастаған Тұманбай Сәбит Мұқанов пен Әбділда Тәжібаевты өзінікі қылып алды, содан қалғандарын қалғанымыз бөліп алуымыз керек.

Осылайша, әзіл-қалжыңы аралас жиын барысында сондай-ақ Әбділда Тәжібаевтың қазақ өнері, оның ішінде театр тарихына сіңірген еңбегі жайлы да айтылды. Қазақ театры тарихының қағаз бетіне түсуіне тікелей мұрындық болған Әбділда Тәжібаевтың ерлікке барабар ісін белгілі театр зерттеушісі Бағыбек Құндақбаев отырғандарға баяндап берді. Ол кісі тіпті Қаллеки, Серағаң сынды театр саңлақтарының қай образды қалай сомдап, қандай сөздермен көмкергенін жатқа біліп, соны кітапқа түсіру барысында өзі тікелей қадағаласа керек. Халқымыздың «ұлық болсаң, кішік бол» деген қағидасын бұлжытпай ұстанған алып ақының өз ізбасарларын ізденіп оқып, соларды қолтықтан демеген іс-әрекетін бүгінгі қалам иелері үлгі етіп алса, онда қазақ әдебиетінің шығар биігі, алар асуы көбейері анық. Ақынның жүз жылдығына арналған мерейтойына арналған салтанатты кеш осы күні кешкісін Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет тетарында жалғасты. Алда ақынның туған жері – Сыр өңірінде додалы той күтіп тұр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста