Талғат Мамашев Қытайдағы белгілі ақын, жазушы, этнограф Нұрила Қызыханқызын қабылдады

Талғат Мамашев Қытайдағы белгілі ақын, жазушы, этнограф Нұрила Қызыханқызын қабылдады

Алматыда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев 8-ақпанда Қытай қазақтарының арасынан шыққан белгілі ақын, жазушы, этнограф Нұрила Қызыханқызын қабылдады. Онда қазақтың ұлттық мұраларын жинастыру және оны ғылыми айналымға түсіру жайы сөз болды. Қытай қазақтарының арасындағы бұл бағытта атқарылып жатқан іс-шаралармен таныстырған этнограф, оны бүкіл қазақтың игілігіне пайдалану мүмкіндіктерін қозғады. Т.Мамашев еліміздің көші-қон саясатындағы жаңа өзгерістермен және қауымдастықтың алдағы жұмыс жоспарларымен таныстырды. Сондай-ақ "Атажұрт" баспа орталығынан 2015 жылы жарық көрген шетелдегі қазақтарының кітаптары мен қауымдастық шығарып отырған "Туған тіл" альманағы мен "Алтын бесік" журналының сандарын тарту етті.

«Бұған дейін Қазақстанда «Аңшылық хикаяты» деген кітабым жарық көрген болатын. Бұл жолы «Қазақ ою-өрнектерінің құрылымы туралы» және «Қазақтың саятшылық мәдениеті» деп аталатын екі кітабымды алып келіп отырмын. Қазір этнографияға қызығушылар көп. Алайда олардың кейбірі бір жерден естігені мен оқығанын талғаусыз кітап етіп шығарып, ағат таныстырып жатыр. Оның қайсысы оң, қайсысы теріс екенін анықтау үшін алдымен жинастырып алу керек екені күмәнсіз. Әзірге бұл жұмыс 70-80 пайызға ғана орындалды», – дейді И.Қызыханқызы.


Ерлік Ержанұлы 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста