Тамара Асардың жүктілігі жалған болып шықты

Тамара Асардың жүктілігі жалған болып шықты

 Жуырда Тамара Асар махаббатын кездестіргенін айтып, жұртты бір шулатып алды. Артынша әнші тыңдармандарының ойын сан-саққа жүгірткен жазба қалдырды. Оның сөздеріне қарап жұрт оны жүкті екен деп ойлады.

Әншінің продюсері Жан Мұқанов бұл ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы Мұқанов 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

“Тамара Асар жүкті емес, оны нақты айта аламын, тіпті кепілдік беремін. Өйткені оған бір жылдан аса уақыттан бері оған продюсерлік етіп жүрмін. Тамара өзінің республика бойынша өтетін үлкен турнесіне дайындалып жатыр”, – деп мәлімдеді ол.

Мұқановтың айтуынша, қазір Тамара қызу дайындықта. Жаңа көйлектер тіктіріп, концерттік бағдарламасын дайындап жатыр. Әншінің ән-сапары Алматы қаласынан бастау алып, Астанада аяқталмақ. Тамара бас-аяғы 16 қалада концерт беруді жоспарлап отыр.

Есте болса, бұған дейін әнші:

“Көптен толғандырған “ойдың” шешімі туатын күн де болады… Себебі, “аяғы ауыр әйел мәңгі олай қалмайды. Міндетті түрде босанады”. Қорытындының қандай болатыны бұйырымыспен… Ең қызығы, арқалаған ойдың да, бойға біткен баланың да берері “бір-ақ” нәрсе. Ол – тәжірибе! Жаңа тәжірибе жинайтын күн басталды. Қайырлы таң халқым!” – деген болатын.

Stan.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста