Тамаша актриса

Тамаша актриса

Ұлттық сахна өнерінің көрнекті өкілі, талантты актриса Лидия Кәденованы білмейтін қазақ жоқ шығар. Қазақы қалжыңды көркем деңгейге көтеріп, сахналық сатираны жандандыруға үлкен үлес қосқан дарын иесі кезінде «Тамаша» әзіл-сықақ отауы арқылы халыққа ке­ңі­­нен танылды.
Қазіргі уақытта Лидия Тәжидинқызы –  Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік  академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының беделді актрисасы. Өмірін өнермен ұштастырған сахна шебері сонау 1974 жылдан осы театрда үзіліссіз еңбек етіп келеді. Кейінгі жылдары бірқатар отан­дық кинофиль­м­­дерде де сәтті рөлдерді ойнап жүр. Елдің сүйікті актрисасына айналған Лидия Кәденова 1952 жылы Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Алматы мем­ле­кеттік консерваториясында арнайы білім алып, қазаққа танымал талай тарлан­дар­мен үлкен сахналарда бірге өнер көр­сетті. «Тамашада» тамаша образдарды сом­даса, Жастар театрында да үздік рөл­дерді бейнелеп келеді. Соған сай актриса қалың кө­рер­мені мен әріптестері ара­сында еңбегі жоғары баға­ланып, ҚР еңбек сіңірген артисі, Құрмет орденінің иегері атанған. Бүгін алпыс­­тың асқарына көтеріліп отырған ак­трисаның жемісті шығармашылығы жа­йын­да әріптестері жылы лебіздері мен ой-пікір­лерімен бөліскен еді.
Роза ӘШІРБЕКОВА, ҚР Халық артисі, Құрмет орденінің иегері:
– Лидия – театрға бізден кейін келген талантты буынның өкілі. Оның алғашқы спектакльдерінің бірі – «Қаладан келген қылжақпас» қойылымы.
Ол кезде жас Лидия Досқан Жолжақ­сын­ов екеуі осы спектакльде ерекше көзге түсіп, актер ретінде мойындала бастады. Бұл қойылым менің әлі есімде. Онда бұл екі жас талант әйгілі Әмина Өмірзақовамен қатар сахнаға шығып еді. Лидияны қатар­ластары да, алдындағы үлкен буын өкіл­дері – біз де мақтан тұтамыз. Оған біз «Әми­на апайдан кейінгі мықты сен бол­дың» деп айтатынбыз. Кейін театрдан «Та­ма­ша» әзіл-сықақ отауына ауысып, сол арқылы елге кеңінен танылып, жаңаша бір қырынан өсті. Алайда ол театрдан еш уақыт­та алыстаған емес. Мен Лидияны өнер­дегі әріптесім ғана емес, жақсы сыр­лас досым деп есептеймін. Мен оған ерке­леймін, ол маған еркелейді. Біз кезінде «Гамлет» спектаклінде бірге өнер көрсеттік. Сонда мен Гамлеттің анасы – королева Гертруданы ал Ли­дия Офелияны ойнады. Негізінен, әзіл-сықақ жанрына бейім бола тұра, ол тра­гедиялық образды да тамаша сомдай біл­ді. Бұл, әрине, актрисаның ше­берлігі.
Еркін ӘБДІРЕШОВ, актер, «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» медалінің иегері:
– Бүгінгі ұрпақ Лидия Кәденованың театрда жасаған рөлдерімен толық таныс емес шығар, бірақ кино, теледидар, «Тамаша» арқылы бұл кісінің есімін халық жақсы біледі. Әлі есімде, өткен ғасырдың 80-жылдары Маман Байсеркенов ағамыз У.Шекспирдің «Гамлетін» сахналады. Сол кезде Лидияны үлкен сахнадан тұңғыш рет көрдім. Ол осы қойылымда Офелияны ойнаған. Мен де сол кезде осы театрға жаңадан келгенмін. Сол жас күнімізден бері сахна тө­рінде бірге көрініп келеміз.
Лидия – актриса ретінде өзін-өзі әлде­қашан дәлелдеген талант иесі.
Өмірге де, өнерге де ғашық осындай ше­бермен әріптес болғаныма өзімді ба­қыт­тымын деп есептеймін. Сол бір жас күнімізде Лидия екеуміз ең алғаш «Алуа» спек­таклінде өнер көрсеттік. Ол орыс қы­зын ойнады, мен эпизодта жүрдім. Содан бастап ірілі-ұсақты рөлдерді бірге ойнадық. Оның ішкі болмысы, талантты қыры жар­қырап көрініп тұрады. Жақсы актерді сахна да жақсы етіп көрсетеді. Сахнаның бір құдіреті де осында шығар.
Шығармашылық ерекшелігінен бөлек, қарапайым өмірде де Лидия – айналасына қамқор, әлсізге жанашыр, досқа сырлас адам. Мысалы, көптеген әріптестер бір-бірінің туған күндерін, болмаса басқа да бір ерекше жағдайларын аса ескере бер­мейді. Бірақ Лидия ешкімнің жақсылығын шет қалдырмай, ұмытпай, үнемі қолынан келген сый-сияпатын жасап жүреді. Бұл тұрғыдан алғанда, Лидияның адамгершілік қасиеттерін жоғары бағалаймыз.
Баяғыда ұстазымыз Шолпан Жандар­беко­ва апамыз «әй, Еркін, актер болу үшін жақсы адам болу керек» дейтін. Осы тұрғыдан алғанда, Лидия жақсы актриса ғана емес, ең біріншіден, ол – адалдығы айқын аңғарылып тұратын жақсы адам.
Күлжәмила БЕЛЖАНОВА, актриса, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері:
– Өз басым Лидия Кәденованы үлкен сахна шебері деп санаймын. Ол әрбір рөлді жан-тәнімен беріле, құбылтып ой­най­ды. Әсіресе сөзге ерекше мән береді. Ол – өз қатарындағы буынға да, жастарға да үлгі боларлық қасиеттерге ие актриса. Ли­дия Кәденова – актер ретінде де, кеңпе­йіл­ді адам ретінде де айналасына сыйлы жан.
Әсіресе өзінен кейінгілерге ақыл-кеңе­сін, қамқорлығын аяған емес. Лидиядай шебермен бір қойылымда қатар ойнау – көптеген актер үшін үлкен мектеп. Қазақ кө­рерменін өзінің шынайылығымен, ше­бер­лігімен баурап алған актрисаның алар асуы, шығар биігі әлі алда деп ойлаймын. Оның көңіл түкпірінде әлі де болса сахнаға шығарсам, жұртқа жеткізсем деген алуан ой-мақсаттары жатқанын сеземін. Ұлттық өнерді жан-жақты дамытуға атсалысып, сахна төрінен лайықты орын алып жүрген актрисаға ұзақ ғұмыр, шығармашылық табыстар тілеймін.
Әсел МӘМБЕТОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері:
– Лидия апай туралы айтсам, жүрегім­мен, таза ниетіммен айтамын, өйткені қасым­да осындай қамқор жанның бар екеніне қуа­намын. Лидия апай – тек қана өнерде емес, өмір­де де өте қарапайым адам. Өз та­лантына тоқмейілсіп, болдым-толдым де­мейді. Сахнада ұзақ жылдардан бері тер төгіп келе жатса да, ол кісі үнемі шығар­ма­шылық ізденіс үстінде жүреді. Үлкен өнерге қадам баса бастағанда, Жастар театрына келгенімде алғаш құшағын жая қарсы алып, қанатының астына алған да осындай жандар еді. Өз басым осы Лидия, Әмина, Роза сын­ды көрнекті актрисалардан көп дүние үйрен­дім. Бұл кісілер, шынында да, бүкіл өмірін театрға, өнерге арнаған жан­дар. Сөзіне де, ісіне де мығым, өзгеге үй­ре­тер тәжірибесі мол Лидия апаймен көп­теген спектакльде бірге ойнап жүрмін. Әр қойылым сайын өзі сомдаған образдарға жан бітіре түседі. Апа­йымыздың драматур­гияның қай жанрында болсын өзінің бар мүмкіндігін танытып, қиын рөлдерді де алып шыға алатын шеберлігі басым. Осындай талантты жандар қашанда жоғары бағалауға лайық.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста