«Тамашаның» тарланы өмірден озды

«Тамашаның» тарланы өмірден озды

Бүгін бар адам, ертең жоқ... Мына пәни дүниенің жалғандығы сол шығар, талқаның қашан таусыларын білмейсің. Ажалдың да қай қалтарыстан күтіп алары бір Аллаға ғана аян. Күні кеше қабырғалы қазақ жұрты арыстай азаматынан айырылып, қапыда қайғыға ұшырады. Пайғамбар жасына келген шағында «Тамашаның» тарланы, еліміздің өнер саласына өлшеусіз үлес қосқан қайраткер, ҚР Халық әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Құдайберген Сұлтанбаев та бақиға аттанды.
«Жақсы адамның жаны кеудесінен сары майдан суырылған қылдай болып, білінбей ғана ұша жөнеледі» дейді атам қазақ. Халқына қалжың күлкі сыйлап жүр­ген асыл азамат жарық күнді шығарып салып, жастыққа бас қойған күйі мәңгіге қал­ғып кетсе керек. Алаш жұрты таңды Құдай­бергендей марғасқа ұлынсыз атырды.
Театр мен кино саласындағы талай рөлдерін айтпағанда, бір ғана «Тамашаның» өзін Құдайбергенсіз елестету қиын секілді. Тіпті енді марқұм бейнесі көпшіліктің көз алдында кимешектегі кейуана кейпінде сақталатындай. Десек те, сатираға келгенше Құдайберген Сұлтанбаев өзінің өнер жолын 23 жасында «Гүлдер» ансамблінде жарық берушіліктен бастапты. Ол консерваторияның театр факультетінде оқып жүрген кезі ек­ен, кейін төрт жылдан соң режиссердің көмекшілігіне көтерілген. Өнерге деген құштарлық тума талант иесін театр мен киноның төрінен бір-ақ шығарды.
Бір кездері Құдайберген ағамыз Парламентте депутат та болды. Сондағы айтқан «Парламенттегі 67 депутаттың бәрі әртістер екен, бірақ ішіндегі профессионалы менмін ғой» деген сөзі ел аузында афоризм болып қалды. Ол кісінің осы секілді тауып айтар тапқырлығы мен өткір тілділігімен қатар, дарқан пейіл, кіршіксіз көңілі қалың қазақтың есінде қалды.

Нұрқанат ЖАҚЫПБАЙ, режиссер, ҚР еңбегі сіңген қайраткері:
– Бала жастан бәріміз бірге өсіп едік. «Мен-ақ той жасап берем, үйлен» деп отбасын құруыма тікелей мұрындық болғанның бірі осы Құдайберген болса, екіншісі Әнуар Боранбаев еді.
Кеше «қайтыс болды» деген суық хабарды естігенде, есіме Мейірман, Уәйіс, Тоқсын түсіп, «артынан енді Құ­дайберген де кетті ме» деген өкініш пайда болды. Ол қазақтың маңдайына біткен азамат, алтын жігіттердің бірі еді. Кішіпейіл, ақкөңіл, жайдары мінезі баршаға аян. Міне, сондай досымызды қимай, «әлі де жүре тұрғанда ғой» деген өкініш өзекті өртейді. Пенделік қой, әйтпесе...
Өзінің бір сұхбатында: «...болашақ — тұман. Мынандай тажал заманда өмір сүру өте қиын. Дегенмен қажыр-қайратымыз бар шақта еңбек етуден еш жалықпау керек», — деген Құдайберген Сұлтанбаев расында өзі көз жұмғанша өнерге қызмет етіп кетті. Бүгінде кинотеатрларда аншлагпен жүріп жатқан «Ғашық жүрек» киносындағы балгер-емші марқұмның соңғы рөлі болса керек. Бірақ өзінің соңғы бейнесін сомдап жатқанын ғазиз жүрек қайдан білсін?! Осы бір аяулы бейнені соңғы рет көріп отырғанын көрермен қайдан білсін?! Бірақ... көзден кетсе де, көңілден кетпейтін мәңгілік тұлға ғой ол. Марқұмды соңғы сапарға шығарып салу рәсімі бүгін, таңғы сағат 1000-де М.Әуезов атындағы қазақтың академиялық драма театрында өтеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста