Тамырлы туындылар жазған тағдырлы қаламгер

Тамырлы туындылар жазған тағдырлы қаламгер

Өз өмірін өзгелерге үлгі етіп келген, төзімділік пен еңбекқорлықты жалау етіп, адалдық пен шыншылдықты шығармашылық ізденістеріне арқау еткен қазақтың қабырғалы қаламгері, әдебиеттанушы ғалым, қайраткер тұлға Немат Келімбетов 74 жасқа қараған шағында өмірден озды. Ғұмырының жарты кезеңін ауыр науқаспен күресіп жүріп өткізген, әйтсе де рухани күшінің мықтылығын танытып кеткен аяулы азаматтың қазасы қазақ әдебиеті мен әдебиеттану ғылымы үшін, жалпы ел үшін ауыр тиіп отыр.

Таяуда ғана Алматыдағы Ұлттық кі­тап­ханада Немат Келімбетовтің шығар­машылығына арналған үлкен ғылыми-танымдық ауандағы дөңгелек үстел болып өткен еді. Оған еліміздің зиялы қауым өкілдері, оқырмандар мен алыс-жақын шетелдерден беделді қонақтар қатыс­қан болатын. Бұл жиын қаламгердің әдеби ортамен, жалпы оқырмандарымен соңғы рет бетпе-бет жүздесуі боларын кім білген. Сол жиын барысында Немат ағамыздың қазақ әдебиетіне сіңіріп келе жатқан еңбегі мен ежелгі түркі әдеби мұрасын зерт­­теудегі елеулі үлесі жайында жан-жақ­ты ой-пікірлер айтылып, түрік, қытай, неміс тілдеріне аударылған еңбектері мен аудиокітабының тұсаукесер рәсімі өткіз­іл­ген еді. Осының алдында ғана қаламгер ға­лымның «Үміт үзгім келмейді» атты кіта­бы қытай, түрік тілдеріне аударылып, тұ­саукесер рәсімдері Түркия астанасы мен Қытай астанасы Бейжің қалаларында өт­кен болатын.
Әдеби шығармалары мен ғы­лыми ең­­бектері ұлттық әде­бие­тіміздің мол мұрасына айналған қайраткер қалам­гер Немат Ке­лімбетовтің жалпы шығарма­шы­лығы орыс, украин, түрік, қытай, не­міс тілдерінде жарық көріп, өзге елдер­ден де өз оқырманын тауып үлгерген. Қа­лам­гер ағамызды өзі қатысқан соңғы жиын­да сөз сөйлеген ізбасарларының бірі, филология ғылымының докто­ры, профессор Қансейіт Әбдезұлы: «Немат ағамыздың ғылыми еңбектері мен әдеби кітаптарының әлем тілдеріне ау­дарылуы – бұл, ең алдымен, қазақ ру­ханиятының жемісті жеңісі деп білемін. Де­мек, көрнекті жазушы-драматург, түр­ко­лог-ғалым Немат Келімбетовті қазақ оқырманы ғана емес, әлем мойындаған қа­ламгер деп бағалағанымыз жөн», – де­ген пікірін айтқан болатын. Қашанда өмір­ден үмітін үзбеген, тағдырдың басқа сал­ған салмағын еңбегімен жеңе білген қайсар қаламгердің бейнесі қалың оқырманының жү­рек төрінен ойып орын алатынына кәміл сенеміз.
Жазушымен қоштасу желтоқ­сан­ның 16-сы күні Алматыдағы Жам­был атындағы Қазақ мемлекет­тік филармо­ниясы ғимаратында бол­ды. Ұл­тының қамын жеп, ұр­пақ санасына рухани дән сеуіп кеткен қайраткер тұлғаның денесі қазақтың ардақты перзенттері мәңгі ұйқыда жатқан қаралы Кеңсайға жерленді.

Зәкір АСАБАЕВ, жазушы:
– Қазақтың үлкен жазушысына айнал­ған Нематпен мен бір ауылда, бір сынып­та бірге оқып, мектепті бірге бітірдік. Бұл соғыстан кейінгі ауыр жылдар болатын. Ол бала кезінен зерек, сауатты болып қа­лыптасты. Басқа балалар сияқты біз де, әсіре­се, әдебиетке құмар болып өс­тік. Мек­тептің қабырға газетіне Немат екеу­міздің жаз­ған өлеңдеріміз қатар шығатын. Әде­биет үйірмесіне қатысып, әртүрлі тақы­рып­тарда пікір таластырып, ой жарыс­ты­ратынбыз. Сонда Нематтың ерекше білім­паз­дығы айқын аңғарылып тұратын.
Мектеп бітірген соң ол Ташкентте қар­жы­гердің оқуын оқыды. Алайда уақыт өте келе бойындағы шығармашылық қуа­ты оны әдебиетке алып келді. Кейін ол үйленгенде ауылда шағын той жасап, сол қуанышты дастарқанда өзім аса­­балық жасап едім. Бұдан кейін ол Ал­м­а­т­ыға келіп, алғашқы жылдары Ильич көшесінде пәтер жалдап тұрды. Рас, біраз қиналды. Оның үстіне денсаулығы да кәдімгідей сыр бере бастады. Әйтсе де, ол ешқандай ауыртпашылыққа мойымады. Шығармашылықпен айналысып, әде­биеттану саласына мықтап ден қойды. Елін, жерін сүйетін нағыз патриот азамат еді. Тамырлы туындыларды дүниеге әкел­ген тағдырлы тұлғаның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын.

Өмірдерек
Келімбетов Нeмaт 1937 жылы 4 сәуірде Өзбекстанның Ташкент облысына қарасты Жаңажол қаласында туған. 1953 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Келес ауданының (қазіргі Сарыағаш ауданы) Абай селосындағы қазақ орта мектебін бітірген. Ташкент қаржы-экономика институтын, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін журналистика мамандығы бойынша тамамдаған. 1959-1960 жылдары Қостанай облысының мемлекеттік банкінде экономист-инспектор, бұдан соң Оңтүстік Қазақстан облысының Келес және Сарыағаш аудандық газеттерінде, сондай-ақ Қазақ КСР Ғылым академиясының экономика институтында кіші ғылыми қызметкер ретінде еңбек еткен. 1965-70 жылдары – «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде — әдеби қызметкер, 1970-1973 жылдар аралығында Қазақ ССР Министрлер Кеңесінде — референт, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Әдебиет, өнер және сәулетшілік салалары бойынша Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комиссияның жауапты хатшысы болып қызмет істеген. Кейін «Қазақстан» баспасында — редактор, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің қазақ әдебиет кафедрасында профессор, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық университетінің қазақ тілі кафедрасында профессор ретінде де оқытушылықпен айналысқан.
Қаламгер — сондай-ақ қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арнап жазылған бірқатар оқулық пен оқу құралдарының авторы. «Ежелгі түркі поэзиясы және қазақ әдебиетіндегі көркемдік дәстүр жалғастығы» деген тақырыпта 2001 жылы докторлық диссертация қорғаған.
Немат Келімбетов – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымының докторы, профессор, ҚР Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі, Күлтегін атындағы сыйлықтың, ЮНЕСКО аясындағы Еуропаның Франц Кафка қоғамы наградасының иегері. Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен, Украинаның «Почесна відзиака» («Құрмет белгісі») медалімен марапатталған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста