Таңдайынан бал тамған тенор еді...

Таңдайынан бал тамған тенор еді...

Талай жезтаңдай әншіні, дәулескер күйшіні, таңдайына жыр тұнған ақынды туғызған қазақ даласы ән салғанда дауысы алты қырдан асатын кең тынысты опера әншілеріне де кенде емес. Қазақтың Абайын,  Біржан-Сарасын әлемдік классиканың қатарына қосып, төл операмыздың жауһарына айналдыруда үлкен еңбек сіңірген өнер қайраткерлерінің есімі елеусіз қалмауы тиіс. Қадым ғасырлар қойнауынан бастау алатын ұлтымыздың аса бай ән өнерінде өзіндік орны бар, қазақ операсы мен классикалық музыкасының дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлғаларымыздың бірі – Байғали Досымжанов.

Жастық шағы соғыс жылдарымен тұс­па-тұс келген жауынгер жігіт өнер жолын май­дандарда ән салып бастап, соғыс аяқ­тал­ғаннан кейін өмірінің соңына дейін Абай атындағы қазақ мемлекеттік опера жә­не балет театрында еңбек етті.
Қазақ опера және балет театрының шы­мылдығын алғаш ашқан Е.Г.Бру­силовскийдің «Қыз Жібегінде» – Тө­ле­геннің, М.Төлебаевтың «Біржан — Са­ра­сын­да» – Біржанның, А.Жұбанов пен Л.Ха­ми­дидің «Абайында» Айдардың пар­тия­ларын ойнаған лирикалық-тенор да­уыс­ты әнші Байғали Досымжанов 1922 жы­лы Семей топырағында дүниеге келген. Жас­тайынан жетімдіктің дәмін сезіп өскен бала Байғали Ресейдің балалар үйінде тәр­бие­ленген. Кейіннен туған жерінің топы­ра­ғы тартқан болар, Байғали Алматыға келіп, музыкалық училищеге оқуға түседі. Одан кейін Мәскеу консерваториясы жа­нындағы қазақ студиясында білім алып, жоғарғы білімін Алматы консер­ва­то­риясында жалғайды. Өнері өрге жүзіп, ата­ғы шыққан шақтарда Байғали До­сым­жановтың шәкірттері гастрольдік сапармен Ре­сейге барады. Сол кезде оның балалар үйін­де бірге тәрбиеленген достары Қа­зақстаннан барған өнерпаздар арқылы өз­дері Боря деп атап кеткен әнші Байғалиға жа­рыса сәлем жолдайды екен. 
«Жиырма бес», «Бурылтай», «Ақ­ба­қай», «Сырымбет», «Айттым сәлем, Қа­лам­қас» сынды қазақ халық әндері мен ха­лық композиторларының әндерін наси­хат­таған Б.Досымжановтың әншілік өнері жо­ғары мәдениетімен, жарқын бояуымен, шы­найы терең тебіреністі өзіндік өрнегімен ерек­шеленді.
Байғали Досымжанов 1960 жыл­дан ре­жис­серлік қызметпен ай­на­лыса бастады. Ол Е.Рахмадиевтің «Қа­мар сұлуы» мен «Ал­­памысын», Бру­си­лов­скийдің «Қыз Жі­бе­гін», «Ама­нгелді» опе­ра­сын, З.Г.Ис­­­магиловтың – «Құ­да­ша», Д.Вер­­ди­дің – «Бал­мас­карад» т.б. спек­такль­дерді қой­ды. 1975-76 жылдары «Бір­жан-Сара» мен «Абай» опера­ла­рын Құрманбек Жан­дар­­­беков, Қа­на­бек Байсейітовтер қойып кет­кен дәс­түр­ді сақтай отырып, қайта сах­­­на­лады. Сөйтіп, қаймағын бұзбай өзі­нен ке­йінгі ұрпаққа жеткізді. 1975 жыл­дан Ал­маты консер­ва­то­рия­сы­ның опера­лық даяр­лық кафе­дра­сының меңгерушісі болды. До­сым­жанов көптеген дарынды әншілерді даяр­лап, көркемөнерпаздықты да­мы­туға үлкен үлес қосты. Өз зама­нын­да жұртшылыққа танымал болған «Қалам­қас», «Нұргүл» ансамбль­де­рінің қам­қор­шысы бол­ды. Үш мәрте Еңбек Қызыл Ту жә­не «Па­ра­сат» ор­де­німен, көптеген ме­даль­дармен ма­ра­патталған.
Ғафиз Есімов, Қазақстанның халық әртісі:
– Байғали Досымжанов – алғаш театрға келген жылдары Әнуарбек Үм­бет­паев деген халық әртісімен әріптес болып, кейіннен өзі де талай дарынды жастың өнердегі шырағын жандырған ұлағатты ұстаз. Ол кісінің есімі Мұқан Төлебаев, Күләш Бай­сейітова, Шабал Бейсекова сынды опера майтал­ман­да­рымен қатар аталады. Ол кісінің дауысы өте әдемі, өзі талдырмаш келген нәзік жан еді. Мен опера және балет театрына кел­мес бұрын Байғали ағаны Алматы кон­серваториясының опералық даяр­лық кафедрасының меңгерушісі болған ке­зінде алғаш көріп, ол кісіден дәріс ал­дым. Одан кейін 1975 жылдары Қорлан Қалиланбекова, Қанат Омар­баев, Рахима Жұбатырова, Қанат Құлымжанов секілді бір буын жас театрға келдік. Осы кезде Байғали аға Еркеғали Рахмадиевтің «Қамар сұлу» операсын осы бір топ жасқа ар­нап қойған болатын. Мен – Қа­мар­дың әкесі Омарды, Қорлан – Қа­мар­ды, Қанат – Ахметті, Қияқбай, Тұяқ­бай секілді майда рөлдерді Қанат Құлымжанов орындады. Сонымен бұл кісі біздің алғаш үлкен сахнаға шығуымызға көп еңбек етті. Бәкеңнің сол кездегі сары ауыз балапан әншілерді бірден үлкен сахнаға шығаруы батылдық болды деп есептеймін. Сахнаның дәмін татып көрмеген жастармыз ғой, май­да-шүйде рөлдермен жүре тұ­руға да болар еді. Дегенмен Бәкең осын­дай ерлік танытып, бізге үлкен рөл­дерді сеніп тапсырды. «Қамар сұ­лу» жап-жақсы спектакль болып шықты.
Бүгінде Байғали Досымжановтың көзін көрген, ол кісіден дәріс алған шәкірттері Бәкеңнің Республика сарайында мемлекет­тік тапсырыспен өтетін үлкен концеттерді қою­ға, ұйым­дастыруға өте шебер адам бол­ғанын ес­ке алады. Байғали Досым­жа­нов жұбайы Қа­зақстан және КСРО халық әр­тісі, театр жә­не кино актрисасы Хадиша Бө­кеева еке­уі қазақ өнеріне өмірлерін ар­наған жұп еді. Ұстаз үшін шәкірттерінің іші­нен бір тұлға жасап шығарудың өзі – үлкен же­тістік. Ал Байғали Досымжанов – бүгінде тек қа­зақ еліне емес, алыс шетелдерге танымал Нұр­жамал Үсенбаевадай әнші қызды тәр­биелеген ұстаз. Биылғы жылы Бә­кеңнің 90 жыл­дығы республика көле­мінде аталып өт­пек. Таяуда, 23 ақпанда сағат 18.30-да Ал­маты қаласындағы Абай атындағы Қа­зақ мемлекеттік академиялық опера және ба­лет театрында Байғали Досымжановты еске алу кеші өтеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста