Таңғажайып планета таңғалдырды

Таңғажайып планета таңғалдырды

Қарашаның 16-сы күні Астана қаласы әкімдігінің Қ. Қуанышбаев атын­да­ғы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрында жазушы, дра­матург Қуаныш Жиенбайдың «Таңғажайып планета» фантасмагориясы  бол­ды.
Режиссері – ҚР еңбек сіңірген қай­рат­кері Болат Ұзақов. Жетінші қойылымға дейін премьера болып есептелетінін ескер­сек, жұртшылық алдында туындының тағы бір мәрте тұсауы кесілді дей аламыз.
Қуаныш ЖИЕНБАЙ, автор:
– Астана әлемге танылды. Осы бір жат­танды тіркесті тым көп айтамыз. Біз әлі күн­ге сұлу қаланың сыртқы сұлулығына там­сану­мен келеміз. Мақұл, солай-ақ болсын, бірақ Астана тек көз тоймас көр­кі­мен ғана емес, адамдарымен де эталон болуы тиіс қой? Шығарма Астана туралы болғанымен, Астана жайында бірде-бір сөз қозғалмай­ды.  Жаңа планетада өмір сүретін адамдар­дың жаңа қауымдастығы қатарына ілігуге кім лайық, әңгіме, міне, сол хақында...  Аңыз секілді, бірақ ақиқат.

Расында, бір қарағанда ғана Астана секіл­ді көрінгенімен, «жаңа планета» кө­рерменді одан әлдеқайда терең ойға же­те­лейді. Тал бойында тозаңның түйіріндей міні бар адамды өткізбейтін «кеден» – та­ра­зы.  Яғни «шаң басқан ғаламшар жұртын шайып алса ғой, шіркін!» деген автордың ар­маны тіпті сонау ертедегі Асанқайғы бабамыздың желмаяға мініп, «Жерұйық» іздеп шарқ ұрғанын елестеткендей...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста