Танымал ақын Саят Әбенов науқас ұлы мен әйелін тастап кеткен бе? (видео)

Танымал ақын Саят Әбенов науқас ұлы мен әйелін тастап кеткен бе? (видео)

Торғайлық ақын Саят Әбенов науқас ұлы мен әйелін тастап кеткен, деп жазады sn.kz ақпарат порталы, журналист Дина Төлепбергеннің instagram парақшасына сілтеме жасап.

«Талай хит әндердің сөзін жазған ақын Саят Әбеновтің өз баласынан бас тартқаны рас па?

Жалпақ жұрттың ыстық ықыласына бөленген торғайлық айтыскер бұрынғы әйелінен һәм баласынан неге қашып жүр?

10 жастағы баланың еміне қыруар қаржы қажет. Ал ақын айына небәрі 20 мың теңге алимент төлейді. Неге бұлай? Жұлдыз табысын жасырды ма, әлде, алимент төлеуі тиіс балалары көп пе?» деп жазды Дина Төлепберген instagram парақшасында.

Тележүргізуші ақынның отбасына қатысты осындай тың мәліметті желіге жүктегені сол еді, әлеуметтік желі белсенділері жарыса пікірлерін жаза жөнелді.

Мәселен, бірі «ақ-қарасын ажыратпай жатып, адамды кінәлаудың қажеті жоқ» десе, енді бірі сөз маржанын тізген ақыннан мұндай сорақылықты күтпегенін жеткізген.

«Кінә ешқашан бір адамнан болмайды. Саятты енді іздеп, даулап жатыр ма? Осыған дейін қайда болды? Не істеп жүрді? Саят кішкене көтеріліп, жолы болып, бағы жанып жатқан кезде бұл әйел есі кіріп, пайда болып, осылай сайрап отқаны қалай? Ээхх, өмір ақша үшін не істетпейді десеңші! Дауласып, жылап, бүкіл елге шығып, осылай көзіңнің жасын сыққаннан кімге пайда? Одан да балаңа көңіл бөл!», «Мен бұл әйелге сенбеймін. Баланың әкесі осы САЯТ болса, қалай ғана тастап кетіп қалып, тұрмыс құрады? Түсінбедім», «Әйелі өтірік істеп отыр. Егер баласы ауру болса, басқа байға тиіп несі бар?», «Бұлардан бәрін күтуге болады! Елге ақыл айтып, елім деп жыр жазғанда Саятты бір керемет адам деп ойлайтынмын», «Кедей кезінде кетіп қалып, танымал кезінде пайда болуда. Ақша не істетпейді», «10 жыл бойы ай қарадың ба, қой бақтың ба? Шын болса, осы уақытқа дейін быт-шытын шығарып, давно жасайтынын жасар еді. Не ойлағаны бар екен бұл айелдің?», - деп жазды instagram желісін қолданушылар.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста