«Тақиялы періште 2″ фильміне актер керек
Осыдан бірнеше ай бұрын Қазақстанда Шәкен Аймановтың 48 жыл бұрын шыққан «Тақиялы періште» фильмінің жалғасы түсірілетінін хабарлаған болатынбыз. Енді режиссерлер Тайлақтың образын сомдайтын актер іздейді. Ана тілін жетік меңгерген, денелі, ұзын 23-30 аралығындағы жігіт қажет.
Картинаның екінші бөлімін кинематографист Марат Сәрсенбаев түсіреді. Ал екінші режиссер — Гүлбаршын Әбуева. Идеясын айтып, сценарийін жазған — Құсман Шалабаев. Жоба жеке адамдардың қаржысына түсірілмекші.
Сондай-ақ, түпнұсқада ойнаған Бибігүл Төлегенова және Шолпан Алтайбаева жалғасына қайта оралмақ.
baistars.kz
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу