"Тақиялы періште" фильмінің жалғасын көреміз...

"Тақиялы періште" фильмінің жалғасын көреміз...

«Жақсы әкенің даналығы жаман балаға мың жыл азық» демекші, кезінде қазақтың мықты кинорежиссерлері түсірген шоқтығы биік фильмдерді кейінгі режиссерлер күні бүгінге дейін азық етіп келеді. Қалың жұртшылық сүйсініп көрген фильмдердің сценарийін қаз қалпында алып, картинаның жалғасы іспеттес етіп түсіру үрдіске айналған. «Рэмейк» деп аталатын кинодағы бұл әдіс тек біздің ғана емес, жалпы әлемдік киногерлердің тәжірибесінде бар. Бұл туралы «Алаш айнасы» бұрын да талай рет жазған.

Рэмейк туралы тағы да әңгіме қозғауымызға келесі ақпарат түрткі болды. Жақын аралықта Қазақстанда Шәкен Аймановтың 48 жыл бұрын шыққан "Тақиялы періште" фильмінің жалғасы түсіріледі. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлады. "Қазақфильм" киностудиясында сонау 1968 жылы түсірілген картинаның екінші бөлімін кинематографист Марат Сәрсенбаев түсірмекші. Ал екінші режиссер - Гүлбаршын Әбуева. Идеясы мен сценарий авторы - Құсман Шалабаев. Жоба жеке адамдардың қаржысына түсірілмекші. Түсірілім тобы дайындық процесіне кірісіп кетті, түсірілім жұмыстары сәуір айында басталмақ. Сюжетіне келсек, көп жыл өткеннен кейін оқиға қайталанады, бірақ қалыңдықты география пәнінің мұғалімі Тайлақтың немересі іздейді.
"Тақиялы періште" фильмінің түсіріліміне бірінші бөлімінде ойнаған актерлер Әлімғазы Райнабеков (Тайлақтың ролінде ойнаған), Бибігүл Төлегенова және Шолпан Алтайбаева қатысады. Оларға Дәулет Әбдіғапаров пен Димаш Ахимов қосылады. Сонымен қатар, қазіргі уақытта бас кейіпкерлердің роліне жас актерлерге кастинг жарияланған.
Айта кетейік, "Тақиялы періште" фильмі анасының баласының бойдақ өміріне көңілі толмай, оған қалыңдық іздеуімен ғана емес, актерлердің тамаша ойынымен және Александр Зацепиннің "Ты куда, Одиссей" әнінің орындалуымен де есте қалды. Содан бері картина үлкендердің ғана емес, жастардың арасында да қызығып көретін кинокомедияға айналды.
Бұған дейін әуесқой режиссер Еркін Рақышев майталман режиссер Абдолла Қарсақбаевтың «Менің атым Қожа» фильмінің жалғасы ретінде «Менің де атым Қожа» атты фильм түсірген болатын. Алайда кейінгі Қожа бұрынғы Қожаға қай жағынан алып қарағанда да тіпті маңалай да алмаған. Оның себебін көзі қарақты көрермен өзі жақсы біледі.
Ал енді кезінде Әмина Өмірзақовадай біртуар талант иесінің көркем бейнесі, қайталанбас күлкісі сақталған фильмнің жалғасын түсірудің қаншалықты қажет екенін біз білмедік. Біздің киногерлер рэмейк жасаудың шебері Тимур Бекмамбетовке еліктесе керек, атақты картиналардың жалғасын түсіру арқылы атақтарын шығарқысы келе ме? Егер рэмейк сәтті шықса жақсы... Көпшілік көрермен рэмейкті қабылдай бермейді. Өз басым Ресейдің атақты режиссеры Эльдар Рязановтың «Тағдыр тәлкегі немес жеңіл буыңызбен!» фильмінің 2007 жылы Тимур Бекмамбетов түсірген рэмейгін картинаның атына бола көрдім, бірақ бәрібір фильмнің алғашқы нұсқасымен салыстырулар болды. Одан кейін де талай фильмдердің рэмейгін тамашаладық, бәрі бірдей сәтті шықты деу қиын. Әрине, кейбіреуі көрерменнің талғамына сай келіп те жатады. Дегенмен біздің режиссерлерге Шәкен Айманов, Абдолла Қарсақбаев, Сұлтан Қожықов секілді аты аңызға айналған режисссерлердің жұмысын қайталауда абай болған жөн-ау. Қазақ киносының тарихында аттары алтын әріппен жазылған актерлер мен режиссерлерді қайталаймыз деп мазаққа айналдырып алмасақ болғаны.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста