Таразда Балуан Шолақ тұғырға қонды

Таразда Балуан Шолақ тұғырға қонды

Жамбыл жерінде ғаламат бір ескерткіш бой көтерді. Ол—қазақтың халық композиторы, жауырыны жерге тимеген балуаны Балуан Шолақ Баймырзаұлына орнатылған алып мүсін еді.  Естеріңізде болса, күні кеше Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында балуанның 150 жылдығына орай «Еуразия барысы» халықаралық чемпионаты жалауын көтерген болатын.
Осыған орай, спорт аренаның тура алдында балуанның ескерткіші бой көтерген ұзындығы да, төменгі қабаты да бес жарым метрді құрайтын ескерткіште қазақ даласы алыбының кір тасын көтеріп тұрған бейнесі орын тапқан. Ескерткіштің ашылу салтанатында сөз алған облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев Балуан Шолақтың балуандық қырын, композиторлығын, ақындығын тіліне тиек етті. Бір бойына сан өнер дарыған күш атасы—Балуан Шолақтың тастан қашалған ескерткішін ашып берді. Жігерлі рух бар жерде жеңіс те бар дегендей ауыр атлетикадан 94 келі салмақ санатында әлем чемпионы Жасұлан Қыдырбаевқа жол талғамайтын автокөлік кілтін табыс етті. Сондай-ақ чемпионның бапкеріне 1 миллион теңге ақшалай сертификатын табыстады.
Кәрім КӨКІРЕКБАЕВ, Жамбыл облысының әкімі:
– Биыл облысымыздың жетпіс бес жылдық мерейтойы тойланғаны белгілі. Бабамызға деген құрметіміздің бір белгісі сынды бой көтерген бұл ескерткіштің Балуан Шолақтың 150 жылдығымен, облысымыздың мерейтойымен тұспа-тұс келгенін байқап тұрсыздар. Демек, біздің мерейтоымыз әлі де жалғасуда.
Бұл ескерткіш біз көрген сәулет өнерінің ішінде бөгенайы бөлек-ақ. Себебі, бір қолында домбыра, енді біріне салмағы атан түйеге жүк болар ауыр тасты ұршықша иірген Балуан Шолаққа көрсетілген жамбылдықтардың құрметы еді. Ескерткіштің ашылуы салтанатына Балуан Шолақтың немересі Шайдолла Шолақов та балуанның өмірін тіліне тиек етіп, бүгінгі қазақ күресі батырларының баба жолын абыроймен жалғауы қажеттігін нақты айтып өтті. Балуан Шолақтың тағы бір немересі Айбат Құдайбергенқызы да батыр бабасына деген тілегін білдірді.
Айбат ҚҰДАЙБЕРГЕНҚЫЗЫ, Балуан Шолақтың немересі:
– Ескерткіштің бой көтерген жері де көңілімнен шығып тұр. Бабамыздың балуан болғандығының айғағы іспеттес еліміздегі озық үлгідегі спорт кешендерінің бірі «Тараз аренаның» алдына орнатқанына қуаныштымын. Мұнда қазақтың сан толағайы жаттығып жатқанына шүбәм жоқ. Бабаның ескерткішіне қарған олардың бойында намыс оты лаулап жанары да сөзсіз. Бұл құрмет Балуан Шолаққа ғана емес, қазақ күресіне көрсетілген ілтипат деп білемін.
Ерекше арехтектуралық шешім көрініс тапқан тас мүсінде толағай денелі даңқты балуанның сом білегімен зіл батпан кір тасын көтеріп тұрған сәті бейнеленген. Иә, Тараз жұртшылығы ұлтық күрестің толағайына айрықша архитектуралық шешімі бар ескерткіш қою арқылы да бас иді, ізет көрсетті. «Өлі разы болмай, тірі байымайтынын» тағы бір мәрте еске түсірді.
Осы күні әулиеата жеріндегі аламанға 12 елден 160 спортшы қатысады. Олар: Әзербайжан, Грузия, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Польша, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан, Украина, Беларусь елдерінен келген кіл мықтылар. Ойын командалық жарыс форматында бес салмақ санатында өтті. Командалық жарыста балуандар бес салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. Қазақ күресінен Қазақстан Республикасының мемлекеттік жаттықтырушысы Марат Жақыттың айтуынша, халықаралық турнирге қазақ күресінен Азия және Әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысуда. Байрақты бәсекеде 8 мемлекеттің кіл мықтылары боз кілемнің көркін қыздырды.
Күні бойы шаршы кілемнің шаңын қаққан балуандардан  финалға шыққандар ішінен I орынды Абзал Арыстанбеков  және Хэрлэн Ганболд арасындағы кездесуде моңғол палуаны жеңіске жетті. II орын Цагаанбаатар Хашбаатар Қайрат Ағыбаевты жеңіп, өз құрамасының ұпайын еселеді. Ал, III орын Жарақат алған Дәулетхан Жақыповтың орнына шыққан Бегімхан Әділбеков  Давгадорж Монхбаттан ұтылды. Ұпай алғанымен, жартылай жеңіске мүмкіндік беріп қойды. IV орын үшін таласта Мұхит Тұрсыновтың жасаған айласы өзіне кері әсерін тигізіп жатты. Әр айлаға Цогтгэрэл Хуягт улы қарсы тәсіл қолданып, ұпайдан ұпай алды. V орынға шешуші кездесуде Айбек Нұғымаров Сугаржаргал Болдпурэв ұпай басымдылығымен жеңіске жетті. Биылғы «Еуразия Барысы» додасының жеңімпазы  Моңғолия құрамасы, вице – чемпион Қазақстан, үшінші орын Грузия құрамасында.
Жарыстың жалпы жүлде қоры - 100 мың АҚШ долларын құрап отыр. 
Бірінші орын алған командаға 50 мың АҚШ доллары сыйға тартылса, екінші орынға 30 мың АҚШ доллары ал үшінші орынға 10 мың АҚШ доллары берілмек. Сондай-ақ, басқа да командалар тиісінше, қаржылай сый-сияпатқа ие болады. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста