Тарихи тұлғаларымызды жас ұрпақ жақсы біле ме?

Тарихи тұлғаларымызды жас ұрпақ жақсы біле ме?

Жер-жаһанда сан алуан ұлт пен ұлыс бар. Олардың әрбірінің ардақ тұтатын тұлғалары да аз емес. Арғы-бергі шежіресі көне заманнан бастау алатын қазақтың да өзге жұрт алдында мақтан тұтатын қадірлі азаматы, құрметтейтін адамы жетерлік. Тіпті ат үстінде жүріп, дүниенің түкпір-түкпіріне ерен ерлік пен батырлықтың үлгісін көрсеткен жаужүрек бабалар да кезінде талай жұртқа танылды. Өкініштісі, бүгінгі ұрпақ солар жайында не біледі? Аз-кем мағлұмат алғаны болмаса, былайша айтқанда, сол атағы асқақ, абыройы биік ардақты тұлғалар жайлы мандытып ештеңе айта қоймасы анық. Қазір қайсыбір мемлекет те тарихын тереңнен толғап, елдің мақтан тұтар азаматтарын дәріптеуге ден қойып отыр. Біз ше? Әрі-беріден соң қазақ ұлты кеше ғана пайда болған жоқ қой. Өзге жұрт қызыға да қызғана қарайтын кең-байтақ өлкемізді бізге әлдекім тегіннен-тегін тарту ете салған жоқ қой. Әрине, бәрі де қасық қаны қалғанша қас жауына қарсы қолына қару алып, аттан салған ата-бабалардың түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай қорғауының арқасында емес пе?!
Ендеше, біз өр кеуде, өжет мінез, қай­сар қазақтың ұрпағы екенімізді неге дәріп­темейміз? Қазақ топырағынан даралығы­мен даланың данышпаны деп дәріптелген ғұламалар да шықты. Өкінішке қарай, оларды да өз деңгейінде насихаттай алмай келеміз. Бүгінде көгілдір экраннан түрік пен кәрістің телетоптамалары көрсе­тілуде. Әсіресе әйгілі Осман империясының қанат жаюына сүбелі үлес қосып, жауын­герлік рухта ғұмыр кешкен Сүлеймен сұл­тан жайындағы топтама тарихты тереңнен білгісі келетін тамам елдің қызығушылығын туғызып отыр. Бұл жайында талай пікір қайшылығы орын алғанымен, баһадүр жанның өмірі бейнеленген туынды көп­теген елде жоғары бағасын алды. Рас, біздің түрік тарихшылары мен режис­серлері бірігіп шығарған телетоптама туралы алып-қосарымыз жоқ. Айтарымыз, абыз даланың аңыздарына айналған өзіміздің жақсылар мен жайсаңдар жайлы осындай дүниелерді жарыққа шығаруға  неге көңіл бөлмей отырмыз?
Біздің дәуірден бұрынғы V ғасырларда өмір сүрген Тұмар ханым (Томирис) жаны нәзік болса да, қолына қару алып, ержүрек ұландарша дұшпанға тойтарыс берді. Төрт құбыланың тұтас билеушісі атанған парсы патшасы Кирге қарсы жорықта соғыстың көптеген айла-тәсілі арқасында оның тізесін бүктіріп, басын алған массагет ханшайымының ерлігі қаншама заман өтіп, біршама дәуірді артта қалдырсақ та, ұрпақтан-ұрпаққа ама­нат болып келеді. Сондай-ақ Ғұн им­периясының аты аңызға айналған билеу­шісі Еділ қаған (Аттила) адамзат тарихында орны ерекше тұлғалар­дың бірі болды. Одан бергі кезеңдегі Қорқыт атамызды түбі бір түркі жұрты ортақ тұлға санайды емес пе?! Ұлы ойшыл, жырау, қобызшы бабамыз тек қазақтың ғана мақтанышы ма? Көне Мысыр­да билік құрған, Мәмлүк мемле­кеті­нің төртінші сұлтаны атанған Бейба­рыстың атағы мен абыройы дүниежүзіндегі қай патшадан кем түседі? Отырар ғұламасы әл-Фараби өмірі де кинотуындыға сұранып тұр. Қазақ жерінде ислам дінінің қанат жаюына үлкен еңбек сіңірген Қожа Ахмет Ясауи жайында да әлі күнге дейін ешқандай дүниені көрген жоқпыз. Ертеде Шығыс елдерінің баһадүрі атанған Жалаңтөс батырды талай халық жақсы біледі. Самарқанда билік құрған Жалаңтөс баһадүр бабамыздың да ерлігін өзгенің алдында мақтан тұта аламыз. Одан бергі замандағы Қабанбай, Бөгенбай, Наурыз­бай, Қарасай сынды көптеген ержүрек батырды өз деңгейінде дәріптей алдық па? Қазақтың ойшылы атанған дана Абай­дың өзі талай киноға сұранып тұр емес пе?! Әрине, біз мұндай тұғырлы тұлғаларды айтып тауыса алмай­мыз.
Сайлаубай ЖҰБАТЫРҰЛЫ, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі:
– Мен кино саласында біраз жыл еңбек еттім. Біршама шетелдік фильмді тәржімаладым. Сондағы байқағаным: киноның әлдебір елдің ең үлкен үгіт-насихат құралы екенін ұқтым. Сондай дүниелердің бізде болмауына ішім ашиды, жаным күйзеледі, қараптан-қарап тоқырай­мын... Қай халықтың да өткен өмірін көрсетпей, өзгенің алдын­да беделі биік болмайды.

Жалпы, киноның адам өмірінде алатын орны ерекше. Барлық адам бірнеше том кітапты шұқшиып оқып шыға алмайды. Қазіргідей заманда жас ұрпақты отан­сүйгіштікке тәрбиелеуде осындай ізденіс­терге барғанымыз артық емес. Мұндай оңды қадамдарды түрік, кәріс және өзге де ұлттардың тыныс-тіршілігінен айқын байқап отырмыз. Сондықтан тұғырлы тұлғалар жайында жылына кем дегенде бір-екі телетоптама болмаса көркем фильм шығарып отырғанымыз артықтық етпейді. Ал жас ұрпаққа сондай батырлар, ғұлама­лар туралы анимациялық дүние­лерді шы­ғаруды ұмыт қалдырмауы­мыз керек.
Кезінде елдің есінде сақталып, жұрттың жадында жатталған кейбір ардақты азаматтар жайында кинолар таспаға басылды. Өз ұлтын шексіз сүйіп, өзге жұртпен терезесі тең болуын қалаған Абай жайында кинотуынды бұрынғы жылдарда жарыққа шықты да. Дегенмен Тәуел­сіздік алғаннан бері дала данышпаны атанған тұлғамыз жайында ешқандай дүние өмірге келген жоқ деуге болады. Сұлтан Бейбарыс бабамыз жайлы да кинотуынды көрермен қауымды көзайым етті. Алайда сол дүниелерді қайта толық­тырып, бүгінгі заман талабына сай етіп, қайта түсірсек. Өйткені ол кезеңде заман басқа, заң басқа дегендей, сол уақытта билік құрған Мәскеудегі атқамінерлер талабымен кейбір көріністер еріксіз қиылып тасталған да болуы мүмкін ғой.
Соңғы жылдарда елімізде тұғырлы тұлғаларға ескерткіштер қоюға мән беріле бастады. Құптарлық жағдай. Әйтсе де еліміздің ешбір қаласында ертедегі айтулы адамдарға арналған тасмүсіндер бой көтерген жоқ. Тек Қызылорда қаласында Қорқыт атаға арналған мемориалдық кешен көпшілік көзайымына айналды. Ал көне замандағы Еділ қаған (Аттила), Тұмар ханым (Томирис) секілді  талай тұлға ұмыт қалып тұр.
Мұрат НАСЫМОВ, саяси ғылымдар кандидаты:
– Бұл ұсыныстар – ойлантарлық мәселе. Расында, біздің тарихымыз ежелгі заманнан басталады емес пе?! Ендеше, сол кезеңде елді бастай білген тұғырлы тұлғаларды ұмыт қалдыруға болмайды. Тәуелсіз ел атанғанымызға ширек ғасырға жуықтап қалды. Сол себепті келешекте тарихи дүниелер шығаруға көңіл бөлгеніміз орынды болар еді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста