Тарихпен танысу

Тарихпен танысу

«Ел-шежіре» қайырымдылық қоры» ҚҚ-тың ұйымдастыруы­мен Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай «Тарихыңды таны!» атты экскурсия болып өтті. Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өткен атаулы шараға Алматы қаласындағы №8 балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысты.
Жетімдер үйінің тәрбиеленушілері ал­ды­мен Желтоқсан оқиғасының құрметіне қойылған ескерткішке барып тәу етті. Ұйымдастырушылар балаларға тәуел­сіздікке ұмтылған 1986 жылғы көтеріліс жайлы әңгімелеп берді. Мұнан кейін экс­кур­сия жұмысы Алматы қаласы тарихының музейінде жалғасты. Балалар музейдегі құнды жәдігерлерді көріп қана қоймай, өздері де өнерлерін ортаға салды. Ән ай­тып, өлең оқып, тіпті би де биледі. Мұнан кейін балалар 28 гвардиялық-панфи­лов­шы­лар паркі, Тәуелсіздік монументі және Жамбыл ескерткіштерінде болып, жазушы, жур­налист аға-әпкелерінің лебіздерін тың­дады.
Дидахмет Әшімханұлы, жазушы, «Ел-шежіре» қоғамдық қорының президенті:
– Тәуелсіздіктің 20 жылдығының шеңберінде өтіп жатқан бұл экскурсияның басты мақсаты – тарихи-мәдени мұралар­ды насихаттау және ұлттық патриотизмді күшейту. Қайырымдылық қор осы экс­курсия арқылы жетім балаларға патриоттық тәрбие беріп, жасөспірімдерге тарихи орындар мен мұражайларды аралатуды көздеген болатын. Біз осы бағытта жұмыс істеп, жетімдер үйінің тәрбиеленушілерін біраз жерлерге апардық. Бүгінгі шара осы ісіміздің бір парасы ғана.

Дәстүрлі түрде ұйымдастырылып тұра­тын шара аясындағы экскурсияларға, негі­зі­нен, Алматы қаласы білім басқармасына қарайтын жетім балалар үйлерінің және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балалары тартылуда. Жобаны жүзеге асы­ру барысында жасөспірімдер ел мен жер­дің және өздері тұратын Алматы қала­сының тарихымен танысуға мүмкіндік ала­ды. Бұған дейін мұндай экскурсия жұмысы үстіміздегі жылдың шілде айының екінші жұлдызында басталған. Алғашқы бағыт 1970 жылы «Алтын адам» табыл­ған Есік қорғанынан басталған. Ұйым­дастыру­шы­лардың айтуынша, бұл шара алдағы уақыт­тарда да жалғасын тауып тұрмақ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста