Тарихпен тілдескен ғалым

Тарихпен тілдескен ғалым

Ғылым жолын таң­да­ған­нан бастап, тағдыр маған та­лай қызықты да өнегелі, өзінің бүкіл ғұмырын ұлт мүддесіне арнаған ұлы адам­дармен кездесуді нә­сіп етті. Халқымызда «Қой асығы демеңіз, қо­лыңа жақса, сақа тұт, жасы кіші демеңіз, ақылы асса, аға тұт» демей ме? Сол айтқандай, әріптес бол­ған­дардың ішінде ақылы асқан іні де, арқа сүйеген аға да, замандастар да көп болды. Әсіресе мен үшін жас айырмашылығы бір мүшелдей болса да әріптес ағадан үлгі тұтар ұстаздай болып кеткен Ханкелді Махмұтұлы Әбжановтың орны бір бөлек.

Ізденіс жолдары
Ол кісі – болмысынан ұстаз-ғалым. Әсі­ре­се Қазақ елінің тарихын зерттеуге Хан­кел­ді Махмұтұлының қосқан үлесі ұшан-те­ңіз. Бірақ ол зерттеген, зерделеген ең­бектерін көпшілікке мақтаныш еткен емес, қай уақытта да сабырлы қалпынан ау­май, ғылымда өзінің сара жолымен сам­ғап келе жатқан азамат.
Х.М.Әбжанов 1953 жылы 11 қазанда Қа­рағанды облысына қарасты Жаңаарқа ау­данының орталығы Атасу елді мекенінде қыз­меткер отбасында дүниеге келген. 1971 жылы осы аудандағы Ақтау қазақ ор­та мектебін бітірген соң Қазақ уни­вер­си­те­тінің тарих факультетіне оқуға түсіп, оны 1976 жылы үздік дипломмен аяқтап шы­ға­ды. Ханекеңнің ғылыми жолы осы ке­зеңнен бастау алды десек қателеспеспіз. Себебі бірге оқыған жолдастары өздері сессияларын тапсырып, мәре-сәре болып, ка­никулға ауылдарына кеткен кезде Ха­не­кең­нің Алматыда қалып кітапхананың түп­сіз терең білім тұңғиығына түсіп, ты­ным­сыз ізденетіндігін әлі күнге дейін сүйсініп ай­тып отырады.
Еңбек жолын Целиноград инженерлік-құ­рылыс институтында философия және ғы­лыми коммунизм кафедрасының оқы­тушысы қызметінен бастайды. Көп оқи­тын, көп білетін, өзінің ойын көптің ал­дын­­да сабырлы да салиқалы жеткізе бі­­летін жас ғалымның алдында осы кезден бас­тап ғылымның тарау-тарау жолдары күтіп тұрған еді.
1977–1979 жж. Қазақ универ­си­те­тінде КСРО тарихы кафедрасының оқы­ту­шы­сы қызметін атқарып, 1979–1993 жж. ҚР ҰҒА Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, эт­но­графия және археология институтында қыз­­мет етіп, аға лаборанттан бөлім мең­ге­ру­шісіне дейінгі жолдардан өтеді.
Менің де Ханекеңмен алғашқы та­ныс­тығым осы кезде болды. Ғылым жолына түсіп, үлкен ғалымдардан кеңес алайын деген оймен тарих ғылымының игі-жақ­сы­лары жиналған осы институтқа келейін. Сол кездегі институт директоры Рамазан Бимашұлына кіріп, болашақ жұмыстарым туралы ақылдастым. Байқаймын, дәліз­де­гі терезенің алдында бір серігімен әңгі­ме­лесіп тұрған бұйра шашты жас жігітке әр­лі-берлі өткен үлкендер де, жастар да ерек­ше ықылас-ілтипатпен амандасып, тұ­ра қалып әңгімелесіп жатыр. Реті келіп, сол жерде жүрген бір ағаларымыз арқылы ме­нің де осы жігітпен таны­суым­ның сәті түсті. Міне, осы алғашқы таныстықтан-ақ Хан­келді Мах­­мұт­ұлы­ның ерекше бі­тімі, кез кел­ген мә­селеде ай­тар өзіндік ой-пі­кі­рінің бар екендігін аң­ғар­­дым. Осы та­ныс­тығым ке­йін­нен тағ­дыр­дың сы­йы­мен әріп­тес, аға-інілік қа­тынасқа ұлас­ты.
1992 жылы Абай атын­дағы Қазақ ұлт­тық пе­дагогикалық универ­си­те­ті­нің тарих фа­культетінің жа­­нынан шығыстану және ар­­хивтану мамандықтары ашылды. Ар­хив­тану ма­ман­дығының ашылуы та­рих­на­ма және деректану ка­фе­дра­сын ұйым­дас­ты­руға не­г­із болды. Бұған 1993-1999 жылдары Хан­келді Мах­мұтұлы бас­шы­лық жа­сап, рес­пу­бли­када тұңғыш рет жоғары білімді ар­­хив­та­нушы ма­ман­дар­ды даяр­лау ісі қолға алынды. 1997 жы­лы қа­зақ жо­ғары мектебінің қа­ра ша­ңырағы са­на­латын уни­вер­ситеттің 70 жыл­ды­ғы жо­­ғары дең­гей­де ата­лып өтіп, бұл шараға ел Пре­зи­денті Н.Ә. На­зар­баев келіп қа­тыс­ты. Міне, осы ме­рей­той қарсаңында ұжым­да қыз­мет жасап жүрген Ханекең уни­вер­си­тет­тің ал­дына 70 түп шырша отыр­ғызып, олар бү­гінде тек университет емес бүкіл қа­ла­мыздың бір бөлігінің сәнін келтіріп тұр­ғанын айт­сақ та артық болмас.
1999-2009 жж. – Л.Н.Гумилев атын­дағы Еуразия ұлттық университетінің про­фес­соры, кафедра меңгерушісі, уни­вер­ситет құрамындағы «Еуразия» гу­­­­­мани­тарлық университет ғылыми ор­та­лы­ғы директорының орынбасары қыз­мет­те­рін атқарды. 2009-2011 жж. Мемлекет тарихы институты директорының бірінші орын­басары, 2011 жылдың мамыр айы­нан Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және эт­нология институтының директоры, 2013 ж. 28 ақпанда ҚР ҰҒА коррес­пон­дент-мүшесі болды.
70-жылдардың ортасында Р.Б.Сү­­лей­м­еновтің жетекшілігімен ұлт мә­дениеті мен зиялыларының тарихын зерт­теуге ден қойды. Ғалым ретінде қа­лып­тасуы Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының қабырғасында өтті. Мұнда кандидаттық және докторлық дис­сертацияларын сәтті қорғады, ака­де­миктер М.Асылбеков, К.Нұрпейіс, О.Ыс­ма­ғұлмен бірлесіп жазған мақалалары баспасөз беттерінде жарық көрді.
Шынайы Тәуелсіздікке қол жеткізген еге­менді ел болу үдерісі барысында жа­ңарған жариялылық пен демократия, та­рих ғылымына өміріміздің бүгіні мен ке­ле­­шегінің заңдылықтарын зерттеп, қоғам да­­муының басты үрдістерінің болжамын жа­саумен айналысуына ғылыми негіз бер­ді. Тарихшылар қауымы зерттеулердің жа­ңа методологиялық негіздерін іздес­ті­ріп, оның теориялық негізін жасауға кі­ріс­ті.
Зерделі еңбектің жемістері
Ғылым тазалыққа негізделгенде ғана ол өз мұратына жетеді. Осы уақытқа дейін Ханкелді Махмұтұлының алдын көрген жас ғалымдар оның шынайы тазалығын, ғылым үшін жаратылған ұстаз-қайраткер екендігін сүйсіне айтады. «Данышпан әл-Фараби игіліктерінің классификациясын жа­сай келе қайырымдылықтың екі түрі: этикалық және интеллектуалды болып бө­лі­нетінін ашып беріпті. Интеллектуалдылар – бұл жанның зерделі бөлігінің қайы­рым­дылықтары, олар: данышпандық, зерде, ой­дың ұшқырлығы, түсінгіштік. Этика­лық­тар – бұлар жанның талпынысқа бай­ла­нысты бөлігінің қайырымдылықтары, олар: ержүректілік, жомарттық, әділет­ті­лік...» – деп жазады. Осының соңғы үш­та­ғанында қайнап жанған ғалымның ұлт­қа, жерге, руға бөлінудегі ойы мен талабы бір басқа.
Х.М. Әбжанов – 600-ге жуық ғылыми жә­не ғылыми-көпшілік зерттеудің, оның ішінде 10-нан астам монографиялық еңбектің және оқу құралдары мен оқу­лықтардың авторы. Бұларда ел мен жер­дің мәдениеті мен интеллигенциясының та­рихи тағдыры, мәселені зерттеудің теория­лық-методологиялық негіздері жә­не ұстанымдары жан-жақты ашылып көр­сетілген. Отан тарихын дәуірлеудің, ұлттық идея мен тұлғатанудың өзекті мә­се­лелері зерттелген. Байырғы түркі қо­ға­мының тарихи ой-санасы, әлеуметтік-мә­дени құндылықтары, қазақ зиялылары тарихының бастапқы кезеңі, кеңестік Қазақстан мәдениетінің эвфемистік болмысы, мәдени мұра және Тәуелсіздік тағылымы мен тәжірибесіне қатысты зерттеулері, ой-түйіндері, тұжырымдары та­рих «ақтаңдақтарын» жоюға қосылған ба­ға жетпес үлес болды. Еңбектері қазақ, орыс, ағылшын, араб, қытай, ұйғыр, тү­рік, т.б. тілдерінде жарық көрді.
Х.М. Әбжановтың жетекшілігімен 15 ғы­лым докторы, 40 ғылым кандидаты даяр­ланған. Абай атындағы Қазақ ұлттық педа­го­гикалық университетінің жанындағы «Ғы­лым мен техника, мәдениет және өнер» ма­мандықтары бойынша диссертация қор­ғататын диссертациялық кеңес төрағасы болды. Осы диссертациялық кеңесте елі­міз­дің кейінгі жас буындары өздерінің кан­ди­даттық, докторлық диссертацияларын қорғап, ғылымның үлкен жолына түсті. Әр жыл­дары докторлық диссертация қор­ға­татын диссертациялық кеңестің мүшесі, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақы­лау комитетінде тарих ғылымдары бо­йын­ша са­раптау кеңесінің төрағасы болды. ҚР Үкі­меті жанындағы мемлекеттік ономас­ти­ка­лық ко­миссия мүшесі, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері бойынша Қазақ­стан­дағы Ұлттық ко­мис­сия мүшесі, «Отан та­рихы» ғылыми жур­на­лының бас редакторы, Қа­зақстан та­рих­шы­лары Ұлттық Конгресі төр­а­ғасының орынбасары сияқты аса жа­уап­кер­шілікті жүктейтін қызметтерді ат­қар­ды.
Аса білімдар азамат, ұлт тарихын зерт­теген бірегей ғалым, Қазақ еліне танымал ұстаз, жаратылысынан жақсылық жасауға ғана ұмтылған кішіпейіл әріптес Ханкелді Мах­мұтұлының ұзақ жылғы еңбегі де елеу­сіз қалған емес.
Ол «Қазақстан Республикасының ғы­лы­мын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс-бел­­гі­сімен, «Қазақ тілінің жанашыры» Құрмет бел­гісімен, «ЖОО үздік оқытушысы» мем­лекеттік грантының иегері атағымен, «10 жыл Астана» медалімен, «Қазақстан Рес­публикасының Тәуелсіздігіне – 20 жыл», «Халық революциясына – 90» (Моңғолия) мерекелік медальдарымен марапатталған.
Конфуций «Ақылсыз адам жұрт мені білмейді деп ызаланады, ақылды мен жұрт­ты білмеймін деп қиналады» деген екен. Сол айтқандай, қанша құрмет пен марапатқа ие бол­са да, Ханекең халқым үшін жаса­ға­ным­нан жасамағаным көп деп алаңдайды. Бәл­кім, өз елінің патриоты, баға жетпейтін аза­мат ағаның ұлылығы да осында болса керек.
Әрине, санамалай берсе, бүгінде ас­қа­ралы 60-қа толып отырған ғалымның ал­ған асу­лары да, тарихқа қосқан үлесі де қо­­мақ­ты. Бүгінгі таңда Қазақ елінің та­ри­хына қайта көңіл бөліне бастауы Ханекеңнің екін­ші ты­нысын ашқан секілді. Ол уақыт сұранысына сай қазақ халқының сан қырлы тарихына жа­ңаша көзқараспен қайта үңіле бастады. Ен­деше, Ханкелді Махмұтұлының бо­лашақта талай жаңалықты ашып, тари­хы­мызға тың жол саларына сенеміз.
Ғабит КЕНЖЕБАЕВ, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің проректоры, тарих ғылымының докторы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста