Тарихты танытқан – «Тәңір жарылқасын»

Тарихты танытқан – «Тәңір жарылқасын»

Тарихымыздың қайнар көзі көк Тәңірге сиынып, Еуразия халықтарының басын біріктіру мақсатында көне түркі бабаларымыз құрған алғашқы мемлекеттері мен империяларынан бастау алады. Бабаларымыз мінген тұлпарлар тұяғының дүбірі бар, көне түркінің киесі бар топырақ біз біле бермейтін талай сырды бүгіп жатқаны белгілі. Бүгінде әйгілі қолбасшы Шыңғыс ханның ізі қалған осынау өлкені ауыздығымен алысқан тұлпармен емес, темір тұлпармен аралауға мүмкіндік туған заман. Осы мүмкіндік­терді оңтайлы пайдалана білген белгілі режиссер Рүстем Әбдірашев бастаған топ аталған өңірге ғылыми-танымдық саяхат жасап, «Тәңір жарылқасын» атты деректі фильм түсіріп қайтты.
Осыдан 20 жыл бұрын Еуразия кіндігінде Қазақстан атты тәуелсіз мемлекеттің қалып­тасуы қазақ халқының көптеген ғасыр­лық арманының жемісі еді. Бүгінгі бақытты ұрпақ жүйіткіген жүйрік уақыттың қатпар­ларына жасырылған өз елінің тарихын қан­шалықты біледі? Тарихшы ғалымдар, шы­ғармашылық адамдары бас қосқан жиындарда үстел басындағы әңгімеден аспай қалатын, кей-кейде дау туғызатын көне тарихымызды тың­ғылықты зерттеуге, экс­педициялар ұйым­дастыруға келгенде екінің бірі тәуекел ете бермейді. Ал тарих – біреулерден естіген болжамға емес, нақты фактіге сүйенетін ғы­лым. Осы орайда өзінің шығармашылық қызығу­шылығын үлкен маңызды іске айнал­дырып, жанына азулы мамандарды жиып, экспедиция ұйымдастырған Рүстем Әбдірашев тарихы­мыздың зерттелуіне өзіндік үлес қоса білді. «Қаладан келген қыз», «Құрақ көрпе», «Ста­линге сыйлық», «Балалық шағымның аспаны» атты фильмдерімен есімін ел таныған режиссер Рүстем Әбдірашев деректі фильм түсіруде де өзін тағы бір қырынан көрсетті.
Режиссердің айтуынша, деректі фильм­дердің табиғаты өзінше бөлек. «Бұл –  ке­ңес заманында идеологияның сөзін сөйлеу құралы ретінде қалыптасқан жанр. Қазіргі телевизия заманында деректі фильм жаңаша табиғатын тауып келеді. Сондықтан мұндай ізденістер бір орында қалмайды деп ойлаймын», – дейді жоба авторы.         
Рүстем Әбдірашев, режиссер:
– Біз жаздың күні осы саяхатқа аттанарда алдымызға қойған мақсатымыз, жүру бағытымыз айқын болғанымен идеямыздың қаншалық­ты жүзеге асатынын сенімділікпен айта алмаған едік. Міне, енді нақты нәтижеге жеткеніміз үшін шексіз қуаныштымыз. Мұндай ұзақ сапарға саяхат жасау, ғылыми-танымдық зерттеу жүргізудің оңай шаруа емес екені айтпаса да түсінікті ғой. Сондықтан да мен, ең  алдымен, осы жобаға қолдау көрсеткен жанашыр­лар­ға басымды иемін. Жобаның бас демеушісі «Алаш Медиа Групп» медиа холдингінің директоры Батыр Қазыбаевқа, Mitsubishi Motors сауда белгісімен «Рольф Импорт Қазақстан»,  «СBC» компанияларына,  Amanat Insurance компаниясына ерекше алғыс білдіремін.  

Мұрат Әуезов, жобаның рухани жетекшісі:
– Рүстем Әбдірашев бастаған экспедиция жүріп өткен жол маған жақсы таныс. «Шыңғыс ханның ізімен» саяхатшылардың сапарға шығатынын  білген күннен бастап, экспедиция мүшелерінің жиындарына қатысып, көрген-білгеніммен бөлістім, қолымнан келгенше көмек­те­суге тырыстым. Саяхатқа бірге бармасам да, экспедициялық топқа рухани жетекші болу мен үшін үлкен мәртебе болды. Қазіргі Моңғолияның территориясы – көне ескерткіштерге өте бай, тарихқа тұнып тұрған өлке. Сон­дық­тан батыстан күн шығысқа қарай мұндай саяхатқа шығу туралы идея­ның өзі қолдауға тұрарлық. Жай ғана қыдырып қайтпай, тарихи жер­лер мен ескерткіштерді көзбен көріп қайтуға деген ынта сапардың күрде­лілі­гіне қарамастан, экспедиция мүше­лерін жігерлендіре түсті деп ойлай­мын. Бұл жақсы бастама болашақта да жалғасын табатынына сенімім мол. Осындай ұлтымыз үшін қажетті тари­хи-танымдық, ғылыми саяхат­тарға қашанда жанашыр болуға әзірмін.

Қырым Алтынбек, суретші-жаңғыртушы:
– Мен экспедицияның мүшесі ретінде осы жобаны ұйымдастыру­шы­лардың еңбегі елерліктей екенін айтқым келеді. Көшпенді халықтың рухы бар даланы жүріп өткен бұл саяхатымыз тарихымызға тануға қосылған тың үлес болды десек болады. Қазақ үшін маңызы зор мұндай экспедицияға қатысып, бабалар жұтқан ауамен тыныстап, топырағын басып, шаңын иіскеп, айтып жеткізе алмас  әсермен оралдым. Ұлы даланың әрбір тасына жазылған тарих біздің зерттеуімізді күтіп үнсіз жатқандай. Ал сапары­мыз­да кезіккен, тілдескен адамдарымыз көптен бері көрмеген туыстарымыз секілді. Ата-бабаларымыздың аруағына сиынып, көне түркінің туын желбіретіп шыққан саяхатымыздың ойдағыдай аяқталғанына, нәтижесінде тарихымыздың бір парасы деректі фильм ретіне таспаға түскеніне шүкіршілік етемін.      

Батыр Қазыбаев, «Алаш Медиа Групп» медиа-холдингі бас директоры:
– Өткен жылдың жазында алғаш рет Рүстем бастаған экспедициялық топпен танысып, олар өз идеяларымен бөліскенде біріншіден, ақпараттық қолдау көрсетуді ұйғардық. Өйткені ұлтымыз үшін, тарих үшін  маңызды дүниені жарыққа шығару – біздің парызымыз. Білікті мамандардан құралған экспедициялық топ көпшіліктің үмітін ақтап, өте қызықты, сапалы  материалмен оралды. Менің ойымша, деректі фильмді тамашалаған адам ондағы тарихи фактілерді, сапар барысындағы қызықты оқиғаларды көріп, бейжай қалмасы анық. Сапасы жағынан аталмыш деректі фильмді тіпті  шетелдік арналарға ұялмай ұсына аламыз деп ойлаймын.

Күні кеше экспедициялық топтың жар­ты жылдық еңбегінің жемісі «Тәңір жарыл­қасын» атты шағын-шағын бес бөлімнен тұратын деректі фильмі алғаш рет БАҚ өкілдеріне көрсетілді. Деректі фильмді көргенде экспедиция мүшелерімен Алма­тыдан бірге шығып, Моңғолияға барып қайтқандай әсер алдық. Алыс жолдың ой-шұңқырларынан мүдірмей жүруге арналған алты көлік жүйткіп жүрген жол қызықты әрі есте қаларлықтай болды. Экспедиция Жетісу және Шығыс Қазақстан тарихи орындарында, атап айтсақ, Тамғалы тас, Есік қаласында табылған Алтын адам қорғаны, ежелгі Талхир және Қойлық қалашықтарында бастау алды. Қазақстан мен Ресейдің шекарасын өткен топ Сростки ауылына ат басын тіреді. Бұл ауылда кеңес жазушысы және белді режиссер Василий Шукшин дүниеге келген. Сондай-ақ таулы Алтайдың тамаша табиғаты, ондағы көне түрік, ғұн және сақ дәуірінен қалған көптеген ескерткіштер, қорғандар мен тас жазбалар саяхатшыларды тамсандыра түсті. Алтай Республикасының Қосағаш ауы­лында, Моңғолияның Баян өлгей қаласында тұратын этниалық қазақтар Қазақстаннан барған қонақтарды ерекше ықыласпен қарсы алды. Қандастарымыз­дың құрметіне Тәуелсіздігіміздің 20 жыл­дығына орай түсірілген Рүстем Әбдірашев­тің «Балалық шағымның аспаны» фильмі көрсетілді. Сондай-ақ ұлттық әуендер мен әндерінен құралған тамаша концерт қойылды. Саяхаттың қатысушысы Әсем орындаған «Туған жер» әні шалғайдағы қандастарымыздың көзіне жас үйірілтті.
Экспедиция қатысушылары көне түрік өркениетімен етене жақын танысып, әскери қолбасшы Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк ескерткіштері, Түрік қағанаты астанасы Орда-Балық қаласы, Жыланды бекінісі, Шыңғыс хан империясының астанасы Қарақорым қаласы және басқа да ежелгі тарихи ескерткіштерді аралап қайтты. Тарихи-ғылыми экспедицияда білімдерін толықтырып, білгендерін өзгелерге үйретуге жанын салғандардың арасында белгілі суретші-жаңғыртушы  Қырым Алтынбек, Нидерланд корольдігінің азаматы, тюрколог және рабист Роберт Эрмерс, шығыстанушы Нәпіл Базылхан, қобызшы және этнограф ғалым Ерлан Сәбитов, кинорежиссер Сәбит Құрман­бе­ков, танымал рок-әнші Әсем, фотосурет­шілер Рүстем Рахымжан, Карла Нұр және басқалар болды. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста