Тартысты өткен Құрылтай табысты аяқталды

Тартысты өткен Құрылтай табысты аяқталды

Көптен бері қазіргі әде­би ортада қызу пікірта­ластар мен түрлі дау-да­май­лардың өзегі болып кел­ген Қазақстан Жазушы­лар ода­ғының кезекті XIV құрылтайы кеше Алматы­да­ғы Қазақтың мемлекеттiк опера және балет теат­рының үлкен залында тартысты өтті. Құрылтай жұмысына республикамыз бойынша Жазушылар одағына мүше 777 жазу­шының 550-ге тарта мүшесі арнайы келіп қатысты.
Алматыдан өзге аймақтардан шақы­рыл­ған барлық делегаттың жол қаражаты мен өзге де шығындары Жазушылар ода­ғы­ның тікелей араласуымен жергілікті әкімдіктер мен бірқатар демеуші тарапынан қарастырылды. Таңғы сағат 9.00-де делегаттарды ресми тіркеуден басталған құрылтай жұмысы 18.30-да бір-ақ аяқ­тал­ды. Жазушылар одағының төрағасы, Мем­лекеттік сыйлықтың иегері Нұрлан Ораза­лин өзі ашып, жүргізген Құрылтай­ға Мемлекеттік хатшы Мұхтар Құл-Мұ­хам­мед, Президент Әкімшілігі бөлім бас­тығының орынбасары, көрнекті жазушы Әлібек Асқаров, ҚР мәдениет және ақ­парат вице-министрі Арман Қырық­баев, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов арнайы қатысты.
Жазушылар съезінде алғашқы болып сөз алған Мемлекеттік хатшы Мұхтар Аб­рарұлы: «Қаламгер қауым әрқашан ниеттес болып, қоғамның пікірін білдіруі, ха­лықтың дауысы болуы керек. Өйткені барлық мемлекеттік идеология жазушылар шығармашылығының өзегі арқылы танылады», – дей келе Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан жазу­шыларының кезекті XIV құрылтайына қаты­сушыларға жолдаған құттықтау хатын оқып берді.
Бұдан соң екі Құрылтай аралығын­дағы атқарылған іс-шараларды қамтыған кең көлемді есепті баяндама жасаған Жазушылар одағының басқарма төрағасы Нұрлан Мырқасымұлы Мемлекет басшы­сының ұлт әдебиетіне, қалам ұстаған шы­ғармашылық иелеріне үнемі қамқорлық жасап отырғанын баса айтып, қай кезең­де де шығармашылық ұйымға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп отырғанды­ғын тілге тиек етті. Баяндама барысында шы­ғармашылық одақ төңірегінде бұған дейін әр жерден айтылып жүрген алып­қашпа әңгімелер мен орынсыз қаралау­ларға дәлелді де дәйекті, анық та түсінікті нақты жауаптар берілді. Қалай болған күнде де қоғамдық ұйым саналатын Жазушылар одағының өз қызметін тиісті заңдар шеңберінде, өз жарғысы аясында әділ әрі таза атқарып келе жатқандығы айқындалды. Тіпті шығармашылық ұйым­ның қаржылық іс-құжаттарын тексерген арнайы комиссиялар да одақтың бүгінгі игеріп отырған ісінен ешқандай да кінә­рат таппаған. Десек те, құрылтайдың шыр­қын бұзып, мінберге шыққандардың сөзін бөліп-жарып, арагідік залдан ай­қай­лап, сөз сұрап төрге ұмтылып, шу шығарған да қаламгерлеріміз болды. Ондайлар, өздері мүше Жазушылар одағы­ның беделіне нұқсан келтірмесе, Құрыл­тай жұмысына бәлендей серпіліс бере қоймады. «Оразалинге қарсы топ» деп айдар тағылған айғайшылар тіпті келелі жиынның соңына дейін байыз таппай, залдан дауыс көтерумен болды.
Әйтсе де жиын тізгінін ұстап отырған төраға Нұрлан Оразалин құрылтай жұмы­сын өз ретімен, белгіленген регламент бойынша үйлестіре білді. Құрылтайдың түске дейінгі бөлігінде негізінен әр әдеби жанр бойынша және одақтың аймақтық филиалдары жұмысына қатысты жауапты адамдардың қысқаша есептік баяндамалары тыңдалды. Алайда түскі үзілістен кейін қаланың жарты бөлігінде белгісіз себептермен жарықтың сөніп қалуына байланысты опера театрындағы «одақ­тың қойылымы» төрт сағатқа жуық уақыт кейінге шегерілуге мәжбүр болды. Құ­рыл­тай жұмысының екінші бөлігі қалаға қайта жарық берілген соң ғана жалғасты. Онда негізінен жарыссөздерге кеңінен орын беріліп, ашық пікір айтушылар мен сынаушыларға да барынша мүмкіндіктер берілді.
Жиын соңына таман арнайы Қаулы қабылданып, 147 қаламгерден тұратын басқарма мүшелері сайланып, көрнекті қазақ қаламгері, Мемлекеттік сыйлық­тың иегері Қалихан Ысқақтың ұсыныс білдіруімен Нұрлан Оразалиннің кандидатурасы Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағалығына қайта ұсы­ныл­ды. Жазушылар тарапынан өзге кан­дидаттар ұсынылмағандықтан, сайлау құқығына ие басқарма мүшелерінің дауыс беруімен Нұрлан Мырқасымұлы 100 пайыздық көрсеткішпен бір ауыз­дан Қазақстан Жазушылар одағы бас­қар­масы төрағалығына қайта сайланды. Жаңа төраға ретінде мінбеге қайта көтерілген Нұрлан Оразалиннің ұсыны­сымен ақын, Халықаралық «Алаш» сый­лығының иегері Ғалым Жайлыбай – Қазақстан Жазушылар одағы бас­қарма төрағасының бірінші орынбасары, ақын, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері Жанарбек Әшім­жан және ақын, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Маралтай Райым­бекұлы Басқарма төрағасының орынбасарлары болып сайланды.
Бексұлтан Нұржекеұлы, жазушы, «Жалын» баспасының директоры:
– Жазушылардың құрылтайы кеңе­сіп, ақылдасып, мәселе шешуге ұмты­лыс білдіретін жиын. Сондықтан да бос сөзді төрге оздырып, бүгінгі шы­ғар­машылық одақтың басшысының жеке басына қатыс­ты жөнсіз айып тағуларды доғару керек. Біз ең алдымен әдебиет жайында пікір алмасып, қаламгер қауымының алдында тұрған көптеген проблеманы шешу жолдарын қарастыруымыз керек. Кітап пен қаламақы жайын айтатын болсам, осы құрылтайдан кейін бірқатар жазушы мен баспагерлер бас қосып, жоғарыға тиісті ұсыныстарымыз бен нақты жобаларымызды ұсынайық. Құр бекер бір-бірімізді даттап, қаралап, жаға жыртысқанша, нәтижелі іске жұмы­лайық. Қазақ әдебиетінің болашағын қаламгер өзі ойламағанда, кім ойлайды?!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста