Татарстанды таңғалдырған Тасқын

Татарстанды таңғалдырған Тасқын

Жуырда Қазанда Татарстанның Мәдениет министрлігі мен Н.Г.Жиганов атындағы Қазан мемлекеттік консерваториясының ұйымдастыруымен Н.Г.Жиганов атындағы І халықаралық композиторлар байқауы өтті. Қазақ топырағы, Орал қаласында дүниеге келген татар кеңес композиторы, КСРО Халық әртісі Нажип Гаязұлының туғанына 100 жыл толуына орай өткен ауқымды байқауда қазақстандық дарынды екі жастың айы оңынан туды. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының магистранты Тасқын Жармұқамет ІІ жүлдеге ие болса, П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының аспиранты, қазақ қызы Әйгерім Сейілова ІІІ жүлде биігінен көрінді. Қытайдан келіп, қазақы бояуы қанық «Шоқан ізі» атты симфониялық туындысын шығарып, Қазақстанның абыройын асқақтатқан Тасқынды әңгімеге тартқан едік.

– Тасқын, жүлдеңіз құтты болсын! Бай­қауда жүлдеге ілінген шығармаңыз еліміздің сахнасында орындалды ма?
– «Шоқан ізі» атты симфониялық поэ­мам был­тыр консерваторияны бітірерде ди­плом­дық шығармам болды. Ерболат Ах­ме­дияровтың дирижерлігімен мамыр айында консерваторияның үлкен залында Алматы мемлекеттік симфониялық ор­кестрі орындады. Дәл сол кезде Қаршыға Ах­медияров дү­ние­ден өтіп, жетісі беріліп жат­қан. Қаршыға аға­мыз да бұл шығар­ма­ны сахнаға шы­ға­ра­мыз деп, ұлы Ерболат та сөз бергендіктен, ауыр қайғыны ар­қа­лап, дирижер пуль­тін­де тұрды. Сол бей­не­­тас­паны Татарстанға жі­берген едім. 2-ші ке­зең­ге өтіп, шақырту ал­дым. Москва, Пе­тер­бург, Уфа, Та­тарс­тан қала­ла­рынан 45 жас­қа де­йінгі ком­по­зи­торлар қатысты. Бай­қау енді дәстүрлі түр­де бес жылда бір өтпекші.
– Көбіне қай жанр­да жазасыз?
– Консервато­рия­ның композиция ма­ман­дығында оқыған соң, камералық, во­кал­дық, ұлт аспаптар оркестріне арналған шығармалар жазуға тура келеді. 2008 жы­лы кон­сер­ва­то­рия­ның сту­денттерінен құ­рал­ған ұлт-аспаптар ор­кес­трі Астана, Көк­ше­тау, Үрімжі қа­ла­ла­рына барғанда, «Өнер сапары» деген кү­йімді орындады. Не­гізі, ән жанрынан гө­рі аспаптық музы­ка­ға, әсіресе ұлт ас­пап­тарына жуықпын.
– Ауылда өскен баланың класси­ка­лық музыкаға бет бұруы сирек кез­де­се­ді ғой, бұл саланы қалай таң­да­ды­ңыз?
– Әке-шешем – күй шерткен адамдар. Кіш­кентайымнан мені домбыраға бау­лы­ды. Домбыра тарта жүріп, музыкаға келдім. Қы­тайда Жуңгуо Көркем өнер институтының му­зыка факультетін, музыкатану маман­ды­ғы бойынша бітірдім. 2004 жылы Қазақ­стан­ға келдім. Сол жақта алған ма­ман­ды­ғым бойынша Чайковский атындағы Ал­маты музыкалық колледжінде сабақ бе­ремін. Ал композиция мамандығын Құр­ман­ғазы атындағы Қазақ ұлттық кон­сер­ва­ториясында алдым, ұстазым – Ақтоты Ра­­йымқұлова апай. Шетелдің музыкасын қа­­зақша сөйлету арманым болды. Кино­фильм­дерде көбіне симфониялық ор­кес­тр­мен шығармалар орындалады. Н.Ті­лен­диевтің «Қыз Жібек» фильміндегі жоғары деңгейдегі қазақы бояумен анық, керемет туындылары ұлт-аспаптарының көмегімен орындалды. Сондай музыка жазсам ба деген арманым бар.
– Киноға музыка үшін киногер­лер­мен жұмыс істеп жатқан боларсыз?
– Бұл салада біраз тұйықтаумыз. Бір­ден атақты режиссерлермен жұмыс істеп кете алмаспын. Дегенмен өзімдей жас жі­гіт­термен, Өнер академиясының жас буын режиссерлерімен жұмыс істеп жүр­мін.
– Татарстанда жүлдеге іліккен «Шо­қан ізі» симфониялық дастаныңыз қа­лай туды? Шоқанды зерттеп жүр ме едіңіз?
– Шоқанның шығармалары Қытайда қо­лыма тимеді. Қазақстанға келген соң, таңдамалы шығармаларын оқып шықтым. Отыз жас ғана ғұмырында қазақ үшін сон­шама іс тындырып кеткен ондай адам дү­ниеде жоқ шығар деп ойладым. Ата-анам да оның еңбегін үлгі етіп айтып отыратын. Алтынемелдегі мұражайына, қабірінің басына барып қайттым. Шоқандай қай­та­ланбас тұлғаның жүрген жолын бей­не­лейтін шығарма жазсам деген ой келіп, 2007 жылдардан бері зерттеп, да­йын­да­лып, осы туындымды шығарған едім.
– Рақмет. Шығармашылық табыс ті­лейміз!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста